Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арнау әндер мен күйлер

25 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: «Арнау әндер мен күйлер»
Құрманғазы Сағырбайұлы «Аман бол, шешем, аман бол» - тыңдау;
Сөзі: О. Әубакіровтікі
Әні: К. Қуатбаевтікі «Ақ әжем» әнін - үйрену;
Мақсаты: «ана», «әже» тақырыбын сабаққа арқау ете отырып, жаңа сабақты меңгерту және қорытындылау;
Тәрбиелік мәні: Сабақта арқау еткен негізгі ұғымдар арқылы музыка тыңдап және ән үйрене отырып, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ізетті болуға тәрбиелеу;
Дамытушылық мәні: оқушылардың топпен, жеке жұмыс жасау қабілеттерін дамыту және сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыру қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту;

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын қолдану;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, домбыра, әннің сөзін монитордан көрсету, слайдтар, кеспелер, маркерлер, баян, үнтаспалар т. б
Сабақтың өту барысы:

Кіріспе: (күй ойналып тұрады) Оқушылармен амандасу. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
I. Қызығушылықты ояту: «ББҮ» сызба әдісі
Күтілетін нәтиже:
• бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады;
• ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады;
• ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;
• ақпаратпен өз бетінше жұмыс жасай алады;

«Ассосация» стратегиясы қолданылады. Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру;
Күтілетін нәтиже:
* проблема туралы өз білімін ұсыну;
* ұсынылған проблеманы толық қорытындылай алу;
* таным әрекеті процесінде қарым – қатынас шеберлігі;
* білімді проблема бойынша актуалдандыру;

Сабақ «арнау» сөзіне ассосация жасаудан басталады. (2 минут)
Дәптер арнау, өлең арнау, жыр арнау, күй арнау, ән арнау т. б

Әр топ өз ойларын ортаға салып талдайды. Аудиторияға ұсынады.
II. «Мағынаны тану: «жигсо» әдісі қолданылады.
Күтілетін нәтиже ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;
*Меңгерген ақпаратты баяндап айтып бере алады;
* мәтінмен өз бетінше жұмыс жасай алады;
* жаңа ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады;
* өзгені тыңдап өз ойын ашық айта алады;
* өзі оқиды және өзгені оқытады;
* таным әрекеті процесінде қарым-қатынас;

- Оқушылар, орнымыздан тұрып экспорттық топтарға барайық. Ол үшін әрбір жанұя мүшесі 1 - 2 - 3 деп санайды. 1 - деп санағандар 1 - ші топқа, 2 - деп санағандар 2 - ші топқа, 3 - деп санағандар 3 - ші топқа (1 минут )
1 - ші топ: Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың ұлы күйші сазгері. Құрманғазы өмір бойы теңсіздікпен, байлардың зорлық зомбылығымен күресіп өткен. Сол кездегі жағымсыз әрекеттерге қарсы шығып, әділеттілікке шақырған аталарымыздың бірі. Бұл қылығы үшін патшаларға да, байларға да жақпаған ол жазықсыз бірнеше рет түрмеге қамалады.
2 - ші топ: Бір күні Құрманғазыға жала жапқан Ақбайдың Әубәкірі деген бай оны ұры деп патшаға арыз жазып, оны жендеттеріне ұстап әкелуді бұйырады.
Құрманғазы отбасымен қаннен - қаперсіз отырғанда патшаның солдаттары келеді. Оны жан - жақтан қаумалап ұстап, сыртта тұрған арбаға айдап алып барады. Сол кезде анасы Алқа қасына келеді. Анасы құшақтап, қоштасып, маңдайынан сүйеді. Сол кезде Құрманғазы әлі күнге дейін мәпелеп өсірген анасына еш көмек көрсете алмағанына қынжылып: «Қашан сенің ақ сүтіңді ақтаймын, тек саған уайым мен қайғыдан басқа еш нәрсе көрсете алмадым - ау»,- деп қолына домбырасын алып бір күй шертеді.
3 - ші топ: Әр адамның қандай да болмасын ішкі сезімі болады. Сол сезімді музыка арқылы немесе күй арқылы жеткізеді. Ол өте жақын адамдарға арналғандықтан арнау әндер мен күйлер тақырыбына жатады. Ондай әндер мен күйлер әр сазгерде де бар. Соның бірі - ұлы күйші Құрманғазы шығармашылығында. Оның анасына арналған бірнеше күйі бар. Мысалы: «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол», «Алқа»

Сергіту сәті: Күй әуенімен қазақ биінің қимылдарын көрсетіп билеу.(1 минут)
Дауыс жаттығуын жасау.
«Әже» туралы әнді үйреніп орындау.( 5 минут)
• әннің сөзіне талдау жасау
• әннің авторларымен танысу
• әнге музыкалық талдау жасау
• әнді үйрену

Ақ әжем
Сөзін жазған: О. Әубәкіров
Әнін жазған: К. Дүйсекеев

1. Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе ай дана әжем? 2 рет

2. Шай қайнатып келейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем. 2 рет

III. Ой - толғаныс: «Галереяға саяхат» стратегиясы қолданылады.
Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, суреттеу, қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:
*ақпаратпен ықыласты жұмыс жасау;
*ұсынылған проблема жайында өзгелердің пікірін білу;
* эстетикалық талғамның талапқа сай болуы;
*сараптау, жинақтау, бағалау;
* мәтін бойынша белгілеп алу, сұрақ қою, тұжырымдау;

Арнайы дайындалған плакаттарға Наурыз туралы алған білімдерін суреттеп салады немесе жапсырма қағаздарға өз пікірлерін жазады (5 минут)
Әр топтан бір оқушы шығып жасаған жұмыстарын тақтаға іліп талқылайды. ( 5 минут)
Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында сабаққа қатысымын ескере отырып бағалау.( 2 минут)
Үйге: Наурызым - нақыл жыр әнінің сөзін жаттау. Наурыз тойы тақырыбына 5 минуттық эссе жазып келу.
6 077
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Наурыз шашу
Наурыз шашу
Ақтөбе қаласы, № 36 қазақ орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Иманалина Нургул Кубаевна
Арнау күй
Арнау күй
Наурызбаева Кенжегул
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Күй атасы – Құрманғазы
Күй атасы – Құрманғазы
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×