Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Расұл Ғамзатұлы — Ана тілі

05 қыркүйек 2019, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Расұл Ғамзаұлы — Ана тілі

Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешкім молам басында
Жарым қайда досым қайда кешегі
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ
Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де
Ана тілі ұлы менің өзіме.
Махмұт жырын оқу үшін жастауын
Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым алар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпы тас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!
4 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілің — арың бұл! Тіл туралы шығарма
Ана тілің — арың бұл! Тіл туралы шығарма
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.
Жаңа жылдық ертегі
Жаңа жылдық ертегі
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту. Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген. Музыкамен балалар залға кіреді.
Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры
Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Жарқыра шыршамыз, жарқыра!
Жарқыра шыршамыз, жарқыра!
Балалар біз жаңа жыл мерекесіне келдік. Жаңа жыл мерекесі Аяз атамен Ақшақарсыз қалай өтеді. Балалар мен біреудің даусын естіген сияқтымын. Ақшақар билеп кіреді.
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.
Менің Айға сапарым
Менің Айға сапарым
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Г» сынып оқушысы Жұмағали Дәулет Мұғалімі: Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×