Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Конспект
Ерте заманда кеншілер темірді арнайы пеш - көрікпен өндірген. Тастан немесе шикі саз балшықтан салынған пештің астынан ауа үрлейтін көрік орнатылды. Пештің ішіне бірнеше қатар етіп салынған отын мен кен тасын қалап, отынды тұтатып, көрікпен ауа үрлеген. Темірдің шала қорытылған қиыршықтарын бөліп алып, төске салып, балғамен соғып, сом темір алған.
Геродоттың мәліметінше, сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған. Қатты суық болғанда ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылды. Бұдан басқа шикі кірпіштен салынған үйлері болған. Мал өсіруші көшпелі сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болды.
Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды. Жылқыны мініс көлігі ретінде қолданды. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген. Қойдың жүні киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүні пайдаланылды. Сақ малшылары өркешті түйе өсірген. Көшкенде түйені күш - көлік ретінде қолданған.
Сақтар ауа үрлейтін көрікпен пештің ең жоғары температурасын 1200 градусқа жеткізген. Кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін 1530 градус температура қажет. Сондықтан темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана алуға мүмкіндік болған.
Сақтардың соғысқа және аңшылыққа арнап күймелер жасаған. Күймелер екі доңғалақты және доңғалақтарының құрылысы әр түрлі болуымен ерекшеленген. Соғыс күймелеріне аттар жегілген. Жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйреген.
Конспект сұрақтар
1. Сақтар соғысқа арнап не жасады:
2. Көрік арқылы пештің температурасы жеткізілді:
3. Сақтардың негізгі шаруашылығы:
4. Сақтардың қыс кезінде тұратын баспанасы:
5. Ерте замандағы темірді өндіру тәсілі:
6. Шірік - Рабат қонысы қайда орналасқан:
7. Алматы маңынан табылған сақтардың құрбандық табағын көрсетіңіз:
8. Қай ежелгі тарихшының айтуынша сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған:
9. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын сақтар қалай көшіп отырған:
10. Сақтарда балық аулау кәсібі қай аймақтарда жақсы дамыған:
Тақырыптың тесті

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы. жүктеу
10 297
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап әскери демократиялық пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу, ерікті қауым мүшелерін тәуелді адамдарға айналдыру, таптар мен мемлекеттің қалыптасуы.
Сақ қорғандары
Сақ қорғандары
Адамдардың қоғамдық қатынастардың өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткіштеріне тоқталу;
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы Конспект Ертедегі деректерде үйсіндер “ағаш егіп, қалалар мен елді мекендер салған” - деп жазылған. Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау - бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының маңында орналасқан. Шу
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі Темирова Бақытгүл Акимадиновна
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
А.С. Пушкин атындағы №20 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Каленова А.Х.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×