Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рахмет, Анашым!

02 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Рахмет, Анашым!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Шіркін! Осы бір үш әріптен тұратын «Ана» деген қасиетті сөздің құдіреті қандай десеңші!
«Ана» десе селт етпей қалар жан бар ма екен? Бізге жарық дүние сыйлаған ана емес пе? Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ағаш бесікке асылып бал бөбегінің тәтті ұйқысын тамашалап отырып, таңның да атқанын сезбеген шығар. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді.
- Иә, аяулы анамды көрген сайын осылай ойлаймын.
Күннен - күнге қара шашын қырау шалып, жүзіне әжім сызаты түскенін байқап: «Не деген қайратты, қажырлы, еңбекқор жан еді?»- деп таңданамын.
Ер жетіп, еңбек етіп, анама бір керемет сый тартсам екен деп армандаймын.
Ш. Қалдаяқовтың: «Сыйлар ем ай мен күнді, қолыма түспеді»,- деген әні еріксіз еске түседі. Ай мен күнді сыйласаң да артық болмас еді - ау.
Міне, қаншалықты қадірлі жан екені осыдан да көрініп тұрған жоқ па?
Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Халықта: «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген керемет нақылға айналған бұл сөзді, ешуақытта есімнен шығармай келемін.
- Иә, мен анам алдында әрқашанда қарыздармын.
Өмірде мен ұқсағым келетін бірде бір жан болса - ол менің анам. Ана үмітін әрқашанда ақтауға тырысамын. Асыл, анам, аман болшы қашанда!
Мен анама өзімнің жүрегімнен шыққан, мынадай өлең жолдарын тарту еткім келеді.
Ана керек бұл өмірде адамға,
Мейірім берген әрқашанда балаға.
Ана есімін ардақтайық ағайын,
Біз үшін ол айналған ғой панаға.
Төрде болсын алған орны әрқашанда ананың,
Мәңгі қалсын әрқашанда жүрегінде баланың.
Тілеушіңде, тіреушіңде бұл өмірде ол сенің,
Ана есімі сақталады мәңгі есімде менің.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
13 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстазым
Ұстазым
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның, Ұстаз деген - анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Білімі мен тәлімінен нәр алдың. Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы, Қасиеттеп бас иелік мәңгілік!
Анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар
Анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар
Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой.
Әлемді тербеткен ана
Әлемді тербеткен ана
Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған Ана деген сөзді естіген сәтте - ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң «Бауыр етім балам»,- деп ақ сүтін беріп, аялап, «Менің балам керемет»- деп мақтан
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Аялайық ананы!
Аялайық ананы!
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×