Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Музыка
Музыка 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны
(1925 - 1998)
Сабақтың мақсаты: Н. Тілендиев өмірбаянымен таныстыру. Оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына көзін қанықтыру, таныстыру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ойлауға,
Қиялдай білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Композитордың суреті, интерактивті тақта.
Слайдтар, баян аспабы, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Мұқан Төлебаевтың өмірбаяны және шығармасы.
М. Төлебаевтың ең атақты шығармасы қандай?
Қандай ән - романстар жазды?
Қазақтың қандай кәсіби композиторларын білесің?
3. Оқушыларды бағалау.

4. Жаңа сабақ. Нұрғиса Тілендиев /1925 - 1998/
Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шың дарын иесі, ойлы да сезімтал, білімді, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалысқан атақты, талантты композитор атақты домбырашы, әрі дирижер
Н. Тілендиев 1925 жылы сәуірдің 1 - і күні Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы.
Алматы ұлттық консерваториясымен Мәскеу консерваториясында білім алған. 1981 жылы белгілі «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін оның бас дирижері болды.
Оның «Көш керуені», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқиса», «Махамбет» т. б күйлері халыққа кең тараған.
50 - ден астам драмалық спектакльдер мен 19 кинофильмдерге музыка жазды. Соның ішінде «Қыз - Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа» фильмдерге, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» сияқты 17 мультфильмге музыка жазды.
2000 жылы «Отырар сазы фольклорлық - этнографиялық оркестріне
Н. Тілендиев есімі берілді. Суреттен көріп отырғанымыздай әкесінен қалған оркестрді қайта жаңғыртып, Динара Нұрғисақызы дирижерлық етіп, болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр. Әндері: «Саржайлау», «Әке туралы жыр», «Құстар қайтып барады» т. б

5. Музыка тыңдау: «Ата толғауы», «Көш керуен» күйлерін тыңдау.
Күйлерді тыңдай отырып, қазақтың аспаптарының орындалуын ажыратамыз. Орындалу ретіне қарай орналастырып, дәптерімізге жазамыз.
5. Ән үйрену. «Жан анам» әні. Музыка: Е. Өміров Сөзі: Қ. Жәленова
Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Дұрыс айтасыңдар.
Алдымызда 8 - ші наурыз халықаралық аналр мен апаларымыздың, апайларымыздың мерекесі келе жатыр. Осы ретті пайдалана отырып, барлық аналарымызды, апайларымызды құттықтаймыз!
Бүгінгі үйренетін әніміздің негізгі мазмұны осы аналарымызға арналған. Сондықтан әркім өз анасын құрметтеп, сыйлауы керек.
Алдымен әнді өзім айтып көрсетем. «Жан анам» әні жұмсақ тембрлі, асықпай, ашық орындалады. Балаллар әнді жұмсақ сазды әуенмен жеткізеді.
Мақал - мәтелдер
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.

Ана алдында - құрмет,
Ата алдында - қызмет.

Даусымызға жаттығу жасату: До мажор гаммасы.
Әнді 2 - 3 рет айтқызу, қиындық келтіретін жерлермен жұмыс жасау.
Парта - парта бойынша айтқызу, баян аспабымен қосылып айтқызу.

6. Қазақстандық кәсіби композиторлар мен олардың шығармалары:
А. Жұбанов «Абай» операсы
Е. Брусиловский «Қыз Жібек» операсы
Н. Тілендиев «Ата толғауы»
М. Төлебаев «Біржан - Сара» операсы

7. Сабақты қорытындылау:
1. Н. Тілендиев кім?
2. Ол қандай шығармалар жазды?
3. «Ата толғауы» күйінде қазақтың қандай аспаптары бар?
4. «Көш керуен» күйінде жылдың қай мезгілін суреттейді?
5. Нұрғиса қандай өнер ұжымын құрды?
6. «Жан анам» әннің негізгі мазмұны кім туралы айтылады?

8. Үйге тапсырма:
1. Нұрғисаның өмірбаянын оқып келу.
2. «Жан анам» әнін сөзін жаттау.
3. Тыңдаған күйлеріміздің мазмұнына қарай шығарма жазып келу.
13 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры
Қазақстандағы ән - романс жанрына алғаш жол салған композиторлар шығармашылығына тоқталу, жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсенділігін арттыру.
Төл сөз. Нұрғиса Тілендиев
Төл сөз. Нұрғиса Тілендиев
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны туралы мағлұмат беру, оқушылардың сөздік қорын байыту, мәтін арқылы ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау, қазақша
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар. «НҰРҒИСА ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ САЗДЫ ЖҮРЕГІ» атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер.
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Нұрғиса Тілендиев "Әке туралы жыр"
Нұрғиса Тілендиев "Әке туралы жыр"
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.
Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кабешова Данагүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×