Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН (жеңіс күніне арналады)

20 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау қаласы,
Атырау Бизнес және құқық колледжі
Математика пәні мұғалімі
Мукашева Ажар

Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн»
Мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету, оқушылардың анаға деген құрмет сезімін нығайту болып отыр.

Көрнекілігі: залдың іші шарлармен безендірілген, кештің аты жазылған, ардагер аналарымыздың суреттерінен слайдтар жасалған.

Кешке қатысушылар:
Ардагер аналар, колледж мұғалімдері, студенттер

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен колледж қонақтары!
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Бақыт гүлін терген күн» деп аталатын әдеби-сазды кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші: Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн,
Ағаларға ерген күн
Бақыт гүлін терген күн.- деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай, «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған кешіміздің алғашқы сөз кезегін тәрбие істері жөнідегі орынбасары Светлана Кәйкенқызына береміз.

І жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:
Есмағанбетова Сәуия .........

ІІ жүргізуші: Ән «Синий платочек» орындайтын колледжіміздің орыс тілі пәні мұғалімі Есенаманова Баян апай
І жүргізуші: Ана ол біздің елге ардақты адам,
Кіші де үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған - дей отырып, осы әніміз сіздерге арналады құрметті аналар.
Ән «Анаға хат» орындайтын І курс студенті Нұғмарова Мария

ІІ жүргізуші: Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген - сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген, соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.
Бүгінде ортамызда отырған аналарымыз бен әкелеріміз өз қолдарынан келгенше майданға көмек қорларын құра бастады. Мұндағы мақсат Жеңіске тез жету. Маусым айында облыстағы Мемлекеттік банкі бөлімшесінің, облыстық қаржы бөлімі қызметкерлері, Жамбыл атындағы балық аулау ұжымшарының балықшылары, «Қазақстан мұнай» бірлестігінің кәсіпорындарының кеңесі, «Қазақстан мұнай құрылыс» бірлестігінің автотранспорт кеңсесінің қызметкерлері өздерінің ұжымдық жиналыстарында соғыс жеңіспен аяқталғанға дейін майданға көмек ретінде ай сайын бір күндік еңбек ақыларын аударып отыруға шешім қабылдады. Мысалы, осының нәтижесінде 1941 жылы Қазақстан мұнай құрылыс бірлестігінің автотранспорт кеңсесінде 18869 сом, балық құтты комбинатында – 16720 сом, байланыс кәсіп орындарында 32, 5 мың сом жиналды.

I жүргізуші: Тылдағы еңбек адамдарының көпшілігі әйелдер болғандығы белгілі. Кеңес Одағының бір топ отаншыл қыздарының майданға көмек көрсету туралы үндеуін талқылағаннан соң «Алғабас» ұжымшарының еңбеккер әйелдері қорғаныс қорына 52 күміс сақинаны. 4 сомның күміс ақшасын, жалпы салмағы 6, 6 кг болатын әр түрлі күміс әшекейлерді тапсырды.

ІІ жүргізуші: Ендігі сөз кезегі ардагер аналар -
Есмағанбетова Сәуия
Урбисинова Жамиля
Тұрланова Ақша
Сыралиева Марфаға беріледі.

І жүргізуші:
Иә, аспанымызда жеңіс туы желбірегеніне – 65 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан айырылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенімізге – 65 жыл.
65 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
65 жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері алпыс бет рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Талай құс содан бері талай оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды
Соғыста тек өлгендер оралмайды,
Тек ұрпақ олар турлы айтады әнді.
65 жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әлі.
65 жыл – жауымыздың ажал оғы,
Біздің елдің үстемінен ұшпағалы.

ІІ жүргізуші: Сен неткен Отан – анам ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным – қазақ елім.
Ән « Әкешім – Анашым» орындайтын І курс студенті Кеңесов Қуаныш.

І жүргізуші:
Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, тала ақын, талай дана.
Ана ол біздің елге ардақты адам,
Кіші де, үлкен де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанды да,
Ана деп біздің халық теке айтпаған.

ІІ жүргізуші:
Иә, 1941 жылдың 17 тамызында өткен бүкіл одақтың комсомол жастардың жексенбілігіне Мақат ауданындағы кәсіпшіліктердің 5430 адамы қатынасып, 52426 сом, Щевченко ауданының ұжымшарларының мүшелері 12017 сом тапты және оларды Отан қорғау қорына аударды, Атырау қаласында жиналған металл сынықтарынан 8414 сом түсті. 7 қыркүйекте өткен 2-ші жексенбілікке облыстың 26421 адамы қатынасып, 88381 сом еңбекақы тапты., 23 қарашада өткен 3-ші жексенбілікте 22145 адам болып, 76 мың сом аударылды.
Міне, өлкемізде майдан жауынгерлерінің қажеті үшін еңбек етіп, өздерінің еңбек жолдарын соғыс кезіндегі жұмыстан бастаған сол кездегі жас қыздарымыз бүгінде ақ шашты ана болып ортамызда отыр.

1 жүргізуші: Ендігі сөз кезегін -
Серікбаева Слухия
Құлжанова Қаншайым
Қалдыбаева Қансұлу
Қабиева Мүсен аналарымызға береміз.
Күй « Адай» орындайтын І курс студенті Кеңесов Қуаныш.

ІІ жүргізуші:
Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн,
Ағаларға енген күн
Бақыт гүлін терген күн.

І жүргізуші: Жеңіс! Иә, расында да бұл сөз бес әріптен тұрса да мән – мағынасы зор. Біз бұл сөзді қуаныш қып мақтанып айтамыз. Міне, Ұлы Жеңіске 65 жыл болды. Жеңіс күні жыл сайын оралатын ардақты сәт. Осы Жеңіс күнін жасы да, кәрісі де қуанышпен тойлайды.

ІІ жүргізуші: Терме: орындайтын І курс студенті Әсетова Ханбибі.

І жүргізуші:
Желбіре, көгілдір ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім кием – дағы,
Айбарың айтсын сөзді адасқанға.
Азаттық аңсарымен кемел қармап,
Атынан алашымның топқа кірді,
Көк туы қазағымның әлем шарлап.

ІІ жүргізуші:
Н. Назарбаевтың сөзіне жазылған Б. Тілеухановтың әні « Елім менің» әні.
Орындайтын І курс студенті Талапов Қуандық.
І жүргізуші:
Осымен кешіміз аяқталды келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз
13 913
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 Наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар мен өлең шумақтары
8 Наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар мен өлең шумақтары
Наурыз – Сәуір егізі, Бүгін оның сегізі. Ең бақыт гүл, ең бақыт гүл Анаға айтар лебізі.
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Бақыт гүлін терген күн!
Бақыт гүлін терген күн!
Қайырлы күн, құрметті ауылдастар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан ұшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдыбаева Құндыз Батырқызы
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Шымкент қаласы, №68 жалпы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қосыбаева Мадина Абдибековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×