Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен тест жұмысы

25 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
1. Қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар.
2. 40 әріп, 2 таңба бар.
3. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар:
- а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, э, и, у.
4. Жуан дауыстылар - а, о, ы, ұ.
5. Жіңішке дауыстылар - ә, ө, і, ү, е, э.
6. Ашық дауыстылар - а, ә, о, ө, е.
7. Қысаң дауыстылар - ы, і, и, ұ, ү, у.
8. Еріндік дауыстылар - о, ө, ұ, ү, у.
9. Езулік дауыстылар - а, ә, и, е, э, ы, і.

10. Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар:
- б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, т, с, ф, х, Һ, ц, ч, щ, ш.
11. Қатаң дауыссыздар - п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х, Һ.
12. Ұяң дауыссыздар - б, в, г, ғ, д, ж, з.
13. Үнді дауыссыздар - р, л, й, у, м, н, ң.
14. Шұғыл дауыссыздар - п, б, т, д, г, к, қ, ц, ч.
15. Ызың дауыссыздар - ф, в, с, ғ, з, ш, х, ж, Һ.
16. Ерін дауыссыздары - п, б, м, у.
17. Тіс дауыссыздары - т, д, с, з, щ, ц.

18. Тіс пен ерін дауыссыздары - ф, в.
19. Тіл ұшы дауыссыздары - н, л, ч.
20. Тіл алды дауыссыздары - р, ш, ж, й.
21. Тіл ортасы дауыссыздары - к, г.
22. Тіл арты дауыссыздары - қ, ғ, ң, х.
23. Көмей дауыссызы - Һ
24. Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар: - ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

25. Сөздің соңғы буынының жуан немесе жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғану заңдылығын буын үндестігі немесе сингармонизм деп атайды.

26. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп атайды.

27. Ассимиляцияның қазақ тілінде 3 түрі бар:
- ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
28. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығында алғашқы дауыссыз дыбыстың кейінгі дауыссыз дыбысқа әсерін тигізетін ережелерді қарастыратын дыбыс үндестігінің түрін ілгерінді ықпал деп атайды.
Мыс: ас - тық, тоқ - тық, күрес - кер

29. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсерін тигізетін ережелерін қарастыратын дыбыс үндестігінің түрін кейінді ықпал деп атайды.
Мыс: көз сал - көс сал.

30. Сөз тіркестерінің, біріккен сөздердің құрамында көршілес дыбыстардың бір-біріне ілгері-кейінді
әсер етуінен туатын өзгерістерді тоғыспалы ықпал деп атайды.
Мыс: Қазанқап - Қазаңғап, Есжан - Ешшан.

31. Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасын сөздің тура мағынасы дейміз:
Мыс: Бұл өмірден дос іздеп жүрмін.
32. Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасының
ауысып қолданылуын келтірінді немесе
ауыспалы мағына дейміз:
Мыс: Қызды ауылдың иті жатпас. (мақал)

33. Мағынасы ескіріп, күнделікті қолданылу тәжірибесінен шығып қалған сөздерді архаизм деп атайды.
Мыс: Әмеңгерлік, тасаттық, низам.
34. Мағынасы ескіріп, көнерген, бірақ кезіңде
қоғам өміріндегі, тарихындағы кезеңдерді
еске салатын сөздерді историзм деп атайды.
Мыс: кіндік - орталық, рабфак, ояз.

35. Қосарланып келген сөздерді қос сөздер дейміз.
Мыс: тәй - тәй, ептеп - септеп.
- Мәндес, қайшы мәндес, сыңар мәнді қос сөздер.
36. Жер - су аттарының, мекеме, ұйым атауларының қысқартылып қолданылуын қысқарған сөздер деп атайды.
Мыс: ІІМ - Ішкі істер министрлігі.
37. Екі немесе көп сөздің бірігіп, бір мағына беретін сөздердің түрін біріккен сөздер деп атайды.
Мыс: тоқсан, Ақсу, тасбақа, Жетісай.

