Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бояу мен дыбыстар

26 желтоқсан 2015, Сенбі
Категориясы: Музыка
Астана қаласы,
№53 мектеп - лицейінің музыка пәні мұғалімі
Қаракеева Зәкира Құрманбеккқызы

Музыка 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бояу мен дыбыстар.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың мақсаты: Балалардың қоршаған орта мен өмір құбылыстары жөнінде түсінігін кеңейту. Музыка мен бейнелеу сабақтарын байланыстырып оқушылардың тақырыпты толық меңгеруіне көмектесу.
Міндеті: Оқушының таным деңгейін дамыту. Ән айту, мәнерлеп орындау шеберлігін арттыру.
Тәрбиелік: Білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, адамгершілікті, өз Отанын, елін сүйетін сезімтал бала тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, бейнелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілік құралдар: слайд көрсетілімдері, суреттер, сөзжұмбақтар, үнтаспа, музыкалық аспап.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу. Сабақта тыныштық сақтау.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау: Сурет және дыбыс. Оқулықтағы суретпен жұмыс. Өткен сабақтағы білімдерін «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны арқылы қайталау. Мысалы:
1. Күй «Балбырауын»
2. Машинаның суреті
3. Р. Рымбаеваның орындауындағы ән
4. Балғаның суреті

Оқулықтағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыру.
1. Балаға ат қою (Мақсат)
2. Ол қайда отыр? (Атасының жұмыс бөлмесінде)
3. Оның атасы кім? (Етікші)
4. Атасының қандай заттары бар?

ІІІ. Жаңа тақырып «Бояу мен дыбыстар». Сабақтың барысы.
- Балалар айналаға көз салайықшы, егер бояу болмаса біздің өміріміз қандай болар еді?
- Аспанның түсі қандай?
- Күннің түсі қандай?
- Ормандағы ағаштың түсі қандай?
- Орманда қандай жануарлар бар? Аю, қоян, түлкі, т. б.
- Оқулықтағы қоянды, қолындағы сәбізді қандай бояумен бояр едің?
Баланың көңілін көтеріп қызықтыру мақсатында, жұмсақ қоян ойыншықты көрсетеміз.

Серігу сәті. «Сұр қоян» қимыл - қозғалыс ойыны.
Құлағы мортабан, анам қоян әперді.
Сүп - сүйкімді әдемі, жейді екен ол сәбізді.
Әй, сұр қоян, сұр қоян, қашпа менен тұр қоян.
Сәбіз берсем жейсің бе? Дос болайық, сұр қоян!

«Қандай аспап» қимыл - ойыны ойнатылады.
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай аспап тембрі
Ажыратып алайық.
Музыкалық аспаптардың дыбыстарын ажырату қабілеттерін оятамыз.
Ән үйрену. «Сурет сабағы» К. Қуатбаев. Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастырып оқушыға оның туған ауылының әсем табиғатын, жасыл жайлауын еске түсіріп, оны әнмен жеткізуге ынталандырамыз. Әннің ырғағын оқулықта берілген сурет бойынша, шулы аспаптарды ұрып ойнатып іс - қимылмен сабаққа баулу. Сүйемелдеусіз өзіне ыңғайлы дауыс мәнерімен қимылды өздері ойлап табуын ұсынамыз.
Музыкалық сауаттылық. Тембр – музыкалық дыбыстардың бояуын айтамыз.
Шығармашылық жұмыс. Сабақ соңында көңілді музыка ойнатып қойып, өздерінің қалауы бойынша әртүрлі гүлдің суретін салғызамыз.
Сабақты қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы қорытындылау.
Үй тапсырмасы.
Білімді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан және жақсы жауап берген оқушыға баға қойылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Күнделікті сабақ жоспарлары (Ана тілі 1 сынып). Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ.
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Жыр – мәңгілік мұра
Жыр – мәңгілік мұра
Атадан балаға мирас болған жыраулық - жыршылық дәстүріміз және жыраулық өнердің мақам - саздарымен таныстыра отырып, өнерге құштарлығын арттырып, дамыту. Оқушының шығармашылығы танымдылық қабілеттерін дамыту.
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×