Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде

20 тамыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде
Мақсаты: Балаларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу. Балалардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру.
Ортаңғы «А» топ тәрбиеленушілерінің орындауында «Наурыз сазы» әні.
Қазағым наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.
Наурыз тойы ақ батамның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
- Құрметті мерекеге қатысушы халайық! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мереке аясында өткізіліп отырған «Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
- Топ арасында өткізілгелі отырған «Тәтті немерелерімен келген әжелер сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.
Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен - саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл - гүл жайнап біздің мынау төрімізге.
(әжелер ортаға шығады, әуен ойналады)
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен - деп
- Енді сіздерді бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған топ бүлдіршіндері мен әжелерімізді таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Бағила әже немересі Ақтілекпен
2. Ықпал әже немересі Нұржанмен
3. Күлмараш әже немересі Асылжанмен
4. Күлшаһар әже немересі Диаспен
- Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділ қазылар алқасының төрайымы:
Балабақшамыздың меңгерушісі
Балабақша әдіскері
Қазақ тілі қоғамының мүшесі
Ардагер ұстаз ана

(Біздің сайысымыз V кезеңнен тұрады.)
І кезең. «Сәлем сөздің анасы». (таныстыру).
ІІ кезең. «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерлерін ортаға салады.
ІІІ кезең. «Халық тәлім - тәрбие бастауы» сұрақтар мен тапсырмалар.
ІV кезең. «Әжелердің таңсық тағамы - ай» деп аталады. (қазақтың ұлттық тағамдары).
V кезең. «Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» (әжелер қол өнерден, немерелері сурет салудан өнер көрсетпек).
VІ кезең. «Әжемнің ақыл қоржыны» деп аталады.( әжелер ырымдар, тиым сөздер, бата түрлері және баланың жеті жасқа дейінгі рәсімдерін айту).
Ендеше сайысымызды бастамас бұрын, ашылу сөзі мен өз тілегімен білдіруге, балабақшамыздың меңгерушісі, осы бүлдіршіндеріміздің анасы Бағым апайымызға сөз берсек.
«Апатай» әнімен ересек тобының тәрбиеленушісі Дәуреннің орындауында қабыл алыңыздар.
Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар!
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар!

І кезең. «Сәлем сөздің анасы» дегендей сөз кезегі өздеріңізге беріледі. (Әжелер мен немересі өздерін таныстырады.)
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт - дәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнері әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда - дегендей біздің

ІІ кезең. «Өнерлі өрге жүзеді» (Өз өнерлерін ортаға салады.)
Жарасады міне, енді,
Нағыз тойдан қашпасақ.
Таласады кімде - кім,
Өлең жырдан бастасақ.
Қайғы - мұңды дәл бүгін,
Ысырып кейін тастасақ.
Салт дәстүрмен жарыса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

ІІІ кезең. «Халық тәлім - тәрбие бастауы» сұрақтар мен тапсырмалар.
Алдарыңызда суретті сұрақтар мен тапсырмалар берілген, барлық әжелер мен немерелеріне бірдей тапсырма. Таныстырып өтейін:
Дайын болғанша ортаңғы «Б» топ тәр/сі: Бибінұрдың орындауында «Анашым» әні қабыл алыңыздар.
Ересек топ тәр/сі: Анелдің орындауында «Жас дәуірдің түлегі»

ІV кезеңіміз «Әжелердің таңсық тағамы - ай» деп аталады.
Тентек болсам, ашылып,
Жақсы іс қылсам, асырып,
Маған сақтап жүреді,
Тәттісінде жасырып.
«Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы» деп аталатын көктем мезгілінде адам бойында әлсіздік, шаршау пайда болатыны белгілі. Өйткені адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаяды. Бойдағы әлсіздікті жеңу мақсатында ертеде әжелеріміз денеге сіңімді, жұғымды тағамдарды дайындайтын болған. Бүгінгі әжелеріміз қандай дәм түрлерін дайындап әкелді екен?
Ендеше, әжелеріміз өздерінің дайындап әкелген қазақтың ұлттық тағам түрлерін таныстырып, қажеттілігі туралы айтып өтсе.

V кезең. «Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» деп аталады.
Бұл кезеңде әжелер қол шеберлігінен өнерлерін көрсетпекші болса, немерелері әжесіне қандай сыйлық бергісі келетінін сурет арқылы көрсетпек.
Ендеше біздің қол шеберлік бұйымдарымыз дайын болғанша Ортаңғы «Б» тобының тәрбиеленушісі Меңсұлу қыздарыңыздың орындауындағы «Әдемі - ай» әнін қабыл алыңыздар.
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп – деп ересек тобының биші қыздарын шақырамыз.

VІ кезең. Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер, ырымдар және баталар мен әдет - ғұрып, салт - дәстүрлер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі кезеңіміз.
«Әжемнің ақыл қоржынына» кезек берсек.. Сандықшаның ішінде қоржындар бар, қалаған қоржынды алып жауап беруіңізге болады.
- Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың.
– дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі - өнегелерін отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Енді сайыс қорытындысы шыққанша «Анашым» ересек тобының тәрбиеленушісі Аймырза Нұрболаттың орындауында қабыл алыңыздар.
Сайыс қорытындысын тыңдау. (Әділқазыларға)
Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,
Әділқазы сіздерге де көп - көп рахмет!
Көрсетпесін өмір - өзен ешбір тауқымет,
Ризамыз ата - анаға жүрген демеп!(қатысушы әжелер тілегіне беру)
- Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу).

- Әжелерді марапаттау.
Әже мерейі күн көзімен пара - пар,
Тұла бойға қуат беріп таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз, ақ ниетті аналар, – дей отырып бүгінгі сайысымызға
қатысқан аяулы асыл әжелерімізге, апаларымызға көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі - өнегелеріңізді өскелең ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады.
Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер!
Сіздерге көп - көп рахмет!
7 337
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің қызғалдақтай Наурыз
Қош келдің қызғалдақтай Наурыз
Балалардың наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін, дамыту. Халқымыздың салтын әдет ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Әже ұлағаты
Әже ұлағаты
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Б. Аманшин орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×