Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Н. А. Римский - Корсаков – ертегі композитор, опералық шығармашылығы негізінде

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
«Д. Нүрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы»
Атырау музыка колледжі
«Н. А. Римский - Корсаков – ертегі композитор,
опералық шығармашылығы негізінде»
Құрастырған: МТПБ оқытушысы Шукурова Н. Т.

Пән аты: Әлемдік музыка әдебиеті
Курс, бөлімі: III курс «Музыка теориясы»
Сабақтың тақырыбы: «Н. А. Римский - Корсаков – ертегі композитор, опералық шығармашылығы негізінде»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Н. А. Римский - Корсаковтың ертегі композитор, опералық шығармашылығындағы музыка табиғатпен байланысын нақтылау, музыкалық шығармаларды талдау машықтарын жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын байыту, аналитикалық қабілеттерін және қисынды ойлауды дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: орыс композитордың шығармашылығы арқылы музыкаға баулау, опералық шығармашылығына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: білімді бекіту
Сабақтың типі: білімді бекіту, қорытындылау
Сабақтың әдісі: интерактивтік технологияның элементтері:
1. СТО – «Миға шабуыл»
2. «Болжау», «Топтастыру» стратегиялары
3. Дәстүрлі түсіндіру әдісі
4. Бейнематериалдардан үзінділер
5. «Ауыстырмақ» ойыны
6. Музыкалық викторина
Пәнаралық байланыс: шетел тарихы, музыка теориясы, әдебиет, орыс тілі, музыка шығармаларын талдау.
Көрнекілік құралдары: тақта, ноутбук, мультимедия проекторы, мультимедия презентация
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру
2. 1. Өткен тақырыпты бекіту барысында: Сто – «Миға шабуыл», ертегі опералық шығармашылығына «Болжау», «Топтастыру» стратегияларын келтіру.
2. 2. Н. Римский - Корсаков өмір жолы мен шығармашылығына шолу. Сто – «Киностудия» бейне материалдардан үзінді көрсету.
3. Н. Римский - Корсаковтің опералық шығармашылығын шолып өту. «Ауыстырмақ» ойынын жүргізу. Музыкалық викторина – қойылған үзінділерді жылдам анықтау.
3. Бағалау.
Оқушылардың сабақ барысындағы жеке және топтық жұмыстарын тексеру және бағалау.
4. Үй тапсырмасы.

