Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жетіген аспабы

07 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Жетіген аспабы
Сабақтың мақсаты: Жетіген аспабы, оның шығуы, дыбысы туралы. Ұлттық аспапты қадірлеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Әнді көңілді сипатта орындауға үйрету. Көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту. Халық музыкасы - мен сусындату.
Өткен замандағы және бүгінгі таңдағы халық өмірінің байланысын түсіндіру.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. А) сәлемдесу ә) түгелдеу
І. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Слайд арқылы суреттер көрсетіп, таныс аспаптардың аттарын, қалай ойналатынын және қандай түріне жататынына түсінік беру.
Сұрақтар:
а) Аспап қалай неден жасалынған?
б) Аспап қалай ойналады қандай дыбыстар шығады?
в) Бұл аспапты ертеде адамдар қайда қолданған?
Ұрасың оны, соғасың.
Жиналып мұнда қаласың.
Естіледі жаңғыра -
Дабыл қаққан........(даңғыра)
Даңғыра ұрмалы (ұрып ойнайды).
Кездеседі бұл аспап некен - саяқ,
Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай - ақ.
Бақсылардың қолында жүрдің талай,
Қазағымның аспабы -........(Асатаяқ).
Асатаяқ сілкімелі (сілкіп ойнайды).
Екі ішекке бір тиекті қондыра.
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.
Білсең егер айта қойшы, балақай?!
Бұл қай аспап? Бұл - кәдімгі........(домбыра).
Домбыра - ішекті (шертіп, қағып ойнайды).

2. Домбыра, асатаяқ аспаптарының сүйемелдеуімен оқушылар халық әні «Еркем - айды» орындайды: Әзидолла – мүйізде, Ғалымжан – асатаяқта, Қуаныш – домбырада.

3. Ой қозғау. «Асық иіру» ойыны.
Асық – қазақ балаларының ертеден келе жатқан ойыны. бүгінгі сабағымыз осы асықтарға байланысты шыққан көне ұлттық музыкалық аспап туралы болмақ.
- Асықтың саны нешеу? Асықтың суреті көрсетіледі
- Жетеу.
Нота сауаттылығының құпиясы. 7санымен байланысты сөзді таңдау. (Жеті ата, жеті күн, жеті қазына т. б.)
- Олай болса, ол қандай деп ойлайсың?
- Әрине, жетіген. (интерактивті тақтадан суретті көрсету).
(Дәптерлеріне күннің жадын, тақырыпты жазу «Жетіген аспабы»)

ІІ. Жаңа сабақ.
1. Жетіген аспабының шығуы туралы аңыз (интерактивті тақтадан суретін көрсету).
Өте ертеде, жаугершілік заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың жеті ұлы болыпты. Ұлдары кішкентай кезінде асық ойнағанды жақсы көріпті. Күндердің күнінде жеті ұлы ел қорғайтын үлкен азамат, батыр болып өседі. Әкесі ұлдарының ойнаған асықтарын сақтап қойыпты. Бір күні сол ауылда жұт болады. Адамдар ашығып, малдар өліп, қиыншылық заман болады. Сонда шалдың жеті ұлы малдарын аман алып қалу үшін суы, шөбі мол жер іздеп кетеді. Сол кеткеннен оралмай мол кетеді. Шал мен кемпір ұлдарын сағынып қайғырады. Содан шал ағаштан ойып бір аспап жасайды. Оған жеті ұлына арнап жеті ішек тағады. Одан дыбыс шығу үшін ұлдарының ойнаған асықтарын тағады. Сөйтіп, ұлдарына арнап күй тартады. Ол күй ел арасына тез тарап кетеді. Халық оны «Жетігеннің жетеуі» деп атапты. Ал аспапқа «Жетіген» деп ат қойыпты. Содан бері бұл аспапта шалдың жеті ұлының асықтары қалған екен деседі».
Аңыз не туралы айтылған? Шал қандай аспап жасайды, қалай жасайды?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 495
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Аңыздан жаралған аспаптар
Аңыздан жаралған аспаптар
Ән әуеніне қызығушылығын арттыру, ұлттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай, білуге баулу
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Сазды аспаптар сыры
Сазды аспаптар сыры
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×