Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімділер додасы

14 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Білімділер додасы
Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану және математика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың ойлау қабілеттерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу; өзара қарым - қатынас пен сыйластық қасиеттерін сіңіру.
Көрнекілігі: компьютерлік, интерактивті тақта, секундомер, т. б.
Жоспары: І. Кіріспе. (ұйымдастыру, мақсатын айту, өту барысымен қысқаша таныстыру)
ІІ. Негізгі бөлім. (кезең бойынша сайыстар)
ІІІ. Қорытынды. (жеңімпаздарды анықтау, марапаттау)

Барысы: Әр жарыстың өз шарты болады. Білімділер додасын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолдарымен бастағым келіп тұр:
Шартым осы,
Осыған шыдайсың ба?
Шыдасаң, тынасың, құласаң да.
Болсаң, сосын боларсың, қол бастарсың,
Шыдайсың ба?
Бағыңды сынайсың ба?

1 – кезең: «Ширату» - логикалық сұрақтар (әр топқа жеке шақырылады да, мұғалімдер мен оқушылардың барлығына ортақ сұрақ қойылады, қанша сұраққа жауап берсе, сонша «сиқырлы уақытқа» ие болады)

Логикалық сұрақтар:
- нені сандыққа тыға алмайсың? (күн сәулесін)
- егер қаз бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал 1 аяғымен тұрса ше? (3кг)
- күн көзі 2012 жылы неше рет шығады? (366 рет)
- қандай ыдыстан тамақ іше алмайсың? (бос ыдыстан)
- барлық сандардың көбейтіндісі? (нөл)
- 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
- Барлық тілде сөйлейді, ол – (жаңғырық)
- Ең үлкен сан – (жоқ)
- Дүкенге барғанда неше теңгеге сауда жасайсың? (алған затыма байланысты)
Білім деген - биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген - ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп 2 – кезеңді бастаймыз.

2 – кезең. «Тапқырлық» - танымдық сұрақтар (оқушыға да, мұғалімге де бірдей сұрақ таратылады. Мұғалім өз жауабын қағазға жазады да, оқушысы бұл сұрақтың шешімін таба ма, жоқ па деген сауалға жауап береді. Оқушы өз жауабын дауыстап айтады. Егер жауаптары сәйкес келсе, «сиқырлы уақытқа» ие болады)

Танымдық сұрақтар:
1. Бұл басы да, ұшы да жоқ қызық әрі әдемі фигура. Ол тұрмыста да, техникада да, барлық жерде қолданылады. Егер оның бойымен жүрсең, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Бұл не? (шеңбер. Мысалы кесенің, шелектің т. б. жиектері, машинаның, велосипедтің дөңгелектері, т. б.)
2. Сынып бөлмесіндегі терезе оқушының сол жағында болуы тиіс. Неге? (Терезе оң жақта болса, жазу жазатын қол сәулесі қалқалап тұрады)
3. Мына сандардың орналасу заңдылығын анықтап, «?» белгісінің орнына тиісті санды табыңдар. 9, 10, 12, 13, 15, 16,?. (18)
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл, тапсырмаңды алдағы.
Келесі кезең «Мені түсін» деп аталады.

3 - кезеңнің шарты: (мұғалім жасырылған сөзді оқушыға ыммен жеткізеді. Әр дұрыс жауап үшін 1 «сиқырлы уақыт» алады.) Ойынды қай топ бастайтындығы құпия сөзді табу ретімен анықталады. Жасырылған әріптерге ұялы телефондағы цифрлар сәйкес келеді.
1 - сұрақ: өзінің ойлап тапқан теоремасының қуанышына 100 өгіз сойған, кезінде жұдырықтасудан олимпиада чемпионы болған, атақты грек математигі.
П и ф а г о р
Құпия сөздің сұрағы: Шығыс Аристотелі атанған ғұлама ғалым:
Ф а р а б и

Х ------------------------ У --------------------- Z
Глобус ---------------- карта ---------------- дәптер
Сызғыш -------------- циркуль ------------- транспортир
Обручь --------------- доп ------------------- скакалка
Жуа -------------------- картоп --------------- гүл
Балға ------------------ шеге ----------------- сүргі

4 – кезең.
(заттың немесе белгілі адамның суретін табу, ол жайлы түсінік беру)
Шарты: (зат немесе сурет оқушыларға алдын - ала көрсетіліп, жауаптары видеороликке жазылып алынады. Мұғалімге тапсырма: жауабын оқушы таба ала ма деген сұраққа жауап беру. Егер жауаптары сәйкес келсе, тағы да «сиқырлы уақыт» ала алады.)
1. кәрі жіліктің басы
2. үкі
3. ас үй құралы (картоптың ішін тазалағыш)
4. мына суреттегі кім?
а) боксшы С. Қонақбаев;
ә) әнші Ә. Қашаубаев;
б) композитор Б. Байқадамов.

5 – кезең: Қорытынды.
Әр топтың жинаған «сиқырлы уақыттары» есептеледі. Мысалы, 15 жетон болса, 15 ∙ 10 = 150 сек немесе 2 минут 30 сек. Тапсырма осы уақыт ішінде мағынасы бар сөздер жиынын құрау. Мысалы, «математика» сөзінен мынадай сөздер жиынын құрауға болады: мат, мата, ат, ата, атам, там, ет, ем, ит, ек, ки, ти, тиме, тат, тама, т. б.
Біздің орталық жаратылыстану және математика болғандықтан, әр топ «жаратылыстану» сөзінен сөздер жиынын құрастырады. Қай топ өздеріне берілген уақыт аралығында көп сөз тапса, сол топ жеңіске жетеді. Мұғалімдердің көмектесуіне болады.
Марапаттау және ән – шашу.
3 035
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім тарландары
Білім тарландары
Математика пәні мұғалімі: Төребекова Мейрамгүл Қуандыққызы
"Білімділер" порталы!
"Білімділер" порталы!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазанбай Ғалия Тілектесқызы "Жәй мұғалім " болу өтті заманы Күйрегендей білмсіздік қамалы Ұстаздардың ордасына айналды Халықаралық
«Білімділер» сайтында
«Білімділер» сайтында
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Т. Қазақбаев атындағы орта мектеп технология пәні мұғалімі Қынатбеков Бақытжан
Қызықты математика
Қызықты математика
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы "Амангелді орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Жолдыбаева Алмания Каирдиновна
Білімділер бәйгесі (интелектуалдық сайыс)
Білімділер бәйгесі (интелектуалдық сайыс)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету; қатысушылардың шеберліктерін, ой — өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сегіз қырлы...(кәсіптік сайыс)
Сегіз қырлы...(кәсіптік сайыс)
Арнайы пән оқытушысы Аленова Алтынай Жаулықызы №1 Ақтөбе кәсіптік лицейі Пән «Электрлік жарықтандыру» (І курс)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×