Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ - ғасырдың жас математигі

29 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Математика
ХХІ - ғасырдың жас математигі (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
білімділік: күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған білімдерін тереңдету;
дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік: шапшаңдыққа, сабырлылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, математика туралы сөздер, кестелер
“Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек” (М. В. Ломоносов)
“Математика - барлық ғылымдардың бекзадасы, оның сүйіктісі - шындық, сәні - қарапайымдылық пен айқындылық” (Ян Снядецкий)
“Ақын жанды болмаған адам математик те бола алмайды» (С. В. Ковалевская)
“Жақсы шығарма жазу үшін творчестволық қиял қандай керек болса, геометрия есептерін шығару үшін сондай қиял керек” (А. С. Пушкин)

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім:
І - тур: “Бәйге”
ІІ - тур: “Полиглот”
ІІІ - тур: “Ғажайып үштік”
ІV - тур: “Көкпар”
V - тур: “Жорға”
VІ - тур: “Шешендік өнер”
ІІІ. Қорытынды

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Негізгі бөлім:
І - бастаушы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 9 сыныбында өткелі отырған «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтан емес сен, қаталдансың,
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән - математика атанғансың!- дей келе, ортаға сайысқа қатысушыларды шақырмас бұрын сайыс барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділ қазылар тобымен таныстырамыз.

ІІ - бастаушы: Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей - ақ тараса озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау!
Сәт сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық,
Көрсетіңдер өнерді, қалмаңыздар жасқанып, - деп ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

І - бастаушы: Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын
Басталады «Бәйге» атты сайысың,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын,- дегендей

І - тур «Бәйге» турын бастаймыз.
Ойын шарты бойынша әрбір қатысушы берілген сұрақтарға тез жауап беру керек. Әр дұрыс жауап қа 10 ұпай беріледі

І - тур: “Бәйге”
1. “Алгебра” деген сөз қандай сөзден шыққан? (“ал - джебр” - қалпына келтіру)
2. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик (Әл - Фараби)
3. Әріпті өрнекті енгізген ХVІ ғасырдың көрнекті математигі (Француа Виет (1540 - 1603))
4. Квадраттық функцияның графигі (парабола)
5. Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб)
6. Квадрат теңдеу анықтамасы (ах2+вх+с=0)
7. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
8. Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сан (екі)
9. “Трапеция” сөзінің қазақша мағынасы қандай? (грекше”трапедзион”- ас үстелі)
10. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы

І - бастаушы: Ұлылардың ұрпағымыз кешегі
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Тіл өнері» сайысына қатысып,
Жұмбақтарды кім үш тілде шешеді?
«Полиглот» - тіл өнері сайысында жұмбақтың шешуін дәл тауып, үш тілде жазу керек(қазақ 10, орыс 20, ағылшын 30 ұпай). Осы турдан соң ұпай саны аз екі оқушы шығарылады.

ІІ - тур: «Полиглот»
1. Алды - артымыз шексіз де,
Жете алмайсыз біздерге.
Сәуле менен кесінді,
шыққан тегін білсін де.
(түзу – прямая – straight)

2. Бір шеңберді бір шеңбер,
Көтеріп тұр білсеңдер.
(cегіз – восемь – eight)

3. Біз – санбыз, сызықпен бөлінген.
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық болып көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.
(бөлшек – дробь – fraction)

4. Бойы бір қарыс,
Сиып тұр 25 арыс.
(сызғыш – линейка – ruler)

5. Алтын терек, он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ.
(жыл – год – year)

6. Сырт - сырт соғады, уақыт озады. (cағат – часы – clock)

7. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.
(кітап – книга – book)

І - бастаушы: Ал шәкірттер алды артын оңдасын,
Шешілмеген сұрақтарың қалмасын.
«Ғажайып үштік» сайысында,
Сұрақтарды алда тұрған таңдасын
Бұл сайыста 3 х10, 3 х20, 3 х30 ұпай бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар өз таңдаулары бойынша сұрақтарға жауап береді. Аз ұпайы бар екі оқушы ойыннан шығарылады.

ІІІ - тур «Ғажайып үштік»

10. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
10. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
10. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, сан неше есе өседі? (11 есе)

20. Қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең екі сан. (5; 3)
20. Ешқандай амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр. (999)
20. 4 қасқыр 4 қойды 4 сағат жейді. 10 қасқыр 10 қойды неше сағат жейді? (4 сағат)

30. Трапецияның табандары 5, 6 м және 2, 4 м. Трапецияның диагоналдары оның орта
сызығын қандай кесінділерге бөледі?
30. Функцияның анықталу облысын табыңдар:
30. теңдеуін шешіңдер

І - бастаушы: Тағы келді сыналар шақ айналып
Тереңіне білім - теңіз бойланып.
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр
Алдарыңда «Көкпар»туры күтіп тұр
Бұл сайыста үш пән бойынша таңдаған сұраққа жауап беріледі. Аз ұпайы бар екі оқушы ойыннан шығарылады.

ІІІ - тур «Көкпар»
Математика - әдебиет
10. Нәрселерді санағанда,
Керек бізге ауадай.
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан жағыңа қарамай?
(Натурал сан)
20. Математик бір ғалым,
Бірмүшеліктен іріктеп,
Үшеуін қосып топ құрды.
Атын жайып әлемге,
Топтың көңілін тоқ қылды,
Екі алып ол топты,
Нөлге теңеп жоқ жоқ қылды.
(кв. теңдеу)

30. Кітаптың әр бетінде 35 жол бар Оның әр жолында орта есеппен х таңба бар бар. Кітаптың әр бетіндегі таңбаларды бірдей деп есептегенде оның 10 бетінде неше таңба бар? (350х таңба)

Математика - тарих
10. Жазықтықта координаттар жүйесін енгізген ғалым? (Р. Декард)
20. Біздің эрамызға дейін ІІІ - ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі,
“Бастамалар” деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)
30. Ең алғаш тікұшақтың жобасын жасаған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен айналысқан, бірақ дүние жүзіне басқа жетістіктерімен танылған адам? (Леонардо да Винчи)
Математика – жаратылыстану

10. Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма?
20. Жер шарындағы алты материктің қайсысы пішіні жағынан үшбұрышқа ұқсайды?
(Оңт. Америка)
30. Теңіз суында 5% тұз бар. 40 кг теңіз суында 2 % тұз болу үшін оған қанша тұзсыз су қосу керек?
40 ⋅ 0, 005=2
2: 0, 02=100, 100 - 40 = 60 жауабы: 60 кг тұзсыз су
І - бастаушы: Жақсы сөзге жүрегі жай табатын
Өз ойын дәлелдеп, нақты айта алатын.
Сөз мәнерін мәйегіне келтіріп,
Шешендер бар ортаға шыға алатын,- деп келесі «Шешендік өнер» сайысын бастаймыз. Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, шешендігін көрсетеді.

Әділ қазылар алқасы барлық тур бойынша оқушыларды бағалап, «ХХІ - ғасырдың жас математигі» марапатталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әй, осы математика...сайысы
Әй, осы математика...сайысы
Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдалана біледі. Әрбір оқушыға сапалы терең білім беріледі. Ақпараттық құралдар арқылы алған білімдері толықтырылып бекітіледі.
Атақты математик ғалымдар
Атақты математик ғалымдар
Атақты математик ғалымдар өміріне шолу арқылы олардың еңбектерін білу. Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған білімдерін тереңдету;
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару
Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×