Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

12 ақпан 2012, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаттың тақырыбы: “Жерді аялайық”

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.
Сайыс - сабақ түрінде өткізілгендіктен, экологиялық карта, экологиялық газеттер, киіз үй, қамшы, жалбыз, түрлі тастар көрнекілікке пайдаланылды.
Жер – Ана. /домбырамен сүйемелдеп, күй тартылып тұрды/. О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
1 – бастаушы.
Кең далам менің, кеңдігіммен керілген,
Тау тасымен табанды етіп өсірген.
Шөптері мен гүлдері, жұпар иісі аңқыған,
Өзендері мен көлдері анау, Сарыарқаның сазынан жаратылған.

(”Сарыарқа” әні хормен орындалды).
2 – бастаушы. Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. “Жерді аялайық” тақырыбындағы білім сайысы осы міндетті шешуге бағытталады.
Сайыстың тәртібі бойынша қатысушыларды алты адамнан 2 топқа бөлдім: ұлдар және қыздар тобы. Сұрақ қатысушылардың барлығына жалпы берілді. Қойылған сұрақтарға қай топ дайын болса, сол топ жауап беруге келісілді. Бірінші сұраққа ұлдар тобы жауап берді.

1 сұрақ. Халқымыздың тұнғыш ғалымы кім және ол кісі табиғат туралы не айтқан?
Ұлдар тобы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ол кезінде былай деген екен: “Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі.”

2 сұрақ. Бұл айтылғандарды пысықтау үшін қандай жыр жолдарын тілге тиек етуге болады?
Қыздар тобы.

Қасиетті сөз береді “Кие” деген,
Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.

3 сұрақ. Халық табиғаттағы өздері қастерлейтін жерлерді қалай атаған?
Ұлдар тобы. Халық табиғаттағы қастерлейтін жерлерді “Әулие бұлақ”, “Әулие ағаш” деп, қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстар мен жануарларды жақсылықтын жаршысы, бақыттың басшысы, тіршіліктің иесі деп олардың ұясын бұзбауға, балапандарын жәбірлеп, өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген, балапандайтын, төлдейтін кездерінде құстар мен жабайы андарды аулауға тыйым салған.

4 сұрақ. Қорқыт атаның артында қалған қандай өсиет сөздерді білесіздер?
Қыздар тобы. Қорқыт атаның өсиет сөздерінде айтылатын “Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын” деген ұғымдар – айналадағыңды аялай біл деген аталы сөз. “Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым” деген өлең жолдарында үлкен мән бар.

5 сұрақ. Қашаған ақын адам өмірінде орманның қаншалықты маңызды екенін қалай толғаған?
Ұлдар тобы:
Жаның сая табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Кәріп пенен қастерге
Қуат болған бұл – ағаш.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 172
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты
Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты
5 маусым - Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы
Табиғат – денсаулық мекені
Табиғат – денсаулық мекені
Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғау баршаның міндеті. Есімдікті қайталау
Табиғатты қорғау баршаның міндеті. Есімдікті қайталау
Түркістан қаласы, № 15 М. Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірәлиева Майя Жетыбайқызы
Табиғатты аялайық
Табиғатты аялайық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Қайратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×