Музыка басқада өнерлермен байланысады: әдебиет пен көркемсурет. Әдебиеттер, музыкалық және көркемсуреттік шығармаларда бір орта тақырып болуы мүмкін. Жазушылар, ақындар, суретшілер және композиторлар бір - бірін жаңа шығармаға шабыттандыратын. Мысалы: М. П. Мусоргский мен В. Гартман;
М. И. Глинка – А. С. Пушкин;
Н. А. Римский - Корскаков – А. С. Пушкин
Н. А. Римский - Корскаков өз шығармаларының негізіне әдебиет мазмұндарын алатын.
Ұстаз: - Балалар, Н. А. Римский - Корсаковтың ертегі - операларын атаңыз:
Оқушылар: «Салтан туралы ертегі», «Садко», «Ақшақар», «Алтын әтеш».
Ұстаз: - Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Қандай орыс ертегілерді білесіңдер?
- Кім ертегіні жазады?
- Біз бүгін ертегі музыка әлеміне саяхаттаймыз.
- Патша Салтанға қонаққа барайық. Ол қай ертегінде тұрады?
Оқушылар: - Салтан патша ертегі. (Слайд 1)
Ұстаз: - Бұл ертегті кім жазды?
Оқушылар: - Александр Сергеевич Пушкин (Слайд 2)
Ұстаз: - Оның керемет ертегінің сюжетіне опера «Салтан патша ертегі» жазылды. Оны жазған ұлы орыс ертегі – композитор Николай Андреевич Римский - Корсаков. (Слайд 3)
Ертегі композитор деп оны бекер айтпаған, оның шығармашылығымен орыс музыкасында ертегі гүлдене түсті. Ертегі мен ән халықтың жаны болған. Римский - Корсаков сияқты бірде бір композитор ертектердің мазмұнына көп шығарма жазбаған. Римский - Корсаков «Ақшақар», «Алтын әтеш», «Өлімсіз Кощей» басқада шығармаларын жазған. Бүгін біз «Салтан туралы ертегісін» еске түсірейік. (Слайд 4)
Три девицы под окном
Пряли поздно вечерком...
- Салтан патша қалындық тандап жүргенде, үш қыздың әңгімесін тыңдап, өзіне батыр ұл туып берем деген қызды алады. Екі әпкелері патшайым болмай қалғандықтан, қызғаныштан, патша соғысқа кеткенде, Милистра ұл туып, елшінің хатын ауыстырып, патша басқа хабар алады:
«Родила царица в ночь
Не то сына, не то дочь,
Не мышонка, не лягушку,
А неведому зверушку».
Патшаның бұйрығымен
«И царицу в тот же час
В бочку с сыном посадили,
Засмолили, покатили
И пустили в океан –
Так велел – де царь Салтан».
«Теңіз» шығармасы ойналады (2 бөлімге кіріспе, слайд 5)
Композитор қалай теңізді көрсетті?
- Жұмбақты, жарқыраған жұлдыздармен. Кең, қаһарлы.
- Оны кімдер орындайды? Симфониялық оркестр (симфониялық оркестрде қандай аспаптар бар).
Теңіздің толқындары бөшкені аралға әкеледі. Мұнда жас патша аққуды қыраннан құтқарады (Слайд 6). Соның нәтижесінде, сиқырлы аққу – Гвидон мен анасын Леденец атты ертегі қалаға апарады. Мұнда той қоңыраулардың дыбыстары халық Гвидонды қарсы алады. Бірақ Гвидонмен анасы патша Салтанды ойлауымен болады. Сонда аққу, қайтып көмегін береді. Аққу патша Гвидонды кімге айналдырады? (Слайд 7)
«Полет шмеля» орындалады.
Бұл музыка сіздерге өте танымалы. Мұны бірнеше рет тыңдадық. Бұл музыкалық фрагмент не деп аталады?
Оқушылар: «Полет шмеля» немесе «Араның ұшуы»
Ұстаз: Мұның музыкасы қалай естіледі, ол қандай?
Оқушылар: Гүрілдеген, араға ұқсас зуылдаған. Дыбыстары қайталанып отырады.
Ұстаз: - Тез жүрема немесе жәй?
Оқушылар: - Өте жылдам
Ұстаз: - Музыкасы мұңды ма немесе қуанышты ма?
Оқушылар: - Қуанышты
