Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ой толғау

27 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка пәні 6 класс

Сабақтың тақырыбы: Ой толғау.
Сабақтың мақсаты: Өнердегі жанр түрлерімен таныстыру.
Білімділік: Музыка мен бейнелеу өнеріндегі жанрлар жайлы әңгімелеу. Суретшілер мен композиторлар туралы мәлімет бере отырып, шығармаларының мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын, музыка сауаттын дамыту.
Тәрбиелік: Композитор мен суретшілердің шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өнер адамдары көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суретшілер шығармашылығына арналған слайдтар, ақ қағаздар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу
Сабақ барысы:

І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу.
2. Психологиялық тренинг
3. Ой қозғау. Үй тапсырмасын сұрау
- Табиғатты бейнелейтін күйлер мен әндерді ата?
- Қастеев кім, қандай шығармалары бар?
- Ә. Қастеевтің «Қарлы Алатау» суретінің мазмұнын қалай түсіндіресің?
- Суретші жазғы жайлауды қалай бейнелейді?
- Пейзаж дегеніміз не?

ІІ. Мағынаны тану. Ой толғау.
1. Музыка мен бейнелеу өнеріндегі жанрлар жайлы әңгімелеу.
Композиторлар мен суретшілер әр түрлі музыка шығарып, көптеген суреттер салады. Кейбір суреттер белгілі бір адамдарға арналса, келесі бірі табиғатты кескіндейді. Үшіншісі адамдардың күнделікті өмір тіршілігін бейнелейді. Музыкалық шығармалар мен көркемдік суреттердің үлкен жиынтығы мазмұны жағынан түрлі жанрларға бөлінеді.

Өнердегі жанр – шығармалар жиынтығы. Олар образдық мазмұны мен көңіл - күйіне және
көркемдеуші құралы мен орындау техникасына байланысты ерекшеленеді. Түрлі жанрлар әр түрлі тарихи кезеңдерде қалыптасып, дамып отырған. Кейде олар өзгеріске ұшырап, жаңа жанрларға ауысып тіпті ұмытылып та кетеді. Әрбір халықта өздеріне тән жанрлық ерекшелігі бар. Қазақ мәдениетінде сондай ерекше жанрлардың бірі – күй. Күй – адамның терең сезімі мен ой толғауын жеткізе алатын музыкалық шығарма. «Той бастар» атауымен аталған күйлер мен әндер мерекелік көңіл - күйді көрсетсе, «Ақжелең» жанрындағы күйлер тобы әйел образындағы лириканы бейнелейді. Ал, «Қосбасар» атты күйлер мұң мен шерді толғайды. «Қайран, өттің дүние!» - адамның өмірмен қоштасуы немесе өткінші дүниеге арналған күйлер. «Толғау» күйлер - ежелгі аспаптық музыкамыздағы өмір жайлы фәлсафалы ой қозғайтын жанрлардың бірі. Қобыз аспабында орындалатын Ықластың «Кертолғау» атты күйі қас - қағым өмірдің ағымын бейнелейді. Қазақ халқы «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» немесе «Бес күндік өмір» деп теңеу айтқан. Бұл күйде көзді ашып жұмғандай өте шығатын өмірді елестеткендей әсер қалдырады. Созылмалы мұңды әуен, салмақты да сабырлы ырғақ, қарт қобыздың қоңыр дыбысы адамның қайғы - шерінен тіл қатқандай.

Күйдегі «Толғау» жанры көптеген күйші - композиторлардың шығармашылығынан орын алған. Себебі, кез - келген адам өмірді сүре келе ой толғауы заңды құбылыс. Адам өз өміріндегі жақсы мен жаманын, дұрысы мен бұрысын сараптайтын кезеңге жетеді. Сондықтан болар, «Толғау» жанры бүгінгі күндегі композиторлар мен суретшілердің шығармашылығында да өз жалғасын тапты. Қазақ мәдениетінде сурет өнері ХХ ғасырдың басында пайда болды. Сол себепті, дәстүрлі музыка көптеген суретшілердің шығармашылығына арқау болды.