38. Қазақ тілінде 8 сөз табы бар.
1). Зат есім - Кім? кімдер? не? нелер?
2). Сын есім - Қандай? қай?
3). Сан есім - Қанша? неше? нешінші? нешеу?
4). Етістік - Не істейді? не қылды? қайтті?
5). Есімдік - жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік есімдіктері.
6). Үстеу - Қайда? қашан? қайдан? қанша?
7). Шылау - септеулік, демеулік, жалғаулық.
- арқылы, үшін, кейде, әлде.
8). Одағай - көңіл - күй, жекіру, шақыру одағайлары.
- уҺ, аҺ, ей, жә, тәйт, шөк, кә - кә, ауқау - ауқау.

39. Қазақ тілінде 5 сөйлем мүшелері бар.
1). Бастауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.- кім? не?
2). Баяндауыш - сөйлемнің іс - әрекетін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. Қайтті? не қылды?
неше? қанша? кімі? несі?
3). Толықтауыш - қимыл - әрекетті білдіретін сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.- ілік септігінің сұрағынан басқа септіктердің жалғаулары жалғанып, сол септіктердің сұрақтары қойылады.
4). Анықтауыш - заттың, нәрсенің сынын, белгісін білдіреді.
- Қандай? қай? кімнің? ненің?
5). Пысықтауыш - қимыл - әрекеттің сынын, сапасын білдіреді - Қайда? қайдан? қашан? қалай? неліктен? неге? т. б.
- мекен, дара, күрделі, мезгіл, сын-қимыл, себеп, мақсат пысықтауыш.

40. Қазақ тілінде 7 септік бар.
1). Атау - кім? не?
2). Ілік - кімнің? ненің? қай? қандай? – ның/нің, дыі/дің, тың/тің.
3). Барыс - кімге? неге? қайда? – қа/ке, ға/ге, а/е, на/не.
4). Табыс - кімді? нені? – ны/ні, ды/ді, ты/ті.
5). Жатыс - кімде? неде? қайда? – да/де, та/те, нда/нде.
6). Шығыс - кімнен? неден? қайдан? қашан?- дан/ден, нан/нен, тан/тен.
7). Көмектес - кіммен? немен? қалай?- мен/бен/пен, менен/бенен/пенен.

41. Жіктік жалғаулары 3 жақ бойынша жекеше, көпше түрде жіктеледі.
Жекеше түрі:
І жақ - мын/мін, бын/бін, пын/пін:- мен бала - мын.
ІІ жақ - сың/сің:- сен бала - сың.
ІІ жақ - сыз/сіз: сіз бала - сыз.
ІІІ жақ - ол бала.
Көпше түрі:
І жақ - мыз/міз, быз/біз, пыз/піз:- біз бала - мыз.
ІІ жақ - сыңдар/сіңдер:- сендер бала - сыңдар.
ІІ жақ - сыздар/сіздер:- сіздер бала - сыздар.
ІІІ жақ - олар бала - лар.

42. Тәуелдеу 3 жақта және жекеше, көпше түрлерде болады.
Жекеше түрі:
І жақ - Менің әкем.
ІІ жақ - Сенің әкең.
ІІ жақ - Сіздің әкеңіз.
ІІІ жақ - Оның әкесі.
Көпше түрі:
І жақ - Біздің әкеміз.
ІІ жақ - Сендердің әкелерің.
ІІ жақ - Сіздердің әкелеріңіз.
ІІІ жақ - Олардың әкесі.

43. Көптік жалғаулар:
- лар, лер, дар, дер, тар, тер.
44. Түбірі етістік бола тұра, есімдерше тұлғаланатын етістіктің түрін есімше деп атаймыз.
45. Есімшенің 4 түрі бар.
1). Өткен шақтық есімше - қан/кен, ған/ген.
2) Осы шақтық есімше - шы/ші.
3) Келер шақтық есімше - ар,- ер,- р.
4) Ауыспалы шақтық есімше - а,- е,- й, тын/тін.

46. Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші етістіктермен тіркесу арқылы күрделі етістік тудыратын етістіктің түрін көсемше деп атайды.
1). Ауыспалы осы шақтық көсемше - а,- е,- й.
2). Өтке шақтық көсемше – ып,- іп,- п.
3). Келер шақтық көсемше – қалы/келі,- ғалы/гелі.

47. Табыс септігінің жалғауын қажет ететін етістікті сабақты етістік деп атайды.
Мыс: көр - үйді көр, бағала - білімді бағала.
48. Табыс септігінен басқа септіктердегі сөздерді қажет ететін етістікті салт етістік дейді.
Мыс: қуан, еркеле, ашулан, емдел.

49. Қимыл - әрекеттің іс істеуші адамға қатынасын білдіретін етістіктің түрін етіс деп атайды.
1). Өздік етіс - ын, ін, н.
- жу - ын, ки - ін, тара - н.
2). Өзгелік етіс - дыр/дір, тыр/тір, ғыз/гіз, қыз/кіз, ыр/ір,- т.
- киін - дір, жай - ғыз, кет - ір, боса - т.
3). Ырықсыз етіс - ыл/іл,- л, ын/ін,- н.
- көс - іл, есепте - л, сал - ын, көр - ін.
4). Ортақ етіс - ыс/іс,- с.
- ал - ыс, бер - іс, ұшыра - с.

50. Іс - әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.
51. Етістікте 3 шақ болады.
- Өткен шақ, келер шақ, осы шақ.

52. Іс - әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын білдіретін етістіктің шағын өткен шақ дейді.
1). Жедел өткен шақ - ды/ді, ты/ті.
2). Ежелгі өткен шақ - ып/іп,- п.
3). Бұрынғы өткен шақ - қан/кен, ған/ген.
4) Ауыспалы өткен шақ - хабарласатын, келетін.

53. Іс - қимылдың сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіретін етістіктің шақтарының бірін келер шақ дейді.
1). Болжалды келер шақ - ар,- ер,- р.
2). Мақсатты келер шақ - мақ/мек, бақ/бек, пақ/пек.
3). Ауыспалы келер шақ - шығады, билейді, жауады.

54. Іс - қимылдың сөз болып жатқан уақытта орындалып жатқанын білдіретін етістіктің шағын осы шақ дейді.
1). Нақ осы шақ 2 түрге бөлінеді.
а) Жалаң нақ осы шақ - отыр, жүр, тұр.
б) Күрделі нақ осы шақ - оқып жүр, сөйлеп тұр.
2). Ауыспалы осы шақ - а,- е,- й.
Мақтан - а - мын, өсір - е - сің. биле - й - ді.

55. Етістіктің іс - әрекетті орындатушымен, уақытпен байланысты жаққа, шаққа түрленуін етістіктің райы деп атайды.
56. Етістіктің 4 райы болады.
1). Бұйрық рай - сал, бар, тап, тыңда.
2). Қалау рай: а) Ерікті қалау рай - қы/кі, ғы/гі,
- сұрағым келеді.
ә) Тілекті қалау рай - қай/кей,
- байқағайсың, ескергейсіңдер.
55 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінің ережелер жинағы 1 - 11 сыныптар үшін
Қазақ тілінің ережелер жинағы 1 - 11 сыныптар үшін
Қазақ тілінің ережелер жинағы 1 - 11 сыныптар үшін 1. Қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. 2. 40 әріп, 2 таңба бар.
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Фонетика туралы түсініктері кеңейеді, еріндік, езулік дыбыстарды меңгереді. Азаматтық ұстанымдары күшейеді, дамиды.
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
СҚО, Петропавл қаласы №42 орта мектеп Оразалина Әсия Қабиденқызы
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×