Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ мамам

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Ақ мамам
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпты ашу, түсінік беру, білімдерін толықтыру.
2. Ойлау, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
3. Ананы аялауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ойындар
Көрнекіліктер: кітаптар, муз. аспап, компьютер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Сыныпты түгендеу
Жаңа сабақ:
Кім сендерді балалар сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Сендер үшін дамылсыз жүретұғын
- Ол кім?
Балалар:
- Ана
Дұрыс айтасыңдар балалар, ана. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да осы анамызға байланысты екен.
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Ойлап тапқан аналар!
- Ал енді айта қойыңдаршы аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Мама, Ана деген сөздерді естігенде сендердің бойларыңды қандай сезім билейді?
- Ана қандай болады?
Оқушылар: Нәзік, әдемі, сүйкімді, мейірімді, т. б
Өте дұрыс енді осы аналарымыз туралы қандай ән білеміз?
(«Ақ мама»; «Құттықтаймын мама»)
Жақсы қазір дауыс жаттығуларын жасап алайық та ана туралы әндерімізді айтып көрейік.
Дауыс жаттығулары:
Әндерді қайталау:»Ақ мамам», «Құттықтаймын мама», « Болайықшы осындай», («Жас дәуірдің түлегіміз»
- Жақсы балалар. Біз анамызға деген махаббатымызды осы ән арқылы көрсете алсақ, аналарымыз бізге деген махаббатын қандай сөздермен, теңеулермен көрсетеді екен?
Оқушылар: Ботам, балапаным, қошақаным, құлыншағым, жаным, ақ лағым т. б
- Бұл теңеулердің барлығы әртүрлі жануарлардың төлдеріне байланысты екен, иә, балалар байқадыңдар ма? Қандай болмасын төлдер өте әдемі сүйкімді келеді екен, сондықтан аналарымыз бізді соларға теңейді екен. Ал біз осы сүйкімді төлдер туралы қандай ән білеміз?
Оқушылар: «Төлдер»
Олай болса сол әнімізді қайталап көрейік.
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ - топ»
Жаңа ән: « Аталарым ардагер» (Тыңдау, талдау)
Сабақты қорытындылау:
- Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай ардақты жанға арналды?
- Бәріміз аналарымызды жақсы көреміз бе?
Сабағымызды қорытындылай келе біз анамызға деген ақ тілегімізді айтсақ. Қане кім өзінің анасына деген тілегін айтып жеткізгісі келеді?
(Оқушылар өздерінің ақ тілектерін айтады)
Үйге тапсырма:
«Аталарым ардагер» жаттау.
4 347
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Анамызға мың алғыс
Анамызға мың алғыс
Құрметті аналар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Отбасым – бақыт мекені
Отбасым – бақыт мекені
Балалар, біз бүгін отбасы туралы әңгімелесеміз. Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар. - Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметқалиева Бақыт
Ана біздің гүліміз
Ана біздің гүліміз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы «Ана біздің гүліміз» Тәрбиеші: Құрметті аналар, апайлар, балабақша бүлдіршіндері!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×