Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің қызғалдақтай Наурыз

09 наурыз 2023, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қош келдің қызғалдақтай Наурыз
Мақсаты: Балалардың наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін, дамыту. Халқымыздың салтын әдет ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ата аналар апайлар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді. Наурыз тойларыңыз құтты болсын.
Ілесіп наурызбен көктем жетсін
Көңілін үлкен кіші көкке өрлетсін
Еңсесі көтеріліп ер азамат
Ескі жылмен реніш өкпең бәрі кетсін деп наурыз жыл басы құтты болсын. Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын. Халық тоқ болсын. Еліміз тыныш болсын. Баршамызға бақ қонсын.

Хор: Дастархан аууу
Тақпақтар:
Асылым
Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арнласын
Бүгінгі жыр әніміз
Ы. Ерасыл
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар

Жүргізуші:
Қазағымның салт дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ атты үлкен кіші балдырған
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен кіші жасымыз кәріміз де
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге
Ортаға әжелерімізді шақырамыз, төрлетіңіздер әжелер құтты орындарыңызға жайғасыңыздар.
Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық
(Шашу шашат әжелер)

Жүргізуші: Келе жатқан үзілмей бабасынан
Қазақ үшін қымбат жоқ баласынан
Әлі талай шығады нағыз шара
Қыздарымыз бишілердің арасынан
Кішкентай мың бұралған биші қыздарымызды Қамажай биімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар?

Жүргізуші: Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, алдын ала дайындалған. Үлкенді кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан.
Жолың болсын деселік.
Жолыңа нұр төселік
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кеселік
Қаз басып жүрген баланың тұсау кесу ырымына көңіл аударайық. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында « Тұсау кесер»тойы өткізіледі. Осы тұсау кесер тойынын кішкене көріністі тамашалаңыздар.
Тұсау кесер. (салты)

Жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
Құрметті ата аналар, «тәрбие тал бесіктен басталады»демекші тұрмыстық салт дәстүрлерге байланысты сіздерге конверттер таратамын сіздер оның ішіндегі сұрақтарға жауап бересіздер.
1 - кезең (конверттегі сұрақтарға жауап бересіздер)
2 - кезең Алдар атаның қоржынындағы сұрақтарға жауап бересіздер
3 - кезең Түс киізді оюлап түрлі түсті қағазбен қағаз бетіне түсіру.
Сіздер ойланғанша менің кішкентай бүлдіршіндерімнің жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Тақпақ
Ақниет
Рухия
Тәуелсіз елдің адамы
Бейбіт берік қамалы
Құт болсын дейік ағайын
Жаңа күн Наурыз қадамы
Осы кезде музыка ойналады Алдар көсе келеді.
Алдар көсе ойын ойнатады
Ойынның шарты:
Жүргізуші.
Ей балалар балалар
Енді маған қараңдар
Наурызды тойлайық
Қызық ойын ойнайық
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сол ойындардың ішінен біз Қыз қууды алып отырмыз. Ал, балалар ендеше күшімізді сынап ойнап көрейік. Ұлымыз қызымызды атпен қуып жету керек.

Ойын: Қыз қуу
Енді ата аналарға тапсырма сіздер ақ қағаздың бетіне әр түрлі түс қағаздан түс киізді саласыздар.(Сіздердің бірнеше минуттарыңыз бар)

Жүргізуші:
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жасымнан жақын маған бәрі
Теңермес ем оларға мен
Ешбір асты ғаламдағы
Асыл әжелеріміздің орындауында «Қазақы дастарханым»әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Қазақы дастарханым
Оу, халайық халайық
Биге көңіл салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Би: Қара жорға (қабыл алыңыздар)

Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын
Деніміз сау болсын
Наурыз тойы келе берсін
Барлық халық бақытты болсын.
Қош сау болыңыздар халайық
Көріскенше күн жарық болсын!

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
«Ақерке» бөбек жайы КМҚК тәрбиешісі:
Токешова Асель Кайырбековна
3 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге,
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Төрлет, Наурыз төріме!
Төрлет, Наурыз төріме!
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет - ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Армысың, Әз-наурыз
Армысың, Әз-наурыз
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×