Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арифметикалық орта

23 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық орта
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сандардың арифметикалық ортасы, ауытқу өзгерісі, модасы туралы мағлұмат беру, есеп шығару
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту.
3. Тәрбиелілік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа,
жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ой - қозғау, жуан - жіңішке, кестемен жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, сызғыш, компьютер

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту
а) Сәлемдесу
ә) тренинг "Күн шуағы"(Оқушылар қағаз қиындыларынан күннің бейнесін кескіндейді)
- Жарқыраған күннің шуағын көріп, келер күнге қадам басу әрбір адам үшін үлкен бақыт. Оқушылар әрбір күндерің шуақты, бүгінгі сабақтарың сәтті өтсін.
б) оқушыларды түгендеу,
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару
г) "Алғашқы қадам" үй тапсырмасын тексеру
№886, 887

ғ) "Ой - қозғау"(сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашу)
А Р И Ф М Е Т И К А Л Ы Қ О Р Т А

1. Бөлшек неден тұрады?
2. Екі баласы, екі әкесі 3 алманы тең қалай бөліп жейді? (Атасы, баласы, немересі)
3. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
4. Ұшақ А қаласынан В қаласына 1 сағат 20 минут ұшады да, кері қайтарда 80 минут ұшады? себебін түсіндір. Екеуі тең. (1 сағ 20 минут=80 минут)
5. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
6. 4 пен 5 - тің арасына қандай таңба қойғанда 4 - тен артық 5 - тен кіші сан шығады?(үтір 4, 5)
7. Аралас сан неден тұрады?
8. Үш пар ат 30 км - ге шапса, әр ат қанша км шабады? (30 км)
9. Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырамыз?
10. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
11. Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз?
12. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай қосамыз / азайтамыз?
13. Барлық қабырғалары тең фигура? (шаршы)
14. Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қалай қосамыз / азайтамыз?
15. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?
16. Кері сандардың көбейтіндісі неге тең?
17. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады? Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

ІІ. Мағынаны тану.
а) "Жаңа сабақ - жаңа белес"(Тақырыпты түсіндіру)
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп олардың қосындысының мәнін осы сандардың санына бөлгенде шыққан бөліндінің мәнін айтады.

Сандардың арифметикалық ортасы = (сандардың қосындысы)/(қосылғыштар саны)
Мысал: Сыныпта 4 оқушы оқиды. Олардың бойлары 157 см, 142 см, 136 см, 136 см.
Оқушылардың орташа бойын табайық.
Ол үшін оқушылардың бойларының өлшемдерін қосып, 4 санына бөлеміз.
(157+142+136+136)÷4=571÷4=142, 75≈143
Жауабы: 143 см
Ең үлкен және ең кіші міндерінің айырымы ауытқу өзгерісі деп аталады.
Ауытқу өзгерісі=ең үлкен сан - ең кіші сан
Мысал: 157 см, 142 см, 136 см, 136 см берілген қатар бойынша оқушылар бойының өзгеріс
ауқымын табыңдар.
Берілген қатардың ауытқу өзгерісін табу үшін ең алдымен ең үлкен мән мен ең кіші мәнді тауып аламыз. Сонан соң ең үлкен мәннен ең кіші мәнді азайтамыз.
Ең үлкен мән - 157, ең кіші мән - 136.
157 - 136=21
Жауабы: 21
Берілгендер қатарында ең көп қайталанатын сан немесе шама мода деп аталады.
Мысал. 157 см, 142 см, 136 см, 136 см сандар қатарынан моданы табу керек.
Сандар қатарының модасын табу үшін, қатарда ең жиі кездесетін санды аламыз.
157, 142, 136, 136. Сандар қатарында ең көп 136 саны кездеседі, яғни берілген сандар қатарының модасы 136 - ға тең.
Жауабы: 136

ә) Алғырлық кілті(Оқулықпен жұмыс). Оқушылар фигураларды таңдау арқылы шығаратын есептердің номерлерін алады.
Шаршы - №889
Пойыз бірінші сағатта 62 км, екінші сағатта 63 км, үшінші сағатта 64, 5 км, ал төртінші сағатта 67, 5 км жол жүріп өтеді. Пойыздың орташа жылдамдығын табыңдар.
(62+63+64, 5+67, 5)/4=257/4=64, 25
Жауабы: 64, 25
Цилиндр - №890
Мұрат балық аулауға барғанда 3 балық ұстады. Біріншісінің салиағы 0, 125 кг, екіншісінікі - 0, 205 кг, ал үшіншісінікі - 0, 18 кг. Балықтардың орташа жылдамдығын анықтаңдар.
(0, 125+0, 205+0, 18)/3=0, 51/3=0, 17
Жауабы: 0, 17
Конус - №891
Жәшіктегі апельсиндердің салмағы 21 кг. Егер жәшікте 125 апельсин болса, онда 1 апельсиннің орташа салмағы қанша?
21/125=0, 168
Жауабы: 0, 168
Тіктөртбұрыш - №892
12 тг; 148 тг; 326 тг; 700 тг;
78 т; 326 кг; 760 кг;
160 мин; 1 сағ 60 мин; 2 сағ; 200 мин;
17, 3; 0, 73; 173, 1; 17, 31 сандарының ең үлкен және ең кіші мәнін көрсетіңдер. Ауытқу өзгерісін есептеңдер.

Шешуі: 1) 700; 12. 700 - 12=688
2) 78000; 326. 78000 - 326=77674
3) 200; 120. 200 - 120=80
4) 173, 1; 0, 73. 173, 1 - 0, 73=172, 37
б) "Ғажайып кесте"
Плакатта ежелгі грек ойшылы әрі математигі Пифагордың сандар туралы айтқан пікірін, цифрларды қазақ алфавитінің әріптердің ретімен алмастыру арқылы оқуға болады.
Қосымша тапсырма: ауытқу өзгерісі мен модасын табу.

Жауабы: "Бар болмыстың бастамасы - сан".
Ауытқу өзгерісі 37 - 1 =36
Мода - 1
в) Қосымша есеп
6 қадамның ұзындығын өлшеңдер. Бір қадамның орташа ұзындығын табыңдар.

ІІІ. Толғаныс
а) "Жуан - жіңішке"
1. Бірнеше санның арифметикалық ортасы қалай табылады?
2. Берілген сандардың ауытқу өзгерісі деген не?
3. Сандардың модасы қалай табылады?
ә) "Лездік тапсырма" (үй тапсырмасын беру).№888, №893.
555 - 547=8
136 - 128=8
824/103=8
976/122=8
853 - 844=9
963/321=3
б) "Шешуші сәт" (Бағалау). Әр тапсырма сайын оқушыларға беріліп отырылды. Сабақ соңында жинаған ұпайлары қосылып, қосылғыштар санына бөлініп ((5+4+3) /3=4), оқушылар өз бағаларын шығарады.
в) Қорытындылау.
Құрметті ұстаздар сабағымды бабаларымыздың сөзімен аяқтағым келеді:
"Бір бала әкеден кете туады,
Бір бала әкеге жете туады,
Бір бала әкеден өте туады",
- дегендей өзімізден өте туатын оқушыларды тәрбиелейік.
38 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, тәрбиелеу.
Сандардың арифметикалық ортасы, модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы
Сандардың арифметикалық ортасы, модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы
Сандардың арифметикалық ортасы, модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы туралы есептер шығарамыз.
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын есеп шығаруда қолдана білу, талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысын табуға есептер шығара алу, тарау бойынша алған білімдерін толықтыру.
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Ж. Кереев атындағы орта мектебінің мұғалімі Меңдіғазиева Г.
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығарту
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығарту
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×