Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мезолит заманының табиғи - климаттық жағдайы

24 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мезолит заманының табиғи - климаттық жағдайы
Сабақтың мақсаты:
1. Орта тас ғасырының ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы әңгімелеу, сызба түрінде түсіндіре отыртып, оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: ауызша баяндау, топпен жұмыс, постерлер қорғау, топтастыру,
білім қабырғасы стратегиясы.
Көрнекілік: смайликтер, бағалау парағы, сызба, суреттер, карта.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі – оқушыларды дөңгелетіп тұрғызып тілек айтқызу.

II Үй тапсырмасын сұрау - сұрақ - жауап арқылы топқа бөлу
1. Адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыт қалай аталады?
2. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі организмдердің ішіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы кім?
3. Мезолит дәуірінде паналаған баспана түрі?
4. Алғашқы адамның кәсібінің бір түрі?
5. Алғашқы кезеңдегі алып аңның бірі?

1. Аң аулаудағы қысқа сапты ағаш найза?
2. Қазақстанда қай өзеннің бойынан алғашқы адамдардың іздері табылды?
3. ТАС ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖҮЗІН ҰСАҚ ОЙЫҚТАР (АРАНЫҢ ЖҮЗІ СИЯҚТЫ) АРҚЫЛЫ ӨҢДЕУ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
4. Ас ішетін құрал?
5. Жаңа тас дәуірі қалай аталады?
1. Мезолит дәуірінде ине біздер неден жасалды?
2. Алғашқы кезде үстемдік еткен рулық белгі?
3. Қазақстан жерінен табылған тас құралдың бірі?
4. Мезолит жаңалығының бірі?
5. Алғашқы адам жер шарының қай бөлігінде пайда болды?
6. Мезолит дәуірінің ретушь әдісі арқылы өңделетін тас құралының бірін ата?
1. Мезолитте аңшылық үшін ағаштан өңделген құралдың бір бөлігі?
2. Макротастар дегеніміз не?
3. Ұшы сүйектен жасалған құрал?
4. Адамның аңдардан ерекшелігі неде?
5. Туыстық белгі бойынша топтасу қалай аталады?

1. Т - тас дәуірі
А - адам
Л - лашық
А - аң аулау
П - піл

2. Д - дротик
А - Арыстанды өзені
Р - ретушь әдісі
Ы - ыдыс
Н - неолит

3. М - мүйіз
А - аналық ру
Қ - қырғыш
С - садақ
А - Азия
Т - тесе

4. Ж - жебе
І - ірі тастар
Г - гарпун
Е - еңбек құралдары
Р - ру

Электронды тестер шешкізу топтарға

Бағалау парағы:

III Жаңа сабақтың жоспары топпен жұмыс постер мен қорғау
1. Күннің жылынуы
2. Мезолит заманының тұрақтары
1. Орта тас ғасырының ерекшелігі
Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи - климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазірге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.
2. Орта тас ғасыры (мезолит) б. з. б. 12 - 5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.
Микролит - ұзындығы 1 - 2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал
Б. з. б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады. Күннің жылынуы ендігі жерде бұрынғыдай үй салуды аса қажет етпеді. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады. 2. Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер
Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы.
3. Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды
1. Күннің жылынуының нәтижесінде:

2. Мезолит заманының тұрақтары:
Сабақты бекіту: Білім қабырғасы «Мезолит дәуіріндегі өзгерістер»

1. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
2. Мал өсірудің аңшылықтан қандай айырмашылығы бар?
3. Мезолит ескерткіштері Қазақстанның қай жерлерінен табылды?
4. Мезолит заманы тұрақтарының аз кездесуі нені білдіреді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §8. Мазмұндау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 175
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Орта тас ғасыры (мезолит)
Орта тас ғасыры (мезолит)
Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Қазақстан тарихы 6 - сынып ҰБТ 1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі 2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі. Тобыр 3. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу
Орта тас дәуірі (мезолит)
Орта тас дәуірі (мезолит)
Орта тас ғасырының ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы айту, сызба түрінде түсіндіру.
Орта тас (мезолит) ғасыры
Орта тас (мезолит) ғасыры
Тарих пәні мұғалімі: Бесбаева Анара Сауытбекқызы
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптары. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуір)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×