2. Әлібай және С. Бапановтардың «Ойға шому», «Тылсым дүние» гобелені туралы мағлұмат беру
Әлібай және С. Бапановтардың «Ойға шому» гобеленінде табиғаттың тынысын бейнелегендей: аспанға керіле ұмтылған ағаштар, аспан мен суға шағылысқан қызыл - сары, жасыл түсті жапырақтар арасынан елес болып көрінген сәукелелі қыз бейнесі. Бұл суреттен адамның ішкі әлемін, оның ой - арманын, көңіл толқынысы мен ой - толғауын көруге болады. Бұл суретке зейін салып қарасаң, сурет әуендетіп тұрғандай әсер қалдырады.

3. Музыка тыңдау.
Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шағырмасын тыңдайық.
Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шығармасын «Толғау» жанрына жатқызуға болады. Прелюдияда дыбыстар тылсым тыныштықтан туындап жатқандай: әуелі – бір дыбыс, онан соң екінші, үшінші. Бірте - бірте әуен пайда болып, өте жәй екпінде, минорлы ладта дыбыстала бастайды. Ғ. Жұбанованың «Прелюдиясы» өмірге қайта келген күй іспетті. Ғасырлар керуені көшіп өтті. Ал, фортепианоға арналған бұл «Толғау» қазіргі заманның тыныс - тіршілігін толғап жатқандай! Қазақ мәдениетінің терең тамырына бойлай білген композиторлар мен суретшілер қарт заманнан үлгі алып, ғасырлар бойы жалғасқан арман мен қиялдың шексіздігін танытқандай!

4. Шығармашылық жұмыс.
Ғазиза Жұбанованың «Прелюдия» атты шағырмасын тыңдай отырып өз ойларын сурет арқылы бейнелеу.

5. Біліп ал! Топтастыру стратегиясы
Ғазиза Жұбанова (1927 - 1993) – қазақтың әйгілі композиторы. Қазақстан халық әртісі. Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Ғазиза Жұбанованың шығармашылығына әкесі Ахмет Жұбанов ықпал еткен. Ол «Еңлік Кебек», «Жиырма сегіз» және «Құрманғазы» опералары, «Аққұс туралы аңыз», «Хиросима», «Қарагөз» атты балеттері, «Жігер», «Ақсақ құлан» атты симфониялық поэмаларын жазды. Көптеген фортепиано мен скрипкаға арналған шығармалар, поэмалар мен квартеттер,
фантазиялар мен әндер т. б. музыкалық туындылардың авторы.

6. Түсініп ал!
Жанр – музыка, әдебиет және сурет өнеріндегі шығарма. Мазмұны мен көркемдеуші құралдары жағынан ортақ туынды.
Күйдегі жанрлар: Той бастар, Ақжелең, Қосбасар, Толғау.
Пейзаж – сурет өнеріндегі жанр, табиғатты бейнелеу.
Прелюдия – фортепиано музыкасындағы жанр. Бір көңіл - күйдегі қысқа шығарма.

7. Дауыс жаттығулары
Ма, мэ, ми, мо, му
Бра, брэ, бри, бро, бру
8. Ән айту.
- Т. Базарбаев «Ауылым» әнін жатқа орындау
- С. Сейфуллин «Тау ішінде» әнін қайталау.

ІІІ. Ой толғаныс.
Сұрақтар:
1. «Өнердегі жанр» деген ұғымды қалай түсінесің?
2. Күй өнеріндегі жанрларды ата?
3. «Толғау» жанрындағы күйлер нені баяндайды?
4. «Толғау» жанрындағы суретшілер мен композиторлар нені толғайды?

ІҮ. Бағалау. Оқушылар өз - өздерін бағалайды.
Ү. Үйге тапсырма:
1. «Ой толғау» тақырыбын оқып келу.
14 701
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Филармония - өнер шаңырағы
Филармония - өнер шаңырағы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Тоғысқан екі өнер
Тоғысқан екі өнер
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×