Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пифагор теоремасы

09 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Пифагор теоремасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Пифагор теоремасын және оған кері теореманы оқушылар өз беттерінше меңгеруге жағдай жасау, ұғындыру.
Теоремаларды есептер шығаруда қолдана білу.
Дамытушылық: Өзіндік есептей білу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше және топпен жұмыс жасауға, ізденуге,
өз ойын қорытуға, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, СТО әдістері
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:
а) сынып оқушыларын түгендеп сыныптың сабаққа дайындығын анықтау;
б) оқушылардың топтарға бөлу;

ІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық. «Ыстық орындық» стратегиясы қолданылады. («Ыстық орындыққа» отырған оқушыға сынып оқушылары өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды)
1. Тік бұрышты үшбұрыш деп қандай үшбұрышты айтамыз.
2. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы, каттетері дегеніміз не?
3. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы деген не?
4. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі, котангенсі деген не?

ІІІ. Сабақ мақсатын қою кезеңі.

ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.
Қызығушылықты ояту 1. «Болжамдар ағашы» стратегиясы қолданылады. (Пифагор теоремасына байланысты оқушылар өз болжамдарын айтып, жазып қояды)
2. Жаңа сабақты түсіндіру үшін «Джиксо – ұжымдық оқыту» әдісі қолданылады. Оқушылар топ құрады. Әр топқа бір - бір тақырыпшадан беріледі. Әр топ талдау жасап, өздерінің үйреніп оқығандарының мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
1 - топ. Пифагор теоремасы
2 - топ. Пифагор теоремасына кері теорема
3 - топ. Тік бұрышты үшбұрыштың әрбір катеті гипотенузасы мен осы катеттің гипотенузадағы проекцияларының геометриялық ортасына тең екенін дәлелдеу.

Ү. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі. Мағынаны тану
А) Топтық жұмыс ұйымдастыру. Интерактивті тақтада әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Әр топ өздеріне берілген есепті шығарып, сұрақтарға жауап береді.
Слайд №1
1 - топ. 1). Ұзындықтары 5, 4, 3 - ке тең кесінділер тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары болады деп есептеуге бола ма?
2). Берілген қабырғалары бойынша үшбұрыштың тік бұрышты болатынын түсіндіріңдер: а) 5, 12, 13; б) 5, 6, 7.
3). а=6 және в=8 катеттері бойынша тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасын табыңдар.
2 - топ. 1). Ұзындықтары 6, 8, 10 - ға тең кесінділер тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары болады деп есептеуге бола ма?
2). Берілген қабырғалары бойынша үшбұрыштың тік бұрышты болатынын түсіндіріңдер: а) 8, 15, 17; б) 11, 9, 13.
3). а=5 және в=6 катеттері бойынша тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасын табыңдар.
3 - топ. 1). Берілген қабырғалары бойынша үшбұрыштың тік бұрышты болатынын түсіндіріңдер: а) 10, 24, 26; б) 3, 7, 9
2). а=8 және в=8√3 катеттері бойынша тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасын табыңдар.
3). Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары жұп сандармен немесе тақ сандармен өрнектелуі мүмкін бе?
В) Жұптық жұмыс оқулықтағы №127, 128 есептерді шығару. (Әр жұп есепті шығарып болған соң өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, слайд №2 бойынша жауабын салыстырады.
Г) «Формуланы есте сақтай аламыз ба?» «Сәйкестендіру» тесті. (слайд №3)
Бір бағанға сұрақтар жазылады, екінші бағанға сұраққа сәйкес формуласы беріледі.

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Ой - толғаныс
1) Математикалық диктант.
1. Тікбұрышты үшбұрыштың........ квадраты....... квадраттарының қосындысына тең.
2. Бір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының.... қосындысына тең болатын үшбұрыш -...... үшбұрыш болып табылады.
2) «Болжамдар ағашы» стратегиясы жалғасады.
Оқушылар сабақ басында жазған болжамдарының ішінен тақырыппен сәйкес келгенін болжам ағашына іледі.

ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау.
Сабақтағы табысымызды ауа райы көрсеткіштері арқылы бағалайық
Оқушылар қолдарындағы белгінің бірін көтереді.
«Ашық күн» - маған бәрі түсінікті.
«Бұлтты күн» - мен жалпы түсіндім дегенмен, қайталап оқып, дайындалуым керек.
«Жаңбырлы күн» - мен ештеңе түсінген жоқпын.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: §9, №131; №132
7 119
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасын және кері теореманы есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тікбұрышты үшбұрыш
Тікбұрышты үшбұрыш
Оқушыларда тікбұрышты үшбұрыш туралы білімдерін тереңдету, тікбұрышты үшбұрыштың теңдік белгілерін, үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы қатынастарын, үшбұрышты салу шарттарын үйретіп, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Пифагор теоремасына есептер шығару
Пифагор теоремасына есептер шығару
Қызылорда облысы, Жаңақорған поселкесі, №163 орта мектептің математика пәні мұғалімі Қосанова Бағила
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жұмабек Абдраманович
Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы,№9 орта мектебінің математика мен информатика пәні мұғалімі Некесова Бағила Исламқызы
Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасы
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің, математика пәнінің мұғалімі Әмірбекова Гаухар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×