Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау – білім анасы

15 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау – білім анасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың жыл бойына алған білімдерін пысықтауға арналған пысықтау есептерін шығару, жүйелеу, бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіре түсу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды алға ойған мақсаттарына жетуге, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдістері: талдау, тестік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекіліктері: геометиялық фигуралар, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, сөздер.

Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын пысықтау /тест/
III. Жаңа сабақ
1. Ұжымдық жұмыс «Есеп шығарайық»
2. «Кім жылдам?»
3.«Біліміңе қарап өзіңді таны»
4. «Кел, ойланайық!»
5.«Ойла шапшаң» Сөзжұмбақ шешу
IV. Бекіту.
V. Бағалау.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық. Оқушыларға бір - бірінің қолдарынан ұстатып, сабаққа сәттілік тілеу.
II. Үй тапсырмасын қайталау мақсатында тестік жұмыс.
Тест
1. Өрнектің мәнін тап:
2800 санын 14 пен 5 - тің көбейтіндісіне бөл.
а/ 30
ә/ 40
б/ 50

2. Теңдеуді шеш.
1600: (х+ 100) = 4
а/ 400
ә/ 200
б/ 300
3. 2 тәулік =... сағат
а/ 22 сағат
ә / 48 сағат
б/ 24 сағат
4. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10 см, ені 8 см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.
а/ 80 см
ә/ 70 см
б / 60 см
/Жұмыстарын оқушылар өздері бағалайды/

III. Жаңа сабақ. 1 - тапсырма: Ұжымдық жұмыс «Есеп шығарайық»
а/ Бір қаладан шыққан жүк машинасы 60 км/сағат жылдамдықпен жүрді. Ал одан 3 сағат кейін оған қарама – қарсы басқа қаладан шыққан жеңіл машина 90 км/сағат жылдамдықпен жүрді. Егер екі қаланың арасы 780 км болса, жеңіл машина кездескенге дейін жолда неше сағат болды?
Шарты: Жүк маш. жылд. – 60 км/сағ
Жеңіл маш. жылд. – 90 км/сағ
Ара қашықтығы – 780 км
1 маш. уақыты -?\
2 маш. уақыты -? 3 сағ. кейін
Шешуі: 60х3= 180 км
780 - 180= 600 км
60+90 = 150 км
600: 150= 4 сағ.
Жауабы: Жеңіл машина кездескенге дейін 4 сағат жолда болды.
ә/ 30 метр арқанның бестен бір бөлігін кесіп алды. Арқаннан неше метр кесіліп алды.
Шарты: Арқанның ұз. – 30 м
Кесілгені -? 5/1
Шешуі: 30: 5 = 6м
Жауабы: Кесілгені 6 метр.

IV. Сергіту сәті «Кім жылдам?»
2 – тапсырма: Логикалық есептер шешу.
а/. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер Омашқа
Қалды сонда неше алма? / 24 алма /
ә/. Аулада бес үйрек
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды
Бір үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? / 6 үйрек /
б/. Көлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез табады? / 25 қаз /
3 - тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар
« Біліміңе қарап өзіңді таны». Амалдарды орындау.
1 - деңгей: ( 225+30) х4 - 2100
2 - деңгей: 2592: 72 + 12007 = 12043
3 - деңгей: 980081+(341640 - 1263х109)=1184054
4 - тапсырма: «Кел, ойланайық» Теңдеулерді шешу
1 - деңгей: 63 - х=100: 5
63 - х =20
Х= 63 - 20
Х= 43
2 - деңгей: 875: 25=а+20
35=а+20
35=а+20
а=35 - 20
а=15
3 - деңгей: 67343 - х=701
х =67343 - 701
х=66642
5 - тапсырма: «Ойла шапшаң» Сөзжұмбақ шешу
Ұлы неміс математигі Карл Фридрих Гаус «Барлық ғылымдардың атасы... – деп бір пәнді атаған екен.» Сол пән қай пән екенін табу үшін сөзжұмбақты шешіп көрелік.
а/. Азайтудың ижесі қалай аталады? /айырма/
ә/. Тоғыз ондықты атаңдар? /тоқсан/
б/. Бір аптада неше күн бар? /жеті/
в /. Бір аптаның соңғы күні қалай аталады? /жексенбі/
г /. Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығының қосындысы. /периметр/
ғ/. Палетка не үшін керек? /аудан/
д/. Көбейтудің нәтижесі қалай аталады? /көбейтінді/
ж/. Сұйықтықты немен өлшейді? /литр/
з/. Оқу жылының алғашқы айы қай ай? /қыркүйек/
и/. Барлық қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны ата. /шаршы /
Ерекшеленген әріптерді оқу /математика/
- Ендеше, бар ғылымның атасы – математика пәні екен, балалар.

V. Ғылымның сырына ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сендей өренді
Математика сырына – деп сабағымызды қорытындылаймыз.
VI. Бағалау /Әркім өзінің қолындағы фигураларын санау арқылы бағаланады/.
8 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Оқушылардың есептей білу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін пысықтай түсу, көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.
Алгебрадан сабақ жоспары (11 сынып)
Алгебрадан сабақ жоспары (11 сынып)
Қызылорда облысы, №112 орта мектептің математика пән мұғалімі Сайдалиева Айзада
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Кайдакова Жанат Бекболатовна Математика Сабақтың тақырыбы: Пысықтау Дүниетану Сабақтың тақырыы: Ұлу Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай «Жақсы мен жаман»
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×