Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орта тас ғасыры (мезолит)

26 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Орта тас ғасыры (мезолит)

Конспект
Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит дәуірінің басты жаңалығы садақ пен жебе болып есептеледі.
Бұл дәуірдің үлкен жаңалығының бірі — ұзындығы 1 - 2 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал (микролит).
Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 20 - дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.
Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырып құрылып, үстінен аң терісін жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40 - 60 шаршы метр болатын осындай баспана табылды.
Б. з. б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда жылы үй салу аса қажет болмады.
Палеолиттің соңы мен мезолиттің басында үлкен табиғи - климаттық өзгерістер жүріп жатты. Жер бетін басқан алып мұздық еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады. Мезолит дәуірі б. з. б. 12 - 5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктерді еге бастады. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты.
Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары (инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан, садақ атудан, ал қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.
Егіншіліктің шығуы әйелдер еңбегіне байланысты болған. Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты, кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егінді оратын тас орақты және дәнүккішті жасады.

Конспект сұрақтар
1. Бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болған шаруашылық:
2. Балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы:
3. Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:
4. Мезолитте болған үлкен климаттық өзгеріс:
5. Аңшылардың жеңіл қос секілді баспаналары болған кезең:
6. Қазақстан жерінде археологиялық ескерткіштер аз табылған кезең:
7. Садақ, жебе, микролиттің пайда болуы басты жаңалық болған дәуір:
8. Мезолит дәуірінде қауым қандай топтарға бөлінді:
9. Мезолит дәуіріне жататын тұрақты көрсетіңіз:
10. Орта тас ғасыры (мезолит) қай мыңжылдықтарды қамтиды:
11. Қай кезеңде ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты:

Тақырыптың тесті

Орта тас ғасыры (мезолит). жүктеу
6 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа тас ғасыры (неолит)
Жаңа тас ғасыры (неолит)
Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық - түлікті өздері өндірді.
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Қазақстан тарихы 6 - сынып ҰБТ 1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі 2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі. Тобыр 3. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу
Мезолит заманының табиғи - климаттық жағдайы
Мезолит заманының табиғи - климаттық жағдайы
Орта тас ғасырының ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы әңгімелеу, сызба түрінде түсіндіре отыртып, оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Орта тас (мезолит) ғасыры
Орта тас (мезолит) ғасыры
Тарих пәні мұғалімі: Бесбаева Анара Сауытбекқызы
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Игембаева Гүлзат
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптары. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуір)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×