Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайран, Нарын

06 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Музыка
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: «Қайран, Нарын»
Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлар мен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарынын өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған Махамбеттің ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту.
Дамытушылық: Махамбет өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, ойқозғау, психологиялық тренинг, қызықты тоғыздық әдісі, топтастыру
Технология: СТО
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға жазылған күй
Сабақтың эпиграфы:
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг: үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппенен бас иіп,
Сәлем бердік біз.

Үй тапсырмасын «қызықты тоғыздық» әдісімен сұрап, бағалау.
«Алып күйші – Дина». С. Мұхамеджановтың «Қазақстан» әні

Жаңа сабақ
Махамбет Өтемісұлы «Жұмыр қылыш» күйін - тыңдату
Өмірбек Байділдаев «Туған ел» - үйрету
Өмірбек Байділдаев «Туған ел» – нота сауаттылығы
Бүгінгі жаңа сабағымыз «Қайран, Нарын» деп аталады. Нарын – бүкіл поэзиясына ерлікті ту еткен, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған ер Махамбет өмір сүрген киелі топырақ.

Махамбет Өтемісұлы (1804 - 1846) 1804 жылы Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы және де хат таныған сауатты кісі болды. Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ жыршысы. Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы. Ол - тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды.

Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын қапысыз таныта алатын шығармалар санатына «Жұмыр, Қылыш» пен «Қайран Нарынды» жатқызуға болады. Орындаушылар «Жұмыр, Қылышты» Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр мен Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы ғажап емес. Күйде шалт қимылды батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар. Ол күмбірлей төгілген қоңыр сазбен ара жігі білінбей әдемі жымдасқан. Ал, «Қайран Нарын» Махамбеттің ақындық творчествосының басты арнасына айналдырған туған ел, туған елдің мүддесі мен мерейі жолындағы кес - кесте ұрыс тақырыбына арналған. Күйден «аһ» ұрған зар, қайнаған ыза, езілген мұң, серпілген арман, ашылған күндей шуақты қиял қатар білінеді.:
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!- дей отырып, Махамбет туралы алған білімдерімізді мына берілген топтастыру бойынша саралап көрейік.

Тыңдату. Махамбет «Жұмыр қылыш»
Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын қапысыз таныта алатын шығармалар санатына «Жұмыр, Қылышты» жатқызуға болады. Орындау - шылар «Жұмыр, Қылышты» Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр мен Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы ғажап емес. Күйде шалт қимылды батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар. Ол күмбірлей төгілген қоңыр сазбен ара жігі білінбей әдемі жымдасқан.
Күйді талдау. Күйдің характерін ашу.
Сергіту: Алыс - алыс жерлерден,
Келді бізге керуен.
Керуен бізге не әкелді?
Керуен бізге ән әкелді.

Оқушылар, сонымен бірге біз бүгін жаңа ән үйренеміз. Бұл ән «Туған ел» деп аталады. Бұл әннің авторы баршамызға танымал композитор ағамыз – Өмірбек Байділдаев 1932 жылы дүниеге келген. Республикамыздағы белгілі композиторлардың бірі. Ол – әрдайым қоғам өміріндегі көкейтесті мәселелерге өз творчествосымен үн қосып, еңбек пен еңбек адамдарының даңқын дәріптеп, жырға қосқан өнер иесі. Мұны біз композитордың «Берекелі кең жерім», «Қазақстан – туған өлкем», «Шопан жыры», «Қыз бен жігіт әзілі», «Жылқышы әзілі» сияқты шығармаларынан көреміз. Сонымен қатар Өмірбек Байділдаев жастарға, мектеп оқушыларына да арнайы ойлы, мазмұнды әндер жазды. Мысалы, «Жаным, сәулем, еркешім», «Студенттер вальсі», «Қимаймын сені», «Сүйгенім сен», «Назико», «Тәй - тәй, балбөбек», «До - ре - ми», «Көңілді жастар әні», «Отан күзетінде», «Сүйікті мектебім», «Жаңа жыл кешінде», «Сырғанақ», «Бесік жыры» т. б.

Тыңдату. Ө. Байділдаев «Туған ел»
Дауыс жаттығуы. Енді, балалар, әнді үйренбес бұрын осы әнге қатысты дауыс жаттығуларын жасаймыз. Ән үйренген кезде жеңіл болу үшін дауыс жаттығуына әннің қиындау болатын фразасын пайдаланамыз.
Нота сауаттылығы.
Үйрету. Ө. Байділдаевтың әні «Туған ел»
Сабақты бекіту. Топтастыру әдісі.
Махамбет - композитор, күйші, батыр, ақын

Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: 1. Махамбет Өтемісұлы - мәнжазба.
2. «Туған ел» әніне талдау.
Бағалау
12 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
Махамбеттің шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
Махамбет - күрескер ақын
Махамбет - күрескер ақын
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жардемқызы
"Дауылпаз ақын - ел мақтаны" Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы
"Дауылпаз ақын - ел мақтаны" Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Махамбет – өр рухты ақын
Махамбет – өр рухты ақын
Мұғалім: Бекенова Индира Сабақтың тақырыбы: Махамбет – өр рухты ақын
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×