Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Процент тақырыбын қайталау

09 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Проценті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Проценттерді есептеу біліктіліктері мен дағдыларын пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ақпаратты сыни көзқараспен ой елегінен өткізе алу, түсіндіре алу, бағалай алу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: темекінің зияны туралы кең мағлұмат ала отырып, өмірдегі жаман әдеттерден бойын аулақ салуға, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдай алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Интеграциаланған сабақ.
Сабақтың әдісі: Ақпараттық және проблемалық, дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған слайдтар, баспасөз материалдары, тест материалдары, бағалау жетондары, презентация.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Сабақтың тақырыбын ашу.
ІІІ. Қорытындылау.
ІҮ. Бағалау.
Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз «Мемлекеттік емтиханға дайындықтың жолдары» атты мектебімізде өтіп жатқан математика пәні мұғалімдерінің аудандық семинары аясында өткелі отыр.
Алдымызда үлкен сыналар шақ келіп тұр. Осы сынға сапалы дайындалу, жалпы өмірдің әр түрлі кезеңіне сақадай сай болу үшін алдымен бізге денсаулық керек екен!
Бүгінгі сабағымыздың алғы сөзі ретінде мына қанатты сөзді алып отырмыз:
Өмірдің өз формуласы бар, ол - денсаулық...
Адам өміріне қатерлі аурулар: Өкпе рагі, өкпенің қабынуы, жүрек қан тамырларының ауруы, тыныс жолдарының ауруы темекінің кесірінен болады екен. Темекінің зияны туралы не білеміз? Темекі тарту керек пе, әлде өмір сүру керек пе? Осы сұраққа жауаптарды «процентті қайталаймыз» тақырыбындағы сабағымыздан іздеп көрелік. (проценттің анықтамасы, санның процентін табу, проценті бойынша санды табу ережелері қайталанады.)

• «Қандай ғылым болмасын онда қанша математика болса, соншама шындық болады» И. Кант
Оқушы: Темекі түтінің құрамында адам организіміне зиянды улы заттар өте көп: Олардың ең бастылары никотин, синиль қышқылы, азот, эфир майлары және өкпе рагіне душар ететін радиоактивті элементтер. Ең улысы – никотин.
1 - тапсырма:
1 тал темекіде 2 процент никотин, синиль қышқылы никотиннің 1% тең болса, шылым шайыры никотиннен 7, 5 есе көп болса, көміртегі тотығы шылым шайырының 3/5 – іне тең болса, осы зиянды заттардың темекі құрамындағы процентін табыңдар.
Дәрігер:

Мұғалім: Осы зиянды заттардың әсерінен темекі шегушілер әр түрлі аурулармен ауырады. Соған қарамастан неліктен темекі тартады екен деген сұрақ туындайды. Әсіресе жасөспірім кезден темекі тартуды бастайды. Статистикалық мәлімет бойынша жасөспірімдердің арасында темекі тартатын ұлдар 60 %, қыздар 40%.
2 - тапсырма:
Егер мектепте 120 ұл, 160 қыз болса, темекі шегетіндердің санын анықтаңдар.
Мұғалім: Осы темекі шеген оқушылар қандай зардап шегеді деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Сыртқы түрлері бұзылады, көру, есту қабілеттері кемиді, ішкі ағзалары бұзылады, ашуланшақ, сабырсыз болады, сабақ үлгерімдері төмендейді.
3 - тапсырма:
20 адамнан тұратын темекі тартқандарына 3 - 4 жыл болған топты тексерген де олардың 70% eki түрлі аурумен, қалғандары аурудың бір түрімен ауратыны белгілі болған. Қаншасы аурудың екі түрімен, қаншасы бір түрімен ауратынын анықтаңдар.
4 - тапсырма:
Темекі тартатын жасөспірімдер өз өмірін 15% кемітетінін біле ме екен? Қазақстандағы өмір сүрудің орташа ұзақтығы 66 жас болса, темекі тартатын балалардың өмір сүру ұзақтығын анықтаңдар.
Оқушы: Көп жағдайда темекі шегетін адамдар тек өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да кесірін тигізеді екен. Темекі тартатындардың жанұясында дүниеге келген балалар аурушаң, ашуланшақ болды екен.
5 - тапсырма:
Дүниеге келген сәбидің орташа салмағы 3 кг 500 гр болу керек. Егер әкесі темекі тартса, оның салмағы 125 гр кеміп, ал анасы тартса 300 гр кеміп туылады екен. Дүниеге келген сәбидің неше процентке салмағын жоғалтатынын есептеңдер:
А) әкесі тартса.
Б) анасы тартса.

