Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қос жұлдызды майдангер

04 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылы
Айтжан Түркебаев атындағы орта мектеп мұғалімі

Қос жұлдызды майдангер
Сұраншиева Мейзамхан
Биыл 2015 жылы Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы. Бұл тек айтуға ғана оңай екенін барлығымызға аян.. Қазақстанның жастары осы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қарт жауынгерлер туралы естеліктерді оқып, таныдық. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет, осы мақсатты біршама іс - шаралар Айтжан Түркебаев атындағы орта мектепте де басталып кеткеніне біршама уақыт өтті. Әр сынып өздеріне берілген ардагерлердің өткен өмір жолдарын қастерлеп, дәріптеумен қатар әр түрлі кинолардан үзінділер көріп отырды. Қазақстанның мыңдаған жауынгерлер Ұлы Отан соғысына қатысып, Отан алдындағы борыштарын өтеді. Біздің мектебіміздің төрінде тұрған бұл тақтадағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін арнайы бұрыш ұйымдастырылған.

Баршаға мәлім, Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталып, соғыстан соң елге аман сау, кейбірі мүгедек болып та оралды. Соғыстан оралған жауынгерлер өз елін - жерін, ата - мекендеріне қуанышпен қайтып келді. Аман – сау оралған майдангерлер ауыл шаруашылық жұмыстарына белсене араласып кетті. Біздің ауыл көрікті құт мекен Жетісудың төрінде орын алған « Көлсай» мағындағы Саты ауылынан да Ұлы Отан соғысына көптеген азаматтар аттанып елге Жеңіспен оралғандарының арасында Қос «Қызыл жұлдыз» иегері Назаров Рысбай атамыз туралы сыр шертуді өзіміздің борышымыз деп білеміз. Назаров Рысбай Саты ауылында 1910 жылы дүниеге келген.
Рысбай атамыз жастайынан еңбекқор, ақкөңілдігінің арқасында жұмысқа ерте араласады. Колхоздың әртүрлі жұмыстарына араласады. 1941 жылы не бары 21 жасында өз борышын өтеу үшін соғысқа аттанады. Беларусия, Украина жерлерінде барлау ротасында қызмет етеді. Чехославакия, Югаславия тағы көптеген социалистік жолдағы мемлекеттерді жау қолынан азат етуге қатысады. Жау тылынан көптеген тілдер әкеліп, құпия ақпараттар алғызып, көптеген алғыс хаттар алды. Сонымен қатар соғыста көрсеткен ерліктері үшін бірнеше ордендер мен марапатталған.
1. Отан Соғысы Қызыл жұлдыз орденімен екі рет марапатталған.
2. Екінші дәрежелі даңқ орденінің иегері.
3. Отан Соғысы жеңісінің 10, 20, 30, 40 жылдық мерекелік медальдармен марапатталған.
1946 жылы Ұлы Отан Соғысынан ауылға жеңіспен оралады. Соғыстан кейінгі өмірінде жатпай – тұрмай колхоздың шаруашылық жұмыстарына белсене араласады. Колхоз председательі қызметін атқарады. 1950 - 60 жылдарда бригадир, завсклад, председательге көмекші жұмыстарын атқарады. Ауыл – шаруашылық, астық өнімдерін өндіруде қырманда басшылық қызметін абыроймен атқарады. Сол қызметтерінің арқасында облыс, аудан тарапынан ордень – медальдармен марапатталады.

Рысбай Назаров 1990 жылы 80 - нен асқан шағында, май айында дүниеден өтеді. Атамыздың артында қалған ұрпақтары осы ауылда өсіп өнуде. Бабаларымыздың зор еңбектерімен, ерліктері болашақ ұрпаққа үлгі өнеге болып, оқушылардың есінде мәңгі қалады. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігімізді, егемендігімізді алғаннан кейін жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында жұмыс жасап жүрген ұстаздарда қаншама.
1 952
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Ұлы отан соғысының басталуы және КСРО – ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары туралы мәлімет беру. 2. Ерлік батырлық, деген сөздерінің мәнін түсінуге үйрету.
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Джетимекова Сауле Аскеровна
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Атырау облысы, Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Адиева Жанылсын Саламатовна
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Отанды қоғау – интернационалдық борышың
Отанды қоғау – интернационалдық борышың
Астана қаласы, «Медициналық колледж» МКҚК оқытушысы Абылкасымова Рысалды Абдиразаковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×