Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика және Қазақстан Республикасы тарихы

06 мам 2012, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика және Қазақстан Республикасы тарихы
Сабақтың түрі: Сайыс
Мақсаты:
1) Математиканың практикалық бағытталуын көрсету, іс-шараны стандартты емес формада өткізу арқылы математикаға деген қызығушылықтарының қалыптасуын жалғастыру;
2) Әдеп мәдениеті мен диалогтық сөйлесу мәдениетіне тәрбиелеу, азаматтылықты тәрбиелеу, толеранттылыққа тәрбиелеу.
3) Шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін, ұжыммен жұмыс жасай алу сезімін, патриоттық сезімін арттыру.
Сабақтық көрнекілігі: тақырып, тапсырмалы плакаттар, тапсырмалы қима қағаздар, ребустер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылардың назарларын сабақ ырғағына аудару.
Ойын барысы: Екі сыныптың оқушыларын араластырып, 2 топқа бөлу. Топтар өз аттарын және капитанын сайлайды. Мұғалім тарихи миниатюралар дайындайды; әділ-қазы алқасын сайлайды.
«Берекелі болса ел -
Жағасы жайлау, ол бір көл.
Берекесі кеткен ел -
Суы ашыған батпақ көл...»
Абай
1. Кіріспе. Қазақстан – асқақ ел, табиғаты көркем, ландшафты сан түрлі, қалаларының әсемдігі көзді алады, шығыс еліне сай келген дизайны өзінде батыс елдерінің көркемдігі де дұрыс қосылған,ертеден келген дәстүрлері сақталған және азия мәдениетінің нағыз экзотикасымен. Одан басқа, бұл ел барлық Орта азия елдерінің ішіндегі әлемдік деңгейге шыққан жалғыз ел. Әрине Қазақстан бұл күнге жету үшін қаншама қиын кезеңдерді өткерді. Осы 20 жыл ішінде қаншама айрықша мәні бар оқиғалар болып өтті. Солардың кейбіреулеріне бүгін біз ғылымдар патшасы – математикамен бірге тоқталып өтеміз.

2. Ширату – ойын этаптарын анықтау. Графикалық диктант «Мен дұрыс айттым ба?»
1. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі кесінді деп аталады
2. Квадраттық функцияның графигі парабола деп аталады
3. Беттестіргенде ұштары және қабырғалары дәл келетін фигуралар тең фигуралар деп аталады.
4. 7-ші Азия ойындары Қазақстанда өтті
5. Бұрыштың өлшем бірлігі сантиметр
6. Қазақстанның тәуелсіздігіне биыл 20 жыл
7. Өлшемі 90 градустан үлкен бұрыш сүйір бұрыш деп аталады.
8. Жарты түзу сәуле деп аталады.
Оқушылар жауаптарын бір бетте «ия»-«^», «жоқ»-«_» белгілерімен жазады.
Нәтижесінде мынадай график-сурет пайда болады:

Ойынның жүру маршруты
Жүру маршруты – алынған график, ал оның төбелері (жүру этаптары) – алу керек шыңдарымыз. Әрбір шыңда ойынның осы этабына сәйкес бір сөздің басты әрпі жазылған. Оны ойыншылар ойын барысында анықтайды.

1) «Т» төбесі – Тәуелсіздік күні.
Шыңның төбесінде жазылған сөзді табу үшін 6 цифрды табу керек, және олардан біздің еліміздің құрылуының басы болған датаны табады.
- Натурал сандардың ең кішісі
- Цифрлардың ең үлкені
- Ең кіші жай сан
- Ауданы 36 м2 болатын шаршының қабырғасының ұзындығы
- а0=?
- 0,5+0,5
Қазақстан – көпұлтты Тәуелсіз ел. Өзін 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз деп жариялады. 1991 жылдың 1 желтоқсанында еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1992 жылы Қазақстанның рәміздері бекітілді. Олар – туы, елтаңбасы және әнұраны. Қазақстан республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

2) «В» төбесі – Валюта (15.11.1993)
Бұл шыңның атын анықтау үшін командалар алдымен, кезекпен сұрақтарға жауап береді, одан кейін тапсырманы шешеді. Және де бұл тапсырмалардың барлығын қандай сөз біріктіреді деп ойланады.
Сұрақтар:
1. Сату курсы 1$ - 120тг, 5$ - қанша теңге болады? (600тг)
2. 500$ ше? (60000тг)
3. Қырғызстанның ақшасы? (сом)
4. Мен Ресейге бардым. Егер 1руб - 5тг болса? Мен өзімнің 60 000тг айлығыма қанша рубль сатып алар едім? (12000руб)
5. Ресейден қайтып келдім, 600 рубль ақшам қалып еді. Бұл қанша теңге болады? (3000тг)
6. Украинаның ұлттық валютасы? (гривень)
7. 600 рубльдің 10%-і қанша теңге?(300тг)
8. Банкте Ресей валютасының курсы 1руб - 4,8тг, ал базарда – 4,7. Егер маған 1000 рубль сатып алу керек болса, мен қанша теңге үнемдеймін?
9. 1$-дың 50%-і? (50 цент)

