Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылыми жоба, Қазақтың текті ақын - ана келіні

17 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Тақырыбы: Қазақтың текті ақын - ана келіні
Секция: «Қазақстандық 100 жаңа есім»
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ.............................................................................................. 1 - 2
1. 1. Өмірбаяны........................................................................................... 3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ................................................................................... 3 - 5
2. 1. Отбасы – бақыт мекені
2. 2. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы....................................................... 4 - 5
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................ 8 - 9
3. 1. Ақындық өнер – тәңірдің тартуы
ҰСЫНЫС................................................................................................. 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................... 10

Аннотация
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Қазақтың текті ақын - ана келіні»
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазіргі ұрпаққа тарихта елеусіз қалған аналарды дәріптеу.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1. Нәзира Қыдырбайқызының еңбектерін зерттеу мақсатында аналардың балаларына деген мейірімін көрсету.
2. Ұрпақтарының осындай тәрбие негізінде қазірде бір - бір отбасының ұйытқысы болғанын көрсету.
Ғылыми жобаның зерттеу нысаны: №27 орта мектеп

Ғылыми жобаның зерттеу әдістері: 1. бақылау
2. зерттеу
3. талдау

Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы:
Мен бұл ғылыми жобада зерттеу барысында мынадай нәтижені байқадым:
1. Ананың бойындағы қасиеттердің ұрпақтарына даруы.

Мен егеменді Қазақ елімнің Жас Ұланымын. Мен осындай Қазақ елінің жас ұрпағы болғанымды мақтаныш етемін. Біздер, Жас Ұландар, еліміздің ертеңгі болашағымыз. Мен сол себепті тарихы тереңде жатқан тәуелсіз елімнің тарихын, әрбір тұлғасын қастерлеп, қадірлеймін.
«Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.» - деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқан болатын. Бұл дегеніміз елімізде еңбектері елеусіз қалған тұлғаларды анықтап, 100 жаңа есімнің қатарына қосу деген сөз. Айналамызда қаншама еңбектері елеусіз қалған «ерекше тұлғалар» бар. Солардың бірі – өз бойларындағы таланттарын аша алмай, бар жігерлерін өз еліне адал ұрпақ тәрбиелеп, мейірімді жар болуға жұмсаған аналар. Мен осындай өнерге бейімі бар аналардың өмір жолдарын зерттеуді дұрыс деп ұйғардым. Және өз жұмысымды осындай аналардың бірі Қыдырбайқызы Нәзира әжеге арнадым. Бұл жұмысымды 3 бағытта жүргіздім.

Кіріспе
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,

Дүниеге сәби нәресте келді: бұлданып, жер тепкілеп жылап келді. Үнінде ырғақ бар. “Ырғақ бар жерде өлең бар” (Маяковский). Демек, жас сәби дүниеге жылап келген жоқ, әндетіп, өлең айтып келді. Ес жиып үлгірмеген сәби нәрестенің өзі өлең айтқасын өзгелерге не жорық, енді естиярлар ән салып, өмір түп - түгел өлеңге айналды да кете барды: әлдилеу — ән, әлпештеу — ән, ер жеткізу — ән, қыз ұзату — ән, келін түсіру — ән… Бірі — бесік жыры болса, бірі — жар - жар, бірі — бет ашар…— бәрі ән. Ол — ол ма, адамның өмірі ғана емес, өлімінің өзі өлең: жоқтау — ән, эпитафия — өлең…
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы, - деп Ұлы Абай атамыз айтқандай өлең шығару ауыр жұмыс. Өлеңді екінің бірі шығара алмайды.
Осындай ақын әжелеріміздің бірі Қыдырбайқызы Нәзира Досмахан келіні.
Қыдырбайқызы Нәзира Досмахан келіні (1929 - 1995) - 1929 жылы 18 - қыркүйекте Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүргенде өлең жазып, ауыл сахнасында халық әндерін, Балқы базардың терме - толғауларын орындап айналасына өнерімен танымал болған. Қисса - дастандарды («Көрғұлы», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобланды», Балқы Базардың және Тұрмағамбет Ізтлеуовтің дастандарын т. б.) жатқа білген.
Ұстазы Әбзәли Егізбаевтің «Дат» дастанын өтініші бойынша бір түнде дәптерге көшіріп беріп, шығарма мәтінін есінде сақтап қалған. Сол туындыны жиі орындап балаларына әңгіме қылатын. (Қызы Райкүл көп жыл өткен соң «Дат» дастанын орыс тіліне аударған).
Балқыдан шыққан шешен Қара Достың алтыншы ұрпағы. Немере ағалары Байнияз Желдірбаев, Мырзағали Ақжолов – аттары облысқа, республикаға белгілі – айтыскер ақындар. Осы ағаларының өлең жазуға үлкен ықпалы болған. Жеңгелерінің қойған аты «Жырау қыз». Нәзира Қыдырбайқызының өмірбаянымен терең танысу үшін оның үлкен қызы Рабиға апайдан сұхбат алдым.

Негізгі бөлім
Менің ғылыми жоба тақырыбым «Қазақтың текті ақын - ана келіні». Бұл тақырыпты таңдаған себебім Қыдырбайқызы Нәзира өлең шығарумен қатар, өз жұмысының маманы, артында қалған ұрпақтарына жақсы тәрбие беріп, келіндік міндетін бұлжытпай орындаған.
Мен Нәзира әже туралы өзімнің сынып жетекшім Айдана апайдан ең алғаш білдім. Сол сәтте мен ол кісіні зерттей бастадым. Өкінішке орай ол кісі қайтыс болған. Бірақ оның артында қалған ұрпақтары маған көмектесті.

7 сынып оқушысы Бағдатова Жазира
№27 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Файзуллаева Айдана Хамитбекқызы

Ғылыми жоба, Қазақтың текті ақын - ана келіні. жүктеу
4 354
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән - өлеңдер.
Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән - өлеңдер.
Шөмішбай шығармаларындағы ғибраттық мәні бар асыл сөздерді ұрпақ санасында мәңгі сақтауға үлес қосу. Ақын өмір сүрген қоғам мен бүгінгі күнді байланыстыра қарастыру арқылы дәуір сабақтастығын ашып көрсету.
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Туғызып ұлы арманның ұлы күнін, Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн, Келіп еді мойындатып күллі әлемге Текті елдің тағы да бір ұлылығын.
Қыз Жібектің тұмары
Қыз Жібектің тұмары
Халқымыздың көне қиссасы жайлы деректерге тоқтала отырып ой қозғау. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу, насихаттау.
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай өмірінен қысқаша мәлімет алады, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді
Бидай өсіру
Бидай өсіру
СҚО, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебі Жобаның авторы: Ибраева Толқын, Салықбаева Тамила Жетекшісі: Касимова Райхан Баймырзақызы
Абай оқулары
Абай оқулары
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×