Ұстаз: - Аққу Гвидонды араға айналдырғанда, ара қайықтың артынан ұшып барып тесікке қонып тығылып отырады. Өз әкесіне бара жатырғаннан музыкасы да қуанышты. Сонымен, ол Тмутаракан атты әкесінің патшалығына келгенде, ол қайықшылардың әңгімесінен аралда көрген Леденец қалашығы, алтын қабықты жаңғағын шағып отырған тиынды, 33 батырлар және сұлу Патшайым – Аққу туралы естиді. Қазір біз симфониялық суретті тыңдайық. Мұнда композитор әр түрлі оркестрдің бояуларымен операдағы Леденец қалашығы және үш сиқырлы ғажайыпты келтіреді. Мұның музыкасы – сигналдан басталады – бұл ертегі тыңдауға шақырады. Жоғары регистрдегі әуен ашық кішкентай қоңыраулардың соғуын елестетеді. Сіздер оны бірнеше рет естисіңдер, олар жаңа ғажайыпты жариялайды. Сендер байқауларың керек бірінші, екінші және үшінші неден кейін не суреттеледі. Музыканы мықтап тыңдаңыздар: себебі музыка біткеннен кейін, үш ғажайып өздерің қалай елестегендеріңді суреттейсіздер.
Ұстаз: - Сонымен, музыка сендерге ұнады ма? Жалпы ол қандай?
Оқушылар: - Ертегі музыка, көтеріңкі
Ұстаз: - Бірінші ғажайып не болды?
Оқушылар: - Тиын
Ұстаз: - Неге сендер олай ойладыңдар?
Оқушылар: - Себебі музыка жеңіл, қуанышты, ойнақы боп келген
Ұстаз: - Ол қай жанрға ұқсас?
Оқушылар: - Ән мен биге. Тиын ән айтып және билеп тұрғандай
Ұстаз: - Әуен қайда жүріп жатыр? Жоғарыда, ортасында немесе төменде ма?
Оқушылар: - Жоғарыда
Ұстаз: - Ал тиынды қалай елестетесіңдер?
Оқушылар: - Кішкентай, грациозды
Ұстаз: - Тиынның тақырыбын қай аспап дыбыстады?
Оқушылар: - Флейта пикколо жаңғақтың сындыруын жақсы келтіреді, ал оған «Во саду ли в огороде» орыстың халық әнінің әуені қостап отырады
Ұстаз: - Екінші ғажайып не болды бізде?
Оқушылар: - 33 батыр
Ұстаз: - Неге сендер олай ойладыңдар?
Оқушылар: - Себебі музыка көтеріңкі, батырлық, ер қайратты, құдіретті боп келген
Ұстаз: - Ол қай жанрға ұқсас?
Оқушылар: - Марш жанрына
Ұстаз: - Ия, музыка әскери маршқа тәріздес. Мұнда орыс рухының күші сезіледі. Біздің алдарымызда ертегі батырлар шыққандай. Музыкада теңіз толқындарының рокоты естіледі. Батырларды қалай елестейсіңдер?
Оқушылар: - Күш қуатты, ер қайратты, құдіретті
Ұстаз: - Үшінші ғажабымыз не болды?
Оқушылар: - Патшайым аққу
Ұстаз: - Неге сендер олай ойладыңдар?
Оқушылар: - Себебі музыкасы нәзік, әуенді, кең, жұмсақ, көтеріңкі боп келген
Ұстаз: - Ол қай жанрға ұқсас?
Оқушылар: - Ән жанрына
Ұстаз: - Көз алдарында қандай бейне келеді
Оқушылар: - Сұлу, нәзік Патшайым - Аққу
Ұстаз: - Әрине, әр ертектегідей, «Патша Салтан ертегіде» жақсы аяқталды. Аққу – құсы әдемі, сұлу қызға айналды, ал Гвидон оған үйленді. Патша Салтан болса, естіген ғажайыптарды көргісі келгендіктен, Буян аралына барып патшайым Милитрисамен және Гвидон ұлымен кездеседі. Қуаныштан ол зұлымды әпкелерін кешіреді. Ертегі көңілді тоймен аяқталады.
Сонымен, балалар біз қай ертекте болдық? Ертектің авторы кім? Операның авторы? Бұл операдағы музыкалық фрагменттер қалай аталады? Сендерге ертектің музыкасы ұнады ма?
Сабақ - сахна: /А. Н. Островский мен А. Н. Римский - Корсаков оқушылар/
Ұстаз: - Бүгін біз опера «Ақшақармен» әрі қарай танысамыз, ал оған ықпал ететін осы операның авторлары – Н. А. Римский - Корсаков және А. Н. Островский.
Римский - Корсаков: Сізбен кездесуіме өте қуаныштымын, себебі менің сүйікті опера «Ақшақар» туралы әңгімелесейін дегенмін. Мен үшін бұл сюжет өте қымбат, оның кейіпкерлері: Ақшақар, Лель, Көктем, Берендейлердің патшалығымен патшасы және олардың Ярило - күнге табынуы. Мен күнде, күнде осы операны жазудан жалықпадым. Керісінше музыкалық ойлар мені аңдығандай болды.
Островский: Ия, Николай Андрейұлы бұл шығармашылыққа жақсы таңдаған тақырып. Сіз нағыз опералық шеберсіз. Мұнда әр бір кейіпкерлердің музыкалық мінездемелерін естуге болады. Бірақ маған қызықты, мында отырған жас балалар, әр бір кейіпкерлердің бейнесін қалай көреді. Қазір мен сендерге бірнеше сұрақ қояйын:
1. Қалай ойлайсыңдар, негізгі кейіпкеріміздің музыкалық суреттемесінің мінездемесінің музыкасы қандай болуы тиіс?
