Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тоғысқан екі өнер

22 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Музыка
Музыка пәні 6 класс
Сабақтың тақырыбы: Тоғысқан екі өнер
Сабақтың мақсаты: Өнер түрлерінің тоғысуы жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Композитор Н. Меңдіғалиевтің шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық сауатын ашу, ән - күйді тыңдату арқылы музыканы сезінуге баулу.
Тәрбиелік: Өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, галереяға саяхат, венн диаграммасы, ой қозғау
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, күйші, суретшілер портреттері, плакаттар, фломастерлер, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиет

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу.
2. Психологиялық тренинг
- Мен күштімін,
- Мен мықтымын,
- Мен өнерлімін,
- Мен суретшімін,
- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін. (Бас бармақты көрсету)
3. Класты үш топқа бөліп тапсырма беру
І топ. Сөз бен саз өнерінің байланысы туралы әңгімелеп, плакатқа суреттеу
ІІ топ. Сурет пен саз өнерінің байланысы туралы айту.
ІІІ топ. ХХ ғасырдағы музыка (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

І. Мағынаны тану.
1. Өнер түрлерінің тоғысуы жайлы әңгімелеу.
Кез келген халықтардың мәдениетінде өнердің барлық түрлерінің арасында байланыс орнайтыны ақиқат. Ғасырлар бойы қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері бірін - бірі толықтыра отыра қатар дамыды. Х1Х ғасырда Абай шығармашылығынан бастап сөз бен саз өнері жеке өнер түрі ретінде дараланып шықты. Сол кезеңнен бастап біздің мәдениетімізде Еуропа халықтарына ұқсас жазушылар, ақындар мен композиторлар және әртістер дараланып шыға бастады. Қазіргі уақытта да ақындар мен сазгерлер бірлесе отырып опера, хорға арналған шығармалар, романстар мен әндер шығарып келеді. Қазақстанда бейнелеу өнері ХХ ғасырдың басында дами бастады. Сурет өнерінің ең негізгі: тарихи сурет, тұрмыстық жанр, пейзаж, портрет, натюрморт сынды көркемдік жанрлар аса қарқынмен дамыды. Суретшілер орыс және Еуропа халықтарының мәдениетінде қалыптасқан сурет салу тәсілдері мен оның көркемдеуші құралын қолданады. Дегенмен, суреттің негізгі мазмұны мен оның көркемдік бейнесін қазақтың сөз және саз өнерінің рухани бастауларынан алады. Тарихи және тұрмыстық суреттер қазақтың жыраулық өнеріне тән эпикалық және фәлсафалық терең мазмұнымен ерекшеленеді. Көне замандардан көк тәңірге табынған қазақ халқы өмірін табиғатпен байланыстырып тіршілік еткен. Сол себепті, пейзаж жанрындағы туындыларда толғау күйлеріне тән дархан даланың тынысы есіп тұрғандай. Ал, кешкі тылсым табиғатты бейнелейтін пейзаж жанрынан сұлу сазды халық әндерінің әуенін сезуге болады. Әсіресе, батырлар тақырыбына арналған күйлердегі жігерлі де қарқынды екпін, аттың дүбірі мен шайқас үстіндегі талас - тартысты бейнелеу қыл қалам шеберлерінің суреттерінен кеңінен орын алады. Суретшілер ең алдымен оның ырғағын, екпінін, жылдамдығын сурет арқылы көрсетуге талпынады. Көптеген суреттер қазақ күйлерінің дыбысымен үндесіп жатады. Соңғы он жылдықта халықтың қол өнеріне деген қызығушылығы арта түсті. Қазақтың қол өнерін жасаудағы көне тәсілдерді қолдана отыра, суретшілер теріден, шиден және киізден жасалған жаңа туындыларды жасай бастады. Ал, шыны мен фарфордан жасалған түрлі бұйымдар мен қуыршақтар қазақ өнеріндегі жаңалық болды.

2. Сен білесің бе?
Суретші, ақын, композитордың бір бейнені сомдауы туралы әңгіме қозғау. Туындыларды көрсету. (Интерактивті тақтадан көрсету)
Омарованың «Қожа Ахмет Яссауи», Омарова. «Қорқыт - ата», Береговая З. «Ақын». Береговая З. «Дина Нұрпейісова»
Өнер қанша жаңарғанымен суретшілер халық әндері мен күйлерінен сусындап, халық даналығының қайнар көзіндей жадында сақтады. ХХ ғасырда тек қана сурет және сөз өнері өзгеріске ұшырап қана қойған жоқ. Күй өнері де жаңа заманға лайық жаңғыра түсті. Жаңа музыкалық жанрлар пайда болды. Олар – симфониялық күй, скрипка және фортепианоға арналған күйлер. Композиторлар күй арқылы жаңа техникалық дәуірді бейнеледі. Суретші, ақын, композиторлардың мұндай туындылары бір бейнені сомдай отыра, өмірді мәнді де сәнді етуге талпынды. Тыңдаушы мен көрерменнің мәдени талғамын өсіріп, рухани байлығын асыра түсті.

3. Музыка тыңдайық: Ж. Әубәкірованың орындауында Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Домбыра туралы аңыз» атты шығармасын тыңдап көрелік. Шығарманың сипатын анықтау.
4. Біліп ал! Нағым Меңдіғалиев - (1921 - 2006) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор. Батыс Қазақстан облысы, Жаңа қала ауданында дүниеге келген. Қазақтың алғашқы кәсіби пианисті. Қазақстандағы фортепиано музыкасының дамуында болған жетістіктері Н. Меңдіғалиевтің атымен тығыз байланысты. Ол көптеген фортепианоға арналған алғашқы туындылардың авторы. Ол 300 - ден астам аспаптық пьесалар, әндер, романстар, спектакльдерге арналған музыка жазды. Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақ фортепианолық музыкасының ең танымал туындысына айналды.
5. Дауыс жаттығулары
Артикуляция:
legato (легато) – жұмсақ, баяу.
Ән айту.
Әр топқа тоқсан бойы үйренген әндерді жатқа орындату

ІІІ. Ой толғаныс.
Сұрақтар:
1. Қазақ мәдениетіндегі сөз бен саз өнері қандай өзгеріске ұшырады?
2. Бейнелеу өнеріндегі негізгі жанрларды ата.
3. Халықтың қол өнерінде қандай жаңалық болды?
4. Күй өнері қалайша жаңғырды?

ІҮ. Бағалау. БИСС технологиясымен
Ү. Үйге тапсырма. Қайталау.
10 259
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Филармония - өнер шаңырағы
Филармония - өнер шаңырағы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Қазақ вальсі
Қазақ вальсі
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шынғалиева Света Қамызағалиқызы
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×