Торғай
Торғай
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан.
Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ, төрт тағандап бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Жел жол жағалауындағы қайыңдардың басын теңселтіп тұр еді. Балапан жаңа ғана өсіп келе жатқан сүйрік қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр.
Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп, иттің дәл алдына кеп қонды. Байғұстың зәресі ұшып, түсі бұзылып кеткен, жүнін үрпитіп пырылдап жүр. Иттің ақсиған тістері мен арандай ашылған аузынан қарай бір-екі рет тап берді.
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол бал бөбегі балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр - шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Оның көзіне ит қандай дәу болып көрінді десеңші.
Бірақ балапаны отқа түскенде, бас сауғалап, бұтақта отырып қала алмады. Оны өз ықтиярынан, өз еркінен басым бір күш жерге ұшырып түсірді.
Менің итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық жүрегінің күші мені таң қалдырды, мен жөніме кеттім. (И. Тургенев)

Жаңалықтар
Мазмұндамалар жинағы
Бұл жинаққа 1 - сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген
Үйрек балапанының мүсіні
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Тіл дамытуға арналған мәтіндер
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебінің Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбира Жасұланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.