Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақыт гүлін терген күн!

06 мам 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
Казталов ауданы, Жанажол ауылы
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна

«Бақыт гүлін терген күн!»
І. Жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ауылдастар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан ұшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар - ошарсыз кетті.
Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

ІІ Жүргізуші
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Сөз ауыл, округ әкімі Арман Болатұлына беріледі.
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті еді.
Би: Вальс

І жүргізуші:
Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4 - те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
( «Священная война» әні ойналып, қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің - ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебен киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
(«Священная война» әні ойналып, солдатты соғысқа шығарып салады).
Ортаға мектеп бітіруші түлектер шығып, қыздар арасындағы ер азаматтарды соғысқа шығарып салады.
Ту ұстап жер ана шығып, қыздар мен жігіттердің арасын тумен бөліп,
жігіттерді соғысқа алып кетеді.

І жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

ІІ жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
Ән «Кестелі орамал» Орындайтын Сатиев Сапар (Артына көрініс қойылады)
Көрініс: «Майдангер хаты»
«Майданнан хат» (майдангердің хаты):
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз - анама
«Жақыным - жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.

«Майданға хат» (анасының хаты):
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамады.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман - сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ - қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.
Қайырмайды тілімді,
Жібектей майда жамылған.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!

Ән: «Ана туралы баллада» Орындайтын: Капезова Гулдана
(слайд көрсетіледі)
Би: «Катюша»

І жүргізуші:
Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

IІ жүргізуші:
Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан - жақтан,
Осылай соғыс басталды.
Документальный фильм
Монтаж:
Арухан:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қызды4 да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

Би: «Смуглиянка» «Еркем - ай» тобының бүлдіршіндері

І жүргізуші:
Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
І жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО - ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

IІ жүргізуші:
Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындайтын: Арыстанғалиева Абзал
(артында көрініс қойылады)

І Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

ІІ Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс

І жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман саумысың?

«Қариялар азайып бара жатыр" әні
Орындайтын: Искакова Айнұр, Капезова Гулдана
ІІ Жүргізуші:
70 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

І Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

ІІ Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
«Атамекен»
І жүргізуші: Биыл Ассамблеяға 20 жыл толды. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті - кеңесші орган ретінде құрылды.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды.
«Ассамблея» бүлдіршіндер әр ұлттың киімін киіп шығады.
3 818
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдыбаева Құндыз Батырқызы
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Шымкент қаласы, №68 жалпы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қосыбаева Мадина Абдибековна
Жеңіс күні
Жеңіс күні
Северо - Казахстанская область, Район имени Г. Мусрепова, с. Новоселовка, Новосельская средняя школа зам по ВР Сыздыков Аман Каиржанович
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН (жеңіс күніне арналады)
БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН (жеңіс күніне арналады)
Атырау қаласы, Атырау Бизнес және құқық колледжі Математика пәні мұғалімі Мукашева Ажар Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×