Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төл сөз. Нұрғиса Тілендиев

13 сәуір 2018, Жұма
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Төл сөз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны туралы мағлұмат беру, оқушылардың сөздік қорын байыту, мәтін арқылы ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау, қазақша сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, өнер адамдарын сүюге баулу, өнер құдіретін сезінуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, ойландыру, шығармашылық жұмыс, мақала құру, сөзжұмбақ шешу, топтастыру, аудару.
Сабақтың көрнекілігі: Н. Тілендиевтің суреті, өнер туралы сөздер, буклет, музыка.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Көктем айларын атаңдар.

II. Тіл дамыту кезеңі. Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1) Балалар, қазақ халқының аты аңызға айналған қандай музыка өкілдерін білесіңдер?
2) Ол кезде қандай аспаптармен сүйемелдеуші еді?
3) Алматыдағы ұлт аспаптар оркестрі кімнің атында?
4) Ол сазгер туралы не білесіңдер?

III. Ой шақыру.
Үнтаспадан “Аққу” күйін тыңдау. Оқушыларға қандай сезім ұялағанын айтқызу. Осы алған әсерлері туралы айтқызу.
Күйді тыңдай отырып:
- Керемет бір сұлулық сезім
- Тазалық сезім
- Пәндік сезім
- Бұл қандай күй екен?
- Авторы кім екен, кім біледі?
Ия, бұл Нұрғиса Тілендиевтің “Аққу” күйі екен.

IV. Жаңа сабақ (презентация және оқулық арқылы түсіндіріледі)
Сонымен, балалар, біз бүгін Халық қаһарманы, сазгер, халық әртісі, профессор Нұрғиса Тілендиевтің өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат аламыз. Нұрғиса Тілендиев Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Әкесі Атабай – күйші, шешесі ән айтуды жақсы көрген.
Нұрғисаның өнерге деген құштарлығына ата - анасының ықпалы тиген десек артық болмас. Ол бес жасынан бастап домбырада ойнап, он екі жасында оркестр құрамында болған.
Тілендиев Ұлы Отан соғысының ардагері. 1947 - 1950 жылдары Алматы консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. Ол “Қыз Жібек”, “Менің атым Қожа”, “Қилы кезең” фильмдерінің музыкасын жазған. “ Жан Сәулем”, “Куа бол”, “Құстар әні”, “Алатау” өлеңдерінің әнін жазған. 400 ән мен романстардың, 50 спектакльдердің, поэмалардың авторы.
Еркін төгілген әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос Тілендиев шығармаларына тән қасиет.

V. Сөздікпен жұмыс.
Қаһарман - герой, белгі - знак, ие болды - удостоен, аққу - лебедь.

VI. Грамматика. Төл сөздің тыныс белгілері. Өнер туралы сөздерді оқып, аудару (оқулық бойынша, 108 бет)
1 қатар – төл сөз басында келгенде
2 қатар – төл сөз ортасында келгенде
3 қатар – төл сөз сөйлемнің соңында келгенде мысал келтіру.

VII. Жазбаша жұмыс: 8. 3. 3. тапсырманы орындау. 109 бет.
VIII. Топтастыру.
Нұрғиса атамызға мінездеме берейік. Кластер құру.

Төл сөз, Нұрғиса Тілендиев. жүктеу
1 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар. «НҰРҒИСА ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ САЗДЫ ЖҮРЕГІ» атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер.
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.
Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кабешова Данагүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×