Көкөністер туралы ертегі
Көкөністер туралы ертегі
Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.
Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын.
Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.
Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.
Аққадаунды қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті көбейіп кетті.» - деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.
Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.
Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.
Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез - құлықтар адамдар өмірінде кездесе ме?

Жаңалықтар
Көңілді көкөністер
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Көкөністер туралы тақпақтар
Асханадан шықпаймын, Атым – пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Бақшада
Бақшада өсетін көкөністерді қайталау. Олардың қандай пайдалығы бар туралы сөйлесу. Фонетика, көптік жалғау, тәуелдік жалғаулары бойынша өткенді пысықтау.
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Жемістер мен көкөністер
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы, «Балауса» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Бекбосынова Жанат
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.