Мұғалім: Бүкіл дүниежүзі темекімен күресуде көптеген елдерде қызмет орындарында балалар мекемелерінде темекі тартуға рұқсат етілмейді. Жұмыс беруші темекі тартатын адамды жұмысқа қабылдамауы немесе жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін.

6 - тапсырма:
Егер темекі тартатын хатшы 1 бетте 1000 таңбаны басқанда 4% қате жіберетін болса, барлығы қанша қате жіберетінін табыңдар.
Мұғалім: Сонымен жұмыстан неге шығарып жіберетіні түсінікті болған, болар.
Үй тапсырмасын тексеру: (зерттеу бетшесі арқылы темекі тартатын адамның жанұя бюджетіне келтіретін шығынын есептеу)
Мұғалім: Сонымен процентті есептеу арқылы темекінің қаналықты зиян екеніне көзімізді жеткіздік.
• «Теорияны білетін, бірақ оны іс жүзінде қолдана алмайтын адамдар моторсыз машина сияқты» В. Карпинский
Мұғалім: Енді осы білімімізді тест тапсырмаларында қалай қолданып жүрміз?
Оқушылар алдарындағы тест тапсырмалары бойынша процентке берілген есептердің шығару жолдарын ауызша талдайды.
Мұғалім: Өткен аптада өткен № 30 орталықтың тест тапсырмаларын кейбір есептерді тақтаға шығарайық.
Есепті шығарып жауабын тексергенде дұрыс жауаптың артынан «Темекі шегу – азап шегу» деген сөйлем шығады. Осы жерде «Бұған кім кінәлі?» деген сұрақ қойылып оқушылар өз ойларын айтады.
• «Ешкім де өзіне – өзі баға беруді үйренбей тұрып басқаларды бағалай алмайды» И. Гете
Оқушылар сабақты түрлі - түсті жетондар арқылы бағалайды.
Қызыл түс – Мен сабаққа қанағаттандым, сабақ мен үшін пайдалы болды, сабақта айтылғандар мен орындалған тапсырмалардың барлығына түсіндім, мен сабақта жақсы жұмыс жасадым.
Жасыл түс – Сабақ мен үшін қызықты болды, мен белсенділікпен қатыстым, белгілі бір дәрежеде мен үшін пайдалы болды, орнымнан жауап беріп кейбір тапсырмаларды орындай алдым, сабақта мен өзімді жақсы сезіндім
Сары түс – Мен сабақта айтылғандардың не туралы екенін онша түсіне қоймадым, бұл мен үшін қажет емес, жауап беруге дайын болмадым.
Үйге тапсырма: тест тапсырмаларымен жұмыс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Темекі шегудің денсаулыққа зияны жөнінде – математика тілімен (Туындыны қайталау)
Темекі шегудің денсаулыққа зияны жөнінде – математика тілімен (Туындыны қайталау)
Туындыны таба білу дағдылары мен практикалық білімдерін шыңдау; Салауатты өмір салтын насихаттау, шылым шегудің денсаулыққа зияны туралы білімдерін кеңейту;
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Ж. Кереев атындағы орта мектебінің мұғалімі Меңдіғазиева Г.
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің математика пәні мұғалімі Жанибекова Алия
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылындағы В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бердигожанова Нурлан Шаймардановна
Процент. Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу
Процент. Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу
Сабақтың мақсаты: Бірінші сан екінші санның процентін таба білу дағдыларын бекіту; Міндеттері: • Білімділік – тақырып бойынша септер шығарту арқылы оқушылардың білімдерін, дағдыларын пысықтау;
Математиканы оқыту – кеше, бүгін, ертең. Жетістіктер мен кемшіліктер
Математиканы оқыту – кеше, бүгін, ертең. Жетістіктер мен кемшіліктер
Пәні Математика Сабақтың тақырыбы: Математиканы оқыту – кеше, бүгін, ертең. Жетістіктер мен кемшіліктер. Сабақтың мақсаты: Болашақ жас мамандардың өз ісіне қызығушылығын ояту, ізденіске, зерттеумен айналысуға бағыт - бағдар беру. Қателіктерден бойын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×