Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саздан туған сазсырнай

06 мам 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
Музыка пәні мұғалімі: Сардарбекова Куралай

1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Саздан туған саз сырнай
Оқу мақсаттары: Тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық шулы аспаптарда ойнап ән айту.
Дыбыстар, әуендер және ырғақтармен танысу үшін өз дауысы мен шулы аспаптарды пайдалану.
Үйренген әннің мазмұнын айту, талдау.
Тілдік мақсатқа: Дыбыстарды сипаттау үшін сын есім сұрақтарын қолдану және олардың мәнін түсінетіндігін музыка арқылы түсініп көрсету.
Қатты, ақырын, ақырынырақ, үрлеу, ұру, шерту арқылы.
- Бұл дыбыс неге ұқсайды?
- Осы дыбыс нені еске түсіреді?
- Осы дыбысты қалай өзгерте аламыз?
Пән аралық байланыс: әдебиет, шет тілі, сурет
Оқыту ресурстары: Аудио немесе бейне сандық жазба құралдары, шулы аспаптар, үрмелі
карточкалар, слайд материалдары.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпқа кіріп балалармен амандасу
Көңіл – күйлерін сұрап отырғызу. Назарын сабаққа аудару
Қандай ғажайып сырлы аспаптарды білесіңдер?
Сыбызғы - үні қандай? Қандай әріптен басталып тұр?
Шаңқобыз - Қандай әріптен басталып тұр?
Домбыра - Қандай әріптен басталып тұр? қандай ән білеміз?
Топқа бөліп алу: С тобы, Ш тобы, Д тобы
Домбырасыз сән қайда? Бәрі бірге орындау
Мимикамен орындау 1 - шумақ қайырмасымен

Жұмбақ шешу:
Сазымнан жасалған,
Өрнектеп қашалған.
Сырнайдың үніндей,
Бұлбұлдың біріндей.
СФФФАФФЗФФСФФЫФФРФФНФФАФФФЙ

Сазсырнай аспабымен таныстыру
Аңыз әңгіме
Ерте, ерте, ертеде баяғы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол күнде өзінің ауылының қойларын бағады екен. Сөйтіп жүріп күн көріпті. Бір күні қойды өзен жағасына жаяды. Сол күні күн ыстық болады. Асан қатты шөлдеп, торсығына құйып алып шыққан суын ішеді. Бір кезде қолынан торсығы түсіп кетеді де суы жерге төгіледі. Ол жердің топырағы сазды екен. Асан жерге отыра қалып су араласқан сазды қолмен ұстап уқалап ұзақ уақыт отырады. Қолы талған соң оны тастың үстіне қойып, кептіреді де қалтасына салады. Сөйтіп отырғанда қойды ауылға апаратын уақыт болады. Қойды ауылға айдап келеді де тамағын ішеді.. Кешкісін достарымен өзен жағалауында отырғанда қалтасынан бірдеме қолына батқандай болады. Қараса манағы сазбалшық екен. Оны досы Асқар көріп, қызығып кетеді.
- Асан мынау не? Өзі қаздың жұмыртқасына ұқсайды екен деді таңырқап.
- Өзімде білмеймін. Мана қой бағып жүріп сазды уқалап көріп едім осындай сопақша көлемді болып шықты. Асқар қане маған көмектесші. мен бұдан бір ерекше аспап шығарғым келіп отыр.
- Асан айтты:
- Олай болса бұны отқа қыздырайық. Әкемнен көргендерім бар. Ол кейбір аспаптарды отқа қыздырып жасайды. Сонда ол аспап мықты болады дейді.
- Сөйтіп Асан мен Асқар сазды отқа қыздырады. Қыздырып болған соң әр жерінен тесіктер жасайды, ол әдемірек болу үшін жиектеріне ою салады. Екеуі түні бойы еңбектеніп таң ата ұйықтап қалады. Таңертең Асқар ұйқыдан тұрып қараса Асан балшықтан жасалған әдемі аспапты үрлеп тартып отыр екен. Әр үрлеген сайын әсем әуендер шығады. Сөйтіп оны барлық ауыл адамдары көріп таңданады. Өз жасаған туындысына Асан «саздан туған сазсырнай» деген атау береді. Себебі ол саздан жасалғандықтан. Осылайша сазсырнай дүниеге келген екен.

Сазсырнай - сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай, сапалы саз - балшықтан жасалған аспап. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң - құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған. Шеңбер аумағы 15 - 18 см, жалпы ұзындығы 10 - 12 см болады. Ертеде 3 - 4 ойығы болса, қазіргі таңда 5 - 6 ойықтары салынады. Ойықтары саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сонымен бірге, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі толқынының дұрыс жетуіне байланысты.
- Үнін естіген оқушы бар ма? Үнін тыңдағыларың келе ме?

Қазақтың музыкалық аспабы - каз. Музыкальный инструмент – mysukl unctryment caz cyrnai
- Ендеше үнін тыңдап көрейік. Үнтаспа қосылады.
Сергіту сәті
«Сал күрең» күйіне қосылып аспаптармен ырғақты көрсету

Топпен жұмыс
Әр топқа карточка таратып беріледі
Парақшада не бейнеленген? аспаптың суреті.
Ашық түсті бояумен бояймыз.
Сендер қандай әдемі бояғансыңдар. Аспаптың дыбыс бояуы да нәзік әдемі екен.
Міне балалар сурет сабағы бізге көмекке келді.
Олай болса К. Қуатбаевтың «Сурет сабағы» әнін үйренейік.
«Урок рисование» - «Droyn leccon»
Ұрмалы шулы аспаптар көмегімен орындау

Қорытындылау:
Сәйкестендіру тест: С тобына
Домбыра тілшікті
Сазсырнай ішекті
Шаңқобыз үрмелі
Сыбызғы

Қайсысы артық? Д тобына
Домбыра
Балта
Сазсырнай
Сыбызғы

Композиторға рахметімізді білдіреміз.
Жарайсыңдар балалар!
- Бүгін қандай аспаппен таныстық?
- Сазсырнай
- Сазсырнай неден жасалады екен?
- Саздан.
Сазсырнайдың пішіні неге ұқсас?
Жұмыртқаға
- Жарайсыңдар!

Үйге тапсырма беру. Әнді жаттау, аспаптарды есте сақтау.
8 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің дауысым
Менің дауысым
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары 1. 1. 2. 1 Қарапайым музыкалық пьесаларды, жаттауға берілген әндер мен шағын әндерді жеке орындау. 1. 4. 2. 1 Музыкалық сауаттылықты дамыту.
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хасенова Галя Рахымжанқызы
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×