2. Қай дауысқа орындауға берер едіңдер?
3. Аспатардың дыбыстарының мінездемесі қандай болуы тиіс?
/Оқушылар жауап береді/
Римский - Корсаков: - Ал сендер, мен қандай Ақшақарды көргенімді білгілерің келе ма?
Островский: - Оның қызық екен, қазір оны қалай көрсетесің? Ақшақар қыздың ариясын өзің орындап бересің ба?
Римский - Корсаков: - Жоқ, қымбытты досым! Біз қазір XXI ғ тұрып жатырмыз, ал бұл заманның адамдары мындайды ойлап тапқан../Ұстазға бет бұрып/ Нургуль Таласовна ханым, бізге көмектесіңіз...
/«Қар қыз» операсынан үзінді 1 б. Ақшақардың ариясы көрсетіледі/.
Римский - Корсаков: - Ақшақардың бейнесін тек адамның қасиеттерінен басқа, ертегі бейнелерінің мінездемелерімен де салғым келді.
• Оқушылар менің қымбатты досыма Алексей Николаевичқа қандай әдістерді қолданғанымды айтып бересіңдер ма?
Оқушылар: - Құстардың әндеріне ұқсас, әндердің әуендері әшекелендірілген; «ау»деп, Ақшақарды табиғаттың баласы екені көрсетілген.
Островский: - Ал Ақшақарды неге қыс орман патшасынан қарапайым адамдарға ұмтылады.
Римский - Корсаков: - /сұраққа мезгілді жауап береді/ адамдардың әндері, досым, адамдардың әндері.
Островский: - Ия.. Ақшақар, бір кезде Лельдің әнін естіп оның сиқырлы дыбысын ұмытқан емес. /Ұстазға қарап/ Бұл жердің қожайыны, мүмкін сіз /компьютер мен проекторды көрсетіп/ мыналардың сиқырлы күшімен бізді опера әлеміне ауыстырарсың.
/«Ақшақар» операсынан үзінді 1 б. Лельдің әні/.
• - Бұл ән немен еліктірді Ақшақарды? Мұнда қандай бір ерекшеліктерді естідіңдер? Николай Андреевич өз музыкасында қандай тәсілдерді қолданды.
Оқушылар: - Бақташы Лельдің әнінде Ақшақарды қуанышқа, бақытқа және бейтаныс өмірге шақырады. Бұл халық - ән әуендерімен көрсетіледі, мысалы; кларнет бақташының сырнайын дабыстайды, ал литавр аспаб күннің күркіреуін көрсетеді.
Островский:(Римский - Корсаковке бет бұрып): - Достым, Сіздің тыңдармандарыңыз бар, бірақ олар операдан бір номер болса да орындай ма?
Римский - Корсаков: - Онда оларға бір мүмкіндік берейік...
Оқушы шығып Лельдің бір әнін орындайды.
Римский - Корсаков: - Өте орынды..
Островский: - Ия, Ақшақар керемет. Бірақ, Аяздың қызы болғандықтан, Ақшақар өте салқын, ыстық сезім, махаббат дегенді білема?
Римский - Корсаков: Сіз мүмкін үмытып қалған шығарсыз, ол тек Аяздың ғана қызы емес, Көктемнің де қызы.
«Ақшақар» операсынан үзінді 4 б. Финал. /дыбыссыз/, осының фонында Островский текстті оқиды.
Островский: - Ярилода таң атады. Көлден Көктем гүлдердің қоршауында шығады. Халық жиналып, жаздың алғашқы күнді кездестіруге шығады. Қар қыз және оның күйеу жігіті Мизгирь Берендей патшасына жақындайды. Осы уақытта Ақшақарға күннің шуағы түседі. Ақшақар жылудың арқасында және оянған махаббаттың лебізінен ери бастайды.
• - Қалай ойлайсыңдар, махаббаттың кесірінен өмірінен айырылған Ақшақар өкіне ма?
/Оқушылар әр түрлі жауап береді/.
Островский: - Ал енді қарайық, сендер расымен дұрыс айттыңдар ма?
«Ақшақар» операсынан Ақшақардың еру сахнасынан үзінді.
Оқытушы: - Біздің сыйлы қонағымызға, Ақшақарды қалай көргендеріңді айтып беріңіздер. Кейіпкер өзгерді ма?
Оқушылар: - Ақшақар Көктем шешесіне сезім бергеніне рахметін айтады. Оның дауысы нәзік, мейірімді, ал оркестр жылы боп ойнайды. Қорытынды бөлімінде арфалар ауада Ақшақардың еріп кеткенін суреттейді.
Римский - Корсаков: - Қар секілді ерді кейіпкер, бірақ өмір жалғасай береді.
Островский: - Халық Ярило - күнді мадақтап жатыр.
Ұстаз: - Ал енді қонақтарымызға сый сыйлық бар.
/Оқушылар «Свет и сила бог Ярило» финалдағы хорды орындайды/.