1993 жылдың 15 қарашасы біздің еліміздің территориясында ұлттық валюта – теңге енгізілді. «Теңге » атауы ортағасырлық түрік күміс тиындары «денге» немесе «таньга» сөздерінен шыққан. Ал ол сөздердің өзі орыстың «деньга» сөзінен. 1993 жылдың мамыр айында Қазақстанда бағалы қағаздарды шығаратын алғашқы цех ашылған. Алғашқы «1», «3», «5», «10», «20» және «50» теңгелік қағаз ақшалар Англия кәсіпорнында шығарылған, кейін ол экономикалық жағынан тиімді болмағанынан, 1995 жылдың 19 мамырында ел басы Назарбаевтың қатысуымен Республикалық Ұлттық Банкноталық банкінің ашылу салтанаты болды. Азиадаға тиынның үш ерекше түрі шығарылды. Олардың ең үлкенінің салмағы 1 кг, диаметрі – 100мм, 925-ші пробалы күмістен жасалынған. Екінші 100 теңгелік тиын, 999-шы ең жоғары пробалы алтыннан құйылған, 8 мың данасы шығарылған және 500 теңгелік күміс монеталары 12 бұрыш формасында шығарылған.
3) «К» төбесі – Конституция (30.08.1995)
Негізгі сөзді табу үшін кроссворд шешу керек.
1. Екі нүктемен шектелген түзу.
2. Дәлелдемесіз қабылданатын сөйлем
3. Олардан бұрын анықталған ұғымдар болмайтын ұғымдар
4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле
5. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем
6. «жазықтықта өлшеу» ғылымы
7. Заттарды санауға қолданылатын сандар
8. Негізі геометриялық ұғым
9. Нүктенің бірінші координатасы
10. Нүктенің екінші координатасы
    к    е    с    і    н    д    іа    к    с    и    о    м    а    н    е    г    і    з    г    і        б    и    с    с    е    к    т    р    и    с    а    т    е    о    р    е    м    А    п    л    а    н    и    м    е    т    р    и    л        н    а    т    у    р    а    л    т    ү    з    у        а    б    с    ц    и    с    с    а    о    р    д    и    н    а    т    а        я    

Конституция - бұл біздің еліміздің негізгі заңы. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституция қабылданды. Оның негізінде Қазақстан демократиялық, суверенді, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болды.
«А» төбесі – Астана (1997ж)
Тапсырма. Ребустерді шешіңіздер. (Орынбор, Қызыл - Орда, Алматы, Астана). Осы қалаларды не біріктіреді?
Қызығы Қазақстанның ең бірінші астанасы Орынбор, қазір Ресей Федерациясының территориясында. Кейін 1925 жылы астана Қызыл - Орда қаласына, ал 1929 жылы Алматыға көшірілді. Астана қаласын республика астанасы деп 1998 жылы 10 мамырда жариялады. Қазақстан астанасы жыл өткен сайын шетел қонақтарына да қала тұрғындарына да қызығушылықтарын арттыратындай көркейіп келеді. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» премиясы берілді және ол әлемнің ең жақсы 30 қалаларының қатарына енді.

4) «Е» төбесі – ЕҚЫҰ
Тапсырма. Жанұяда үш бала бар, олардың жастары 5, 8, 13 және 15-те. Балалардың есімдері Ықылас, Ерлан, Қызғалдақ және Ұлжан. Егер бір ұл балабақшаға баратын болса, Ықылас Қызғалдақтан үлкен және Ықылас пен Ерланның жасының қосындысы 3-ке бөлінетін болса, онда балалардың қайсысы неше жаста болғаны? Және оларды өсу ретімен жазыңдар.
Жауабы:
Ерлан
Қызғалдақ
Ықылас
Ұлжан
2010 жылдың 1 желтоқсанында Астанада Қазақстан үшін маңызды оқиға болды - Еуропа елдерінің қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті ашылды. Ол жерде 56 елдің басшылары бас қосты. ЕҚЫҰ-ның төрағалығында Қазақстанды барлық іске асырғысы келген мақсаттары жолында серіктес елдері қолдап отырды. Осы жерде Саммит Еуропаның географиялық аумағынан тыс өткендігін көрсетіп кету керек. Бұл өз орнында азиялық және еуропалық мемлекеттердің арасындағы үзілмес байланыстың мәнін көрсетеді.

Ойынды қорытындылау.
Рокфордтағы мақтан тұтарлық үй.
Рокфорд қаласындағы американдық Эллис Стенман (Иллинойс штаты) өз үйін, оның ішіндегі жиһаздарды тіпті сағатты дәстүрлі емес құрылыс материалынан жасамақшы болған. Ол жіңішке сымға газеттерді орап, ол ағаштай берік, қатты бөрене болғанға дейін орай берген. Диаметрі 7-10см қылып. Осы бөренелерден ол алдымен үйдің жарын тұрғызған, және ол бөренелердің бетін лакпен бояған, су өтпес үшін. Бұл ол кісіге 100 мың газет және 20 жыл тыным таппай жұмыс жасай керек болған. Ал нәтижесінде осындай әдемі үй салған. Қазір бұл құрылыс Рокфорд қаласының мақтан тұтарлық үйі.
Біз де осыған қарап тұрақтылыққа бірден қол жеткізе алмайтынымызды. Қандай да болмасын жеңіске қол жеткізу үшін уақыт керек. Қазақстанға қазіргі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына жету үшін 20 жыл табанды еңбек және әлеммен жан-жақты серіктес байланыста болуы керек болды. Бірақ бұл да шек емес, енді тағы бір 20 жылдан соң дүние жүзі Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстан мемлекеті ең дамыған ел деп те айтарына сенеміз.
3 139
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының географиялық орны, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөніндегі түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
Туынды тарауын қайталауға арналған жаттығулар
Туынды тарауын қайталауға арналған жаттығулар
функцияның шектік мәндерін, нүктедегі үзіліссіздігін, әр түрлі функцияның туындысын табады, туындының көмегімен жанаманың теңдеуін құра біледі
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшектерді бөлу
Ақмола облысы, Арашалы кенті №3 Аршалы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жумадилова Назира Оразалиевна
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мустафина Балжан Әбдімәлікқызы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×