Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңашыл әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың өнерге деген талғамын және қызығушылығын арттыру

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Музыка
Шымкент қаласы
№42 Хамза атындағы жалпы орта мектеп
музыка пәні мұғалімі Мараимова Ақбота

Тақырыбы: Жаңашыл әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың өнерге деген талғамын және қызығушылығын арттыру.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Музыкалық өнер арқылы оқушылардың дүниетанымын, танымдық ой - өрісінің артуы.
2. Сабақта жаңашыл әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушыларға музыкалық өнердің қыр - сырын жеткізе білу.
3. Музыкалық өнердің бала тәрбиесіне ықпалы және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті біліммен қаруландыру – бүгінгі күннің басты талабы. (Н. Ә. Назарбаев)
Қазіргі кезде тәуелсіз еліміздің ертеңі жас жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан - жақты қабілетті ұрпақ – халқымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педогогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – оқушыны жан - жақты дамытуда, білім беруде ұлттық қасиеттерді жете түсінетін ұрпақ дайындау.

Олай болса, ұрпағымызды тәртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру үшін мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдалана біліп, сабақтан тыс іс - шаралар арқылы ұлттық құндылық қасиеттерді бойына дарытуымыз қажет. Өйткені оқушылар бойындағы зерігушіліктің әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған жол – халқының әдет - ғұрпындағы, салт дәстүріндегі, өнердегі әдептілік таным - тағылымы. Сондықтан балаларымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.

Білім – өркениеттіліктің өлшемі әрі тетігі. Өлшем болатындығы – кез - келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Сондықтан, қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген оқытудың жаңа технологиясы пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқытудың мақсатына жетудің бірден - бір жолы.
Музыкалық танымды дамытудың маңызды кезеңі көркем сананың қалыптасуы. Білім алудың алғашқы кезеңінде барлық оқушылар бірдей ақыл тоқтата қоймағандықтан, олардың мінез-құлқынан ерекшеліктер байқалып тұрады. Олардың музыка мәдениетінің қайнар көзіне деген құштарлығы бірте - бірте пайда болады. Олар әсем де әуезді саздың қоғамдағы орнын, оның қасиеттерін білумен бірге, қандай тарихи ақпарат беретінін де сезінгісі келеді.

Музыкалық танымға деген қызығушылық – қызық әрі маңызды педагогикалық процесс. Себебі дәл осы танымдық процесс арқылы қажетті білім деңгейін меңгеруге болады. Осы негізде тәрбие беру міндеттерінің ауқымы кеңіп, көркемдік қызығушылық, тарихи көзқарасты қалыптастырудың да мүмкіндіктері туады. Бұл процесс оқушылардың біліктілігін жан - жақты кеңейтіп, мол тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұл кезеңнің маңыздылығы оқушылардың жадында музыкалық танымының қалыптасуымен дараланады. Педагогтік ұжымның мұндай процестің қалыптасуын тарихи негіздегі жекеленген ой - пікілердің тууы негізінде байқағаны жөн.

Оқушылармен жұмыс үстінде көркемдік - эстетикалық танымның тереңдеуіне орай музыкалық ақпарат көлемінде ұлғайтып отыруға болады. Көркем таным оқушының тұрақты белсенділік деңгейін танытатын жеке тұлғаға тән қасиет болғандықтан, оның жас ерекшелігі жағынан қалыптасу процесі де ерекше назар аударады. Себебі жеке тұлға, бір жағынан, өзінің өсіп - өркендеу жолында, екіншіден, педагогтік тұрғыдан әсер етудің нәтижесінде қалыптасады. Жеке тұлғаға тән көркем таным адам дүниетанымын қалыптастыратын қоғамдық пәндердің ықпалымен де жинақталады.
Музыкалық - әдеби шығармаларды, ертегі - эпостарды, мақал - мәтелдерді, аңыз әңгімелерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқу - тәрбие үрдісінде кеңінен пайдаланудың мәні зор. Олар балалардың ішкі жан дүние сезімдеріне әсер етіп, танымдық - тәрбиелік мәнге ие болады. Орта мектептің ән - күй сабағында халық педогогикасы материалдарын пайдалану оқушыладың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдетіп, бізге таным міндеттерін алға қоюға, оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді қолдануға мүмкіндік жасайды. Танымдық белсенділік дегеніміздің өзі – оқушылардың оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше бір көрінісі, яғни оқушы білім алуда ілгері қарай жылжып, білмеуден білуге қарай қадам басады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 817
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз.
Қабілетті оқушылармен істелетін жұмыс түрлері бағдарламасы
Қабілетті оқушылармен істелетін жұмыс түрлері бағдарламасы
Жеке қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып, ұжымдық жұмыстан бөлінбеуін қадағалап, қолдау көрсету барысында әр деңгейдегі жеке тапсырмалар беруді жоспарлау.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×