Ұстаз: Сабағымыздың соңында кестелерге көшейік:
Бұл тест - сұрақтар:

№1 Қай операдағы кейіпкерлер және кім?

Ақшаар
Садко
Аққу - патшайым
Лель
Любава
Мизгирь
Гвидон

№2 Операдағы кейіпкерлердің «дауыстарының тембрі»
Гвидон
Лель
Берендей патша
Көктем
Мирослава
Садко
Ақшақар

№3 Операдағы қай кейіпкердің сөзі?
Кабы была у меня золота казна..
С подружками по ягоду ходить..
Раным рано куры запевали
О, скалы грозные дробят с ревом волны
Как по лесу, лес шумит
Полна, полна чудес
Ох, знаю я Садко меня не любит

№4 «Музыкалық форма»
Опера «Садко» кіріспе (увертюра)
Ақшақардың ариясы
Лельдің 3 әні
Волхованың бесік жыры әні

№5 «Викторина»
№ Композитор, шығарманың аты Бөлімі, тональдік
1
2
3
4
5
6
7

№6 «Реттік номер санын қойып жаз»
«Туча со громом сговаривалась» Лельдің 3 әні 1
Ақшақардың еру сахнасы 5
Үнді қонақтың әні «Не счесть алмазов...» 3
Үш ғажайып. 3б кіріспе 4
Волхованың бесік жыры 2

№1 Қай операдағы кейіпкерлер және кім?

Ақшақар «Ақшақар» операсындағы Аязбен Көктемнің қызы
Садко «Садко» операсындағы негізгі кейіпкер, гусляр
Аққу - патшайым «Салтан петша туралы ертегі» операсындағы
Лель «Ақшақар» операсындағы бақташы
Любава «Садко» операсындағы Садконың жары
Мизгирь «Салтан петша туралы ертегі» операсындағы саудагер
Гвидон «Салтан петша туралы ертегі» операсындағы Салтанның ұлы

№2 Операдағы кейіпкерлердің «дауыстарының тембрі»
Гвидон тенор
Лель альт
Берендей патша тенор
Көктем меццо - сопрано
Мирослава сопрано
Садко тенор
Ақшақар сопрано

№3 Операдағы қай кейіпкердің сөзі?

Кабы была у меня золота казна.. Садко кейіпкердің сөзі
С подружками по ягоду ходить.. Ақшақар кейіпкердің сөзі
Раным рано куры запевали кейіпкердің сөзі
О, скалы грозные дробят с ревом волны Варяж қонағының сөзі
Как по лесу, лес шумит кейіпкердің сөзі
Полна, полна чудес кейіпкердің сөзі
Ох, знаю я Садко меня не любит Любава кейіпкердің сөзі

№4 «Музыкалық форма»
Опера «Садко» кіріспе (увертюра) сонаталық форма
Ақшақардың ариясы күрделі 3 бөлімді форма
Лельдің 3 әні куплеттік - вариациялық форма
Волхованың бесік жыры әні куплеттік - варияцилық форма

№5 «Викторина»
№ Композитор, шығарманың аты Бөлімі, тональдік
1 А. Н. Римский - Корсаков. Опера «Садко»: «Колыбельная Волховы» D - dur, 7 сурет
2 Опера «Садко»: Садконың әні «Ой ты темная дубравушка» e - moll, 2 сурет
3 Опера «Ақшақар»: Лельдің 3 әні «Туча со громом сговарилась» As - dur, 3 бөлім
4 Опера «Ақшақар»: Еру сахнасы 4 бөлім, финал
5 Опера «Ақшақар»: Ақшақардың ариясы «С подружками по ягоду ходить» E - dur, 1 бөлім
6 Опера «Салтан патша туралы ертегі». Полет шмеля
7 Опера «Садко»: Любаваның ариясы: «Ох, знаю я Садко меня не любит» f - moll, 3 сурет

№6 «Реттік номер санын қойып жаз»
«Туча со громом сговаривалась» Лельдің 3 әні 1
Ақшақардың еру сахнасы 5
Үнді қонақтың әні «Не счесть алмазов...» 3
Үш ғажайып. 3б кіріспе 4
Волхованың бесік жыры 2

Презентациясын жүктеу
5 736
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Филармония - өнер шаңырағы
Филармония - өнер шаңырағы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Орыс халқының музыкасы
Орыс халқының музыкасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Ладтың басқа түрлері
Ладтың басқа түрлері
«Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі. Туякалиева Сауле Биболатовна
Музыка рисует и повествует
Музыка рисует и повествует
город Актобе СШ №53 учитель музыки Каримова Гульфия Кутдусовна
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×