Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән мен күйді не жақындатады?

16 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Ән мен күйді не жақындатады?
Мақсаты:
- ән, би, күй жанрлары бойынша алған білімдерін қайталау, тиянақтау.
- музыка өнерінің дамуының түп негізі – халық музыкасына құрметпен қарауға, ұлттық өнерден эстетикалық әсер ала білуге тәрбиелеу.
- балалардың еркін сөйлеу, өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау қабілетімен қоса, шығармашылық ой - өрісін дамыту
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Әдісі: жарыс, ойын.
Көрнекілігі: ұлттық оюлар, қағаз теңгелер, суреттер,
Құрал – жабдығы: ямаха, интерактивті тақта, СД диск,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Музыкалық сәлемдесу. Дауыс жаттығуын жасау. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сабақтың ерекшелігіне назар аудару, мақсатымен таныстыру.
2. Мақсат қою:
Әнші, биші, күйшілер туралы алған білімдерін қайталау, есте сақтау, тиянақтау.
3. Білім тексеру:
- Балалар, мына адамдарды өнердің қай саласынан көреміз? /тақтада: Күләш, Шара, Құрманғазы /

Сыныпты үш топқа бөлу: 1. Әншілер 2. Бишілер. 3. Күйшілер.
- Балалар, біз бүгін қазақ халқының ұлттық ойыны «Теңге алу» ойынын ойнаймыз. Ойын туралы мағлұмат беру. (Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30 - 40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атанып, жүлде алады). Тақтада теңге алу ойынының суреті.

Бұл ойын жылдамдық пен алғырлықты талап ететін ойын. Шарты:
Теңгелер – 5тг; 10тг; 20тг; Теңгенің құны өскен сайын сұрақтар да күрделене түседі. Дұрыс жауап бергені теңгені алады. Әр топқа екі 5тг, екі 10тг, екі 20тг.
І бөлім: 5тг сұрақтар:
1. Құрманғазының күйі
2. Қобыз аспабында ойнаған күйшіні ата
3. Қазақтың бұлбұлы атанған қыз
4. Құрманғазының шәкірті.
5. Қорқыттың күйі.
6. Дәулеткерей мен Құрманғазының есімдері кездесетін ән
Ендеше І бөлімнің қорытындысы ретінде осы «Домбырасыз сән қайда?» әнін бізге әншілер тобы орындап берсін.

ІІ бөлім: 10 тг сұрақтар:
1. Домбыра аспабының құрылымы.
2. Қобыз аспабының құрылымы.
3. «Сарыарқа» күйі қандай тақырыпқа жазылған?
4. Күләш пен Шара Қай жерде туылған?
5. «Жез киік» кімнің күйі?
6. Салыстыр: «Қосалқа» мен «Сарыарқа» күйлерінің қайсысына билеуге болады?
СЕРГІТУ: Бишілер тобымен бірге барлығымыз би қимылдарын жасайық. Ол үшін «Қошқар мүйіз», «Тұмарша», «Құстұмсық» оюларын пайдаланамыз:

ІІІ бөлім: 20тг сұрақтар
1. «Ақсақ құлан» күйі туралы не білесің?
2. «Домбырасыз сән қайда?» әнінің көңі - күйі қандай?
3. Тембр деген не?
4. Халық күйі деген не?
5. Регистр деген не?
6. Тыңдаған музыканың атын тап: («Сарыарқа»)
Топ басшылар бағалау кестелерінде жауап беріп отырған өз тобының балаларын белгілеп отырады. Жауап беру есебі шығарылғаннан кейін жинаған теңгелерін есептеп оқушылар бағаланады. Теңгені көп жинаған топтың ұпайы жарияланады.
Ендеше есепшілерге арнап «Есеп сабағы» деген әнді хормен орындап берейік.

Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі сабақта сендер нені еске түсірдіңдер?
- Қандай атақты адамдарды есте сақтау керек?
- Сендерге музыка сабағы ұнады ма?
- Қандай ұлттық өнерлерді музыкамен байланыстырдық?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1. «Сарыарқа» күйіне иллюстрация жасау.
2. Қобыз аспабына арнап бір шумақ өлең жазып келу.
3. Өткенді қайталау.
5 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық күйімен жұмыс
Халық күйімен жұмыс
Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, рухани жан дүниесін байыту.
Чунга - чанга биін үйрену
Чунга - чанга биін үйрену
Би өнері туралы білімдерін тиянақтау, қазақ бишілері туралы білімдерін кеңейту, әуен ырғағымен би қимылдарын дұрыс орындау, өнер адамдарын құрметтеу, әсемдікке, сезімге, еңбекке тәрбиелеу, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға баулу.
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Туынды және оның қолданылуы (Қайталау)
Туынды және оның қолданылуы (Қайталау)
Туынды туралы толық білімдерін қайталау
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×