Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Досы көпті, жау алмас

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы.
Тарих, география пәнінің мұғалімі
Нұрлыбек Раисұлы Кулкашев

Тәрбие сағаты: «Досы көпті жау алмас» /орта буын сыныптарға арналған/

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға достық туралы түсініктерін нығайту.
Дамытушылық: Өз көңіл - күйін сөзбен, қимыл, іс - әрекетпен көрсете білу іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Үлкендермен, құрбылармен сыйластық қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сағаттың өткізу түрі: топтық жұмыс, әңгімелесу, тренинг, сұрақ - жауап.

Сағаттың барысы: Мұғалім оқушыларды шеңбер жасап отырғызады. интербелсенді тақтада сабақтың тақырыбы және мақсаты жазылып тұрады. Әсем ән не күйдің үнімен көркемделінеді.

Кіріспе сөз: Достық адамдарды асқақтатады, ол жан тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі – берік әрі терең эмоциялық жақындық, ол адамдардың бір - біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынай болу, өзара тең мүдделік, бір - біріне терең сенім, қайғы мен қиындыққа өзара қолұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық туралы мағлұмат. Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі.

Осыған орай оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді., яғни ой бөліседі.
1 жүргізуші: Достық деген не? Дос деген кім? Достастық дегенімізді қалай түсінеміз?
/оқушылардың жауаптары/

2 жүргізуші: Достық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе?
/оқушылардың жауаптары/

1 жүргізуші: Достар! Біздің қазақ халқымыз ертеден өзіңнің қонақжайлығымен белгілі. Тарихтағы көптеген оқиғалар соған дәлел. Біздің елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүруде. Әрине ол біздің елбасымыздың жүргізіп жатқан бейбітшілік, достастық саясатына тікелей байланысты. Енді барлығымыз интербелсенді тақтасына назар аударайық.

Слайдтарда достық тақырыбында суреттер көрсетіледі. Әрқайсы мақал - мәтелмен не «қанатты» сөзбен ерекшеленеді.

Досы жақсының - өзі де жақсы.

Доссыз өмір – тұссыз ас.

Дос жылатып айтады.
Дұшпан күлдіріп айтады.

Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.

Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.

Адал - жаныңа дос,
Арам – малыңа дос.

Дұшпаннан бір сақтан,
Достан шыққан дұшпаннан мың сақтан.

Жолдасы да сай,
Жорғасы да сай.

Досын сатқанның сағы сынады,
Жауға сатылғанның бағы сынады.

2 жүргізуші: Осыған байланысты енді постер салу кезені өткізіледі. Сіздерге тапсырма: Достықты суреттеп көрсету /бір ерекше эмблема не басқа да сурет салу арқылы/ және оны түсіндіріп беру.

/оқушылардың постерлері, түрлі - түсті маркерлердің көмегімен./

1 жүргізуші: Келесі тапсырма: ситуациялық жағдайдың дұрыс шешімін айту. Мысалы: Сенің досың бір нәрсені бүлдіріп қойды /мектеп терезесін байқамай сындырып алды./ Бір - ақ ешкімге «тіс жарма» деп сенен өтінді. Мектептің іші у - шу. Кінәліні іздеуде. Сен не істер едің? Өтірік айтуға да болмайды бір жағынан, екіншіден – досыңды «сатқың» келмейді.

/оқушылардың пікірлері/

Қорытындылау:
Жолдас деген – еңсесі биік пана, мызғымайтын тас қамал, нәр суы сарқылмас берік қорған.
Жолдас деген – таусылмайтын рахат, қызық, еселей түсетін шаттығың, той - думанның көркі.
Жолдас деген - жүректің шамшырағы, көздің қарашығы, әулетті қолдың қуаты, медеткер тірегің.
Жолдас деген – қас дұшпанға қаһарлы айбының, достарыңның үміт - сүйеніші, жат алдында мақтанышың.
Жолдас деген – басыңа ауыр күн түскендегі таянышың, ауырып - сырқасаң, еліңнің басына қатер төнсе, жанын қияр серігін.

Рефлексия Оқушылар бір - бірін қолын ұстап достық туралы ән шырқайды. Осы әннен кейін бірнеше оқушы өздерінің осы сағат жөнінде ой - пікірлерімен бөліседі.
15 999
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Достық дегеніміз не?
Достық дегеніміз не?
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Екі дос
Екі дос
Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру. Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Сыйласаң - сыйлы боласың
Сыйласаң - сыйлы боласың
Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру Достық, туыстық, сыйластық қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Тарихи диктант
Тарихи диктант
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы. Тарих, география пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Раисұлы Кулкашев
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×