Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәрілік өсімдіктер

07 қазан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Зерттеудегі көкей кесті мәселе:
1. Марқакөл қорығының дәрілік өсімдіктерінің пайдасын тереңірек білу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:
1. Марқакөл қорығының өсімдіктерінің жалпы жағдайын зерттеу.
2. Өсімдіктердің дәрілік маңызын тереңірек зерттеу.
3. Өсімдіктердің адамдар үшін пайдасын айту арқылы өсімдіктерді қорғау жолын қарастыру.
Ғылыми жұмыстың әдістемелік негізі:
Зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Мәліметтер жиынтығы:
1. Әдебиеттер жиынтығы
2. Ауылдың үлкен кісілерден сұрап білу.
3. Дәрілік өсімдіктерден дәрі жасау.

Ғылыми жұмыстың маңыздылығы:
Өсімдіктердің адам денсаулығына пайдасын айту әрі өсімдіктерді қорғаудың маңыздылығын түсіну.

Адамзаттың өсімдіктер дүниесіне әсері.
Адамзаттың өсімдіктер дүниесіне әсері.
Адамда өзінің іс - әрекетімен өсімдіктерге оң және теріс әсер етеді. Қазіргі уақытта қайта орнына қайтарылмайтын өсімдіктер планета бетінен жойылып кеткенін айту қиын. Алайда көптеген фактілер 30 мыңға жуық түрлі өсімдіктердің жойылғанын көрсетеді. Біздің елімізде 20 мыңға жуық түрі есептелген. Соның ішінде 60 пайызы шабындық жерлерде өсетіндер болып табылады. 530 - дай түрі қазіргі кезде сирек кездеседі.

Өсімдіктердің өсуі 2 есеге дейін кемуі мүмкін. Кейбір өндірістік қалдықтар жоғарғы токсикалығымен ерекшеленеді және өсімдіктердің құрғауына әкеледі. Бидайдың түсті металлургия орналасқан аудандарында өнімділігі 40 - 50 пайыз, ал олардың құрамындағы ақуыздың мөлшері 25 - 35 пайызға төмен. Өсімдіктерді жою және бүлдіру жиі байқалады. Мысалы, шабындық жерлердің, басқа да өндірістік қалдықтармен, қоқыстармен ластанған жерлер бар. Өсімдіктер дүниесіне сонымен қатар гүлдерді жаппай жинау, жүйесіз келулер мен табиғат аясында демалулар да әсер етеді.

МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ БАҒАЛЫ ӨСІМДІКТЕРІ
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Бұл аймақ Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай тауларының шегінде орналасып, Орта Азия - ның шөлді және жарты лай шөлді аймақтары мен, қазақ даласымен және орманды даламен шекаралас жатқандық тан өсімдік тер әлемі де таңғажайып алуан түрлі болып келуі де сондықтан.
Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар болса, Марқакөлде су және су маңы өсімдіктері, жоғары су өсімдіктерінің 30 түрі таралған. Көл жағасын бойлай қошқыл айрауық, қамыс тәрізді субидайық, торсылдақ және қияқөлең өседі. Таяз суларда өзен қырықбуыны, май қоға, жүзгіш жебежапырақ, келтебес, кәдімгі утамыр, үш құлақ кіші балдыршөп өседі. Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер басым болып келеді. Маусым – тамыз айында көлдің бетінде әдемі қызғыл түсті гүлдерімен көз жауын алатын қосмекенді таранды көптеп кездестіруге болады.

Марқакөлдің өсімдік жамылғысының басым бөлігін бағалы өсімдіктер құрайды. Дәрілік мақсаттағы өсімдіктерге қызғылт семізот, марал түбірі, шұғылық, шілтер жапырақты шайқурай, дәрумендік мақсатта қара және қою қара қошқыл қарақат, алтай ұшқаты, талшықтық мақсатта қосүйлі қалақай, сәндік мақсатта ала күлтелі қызғалдақ, бұйра лалагүл, биік тегеурінгүл, алтай күнгелдісі, тері илеуге қолданылатын кәдімгі қымыздық, тікенді итмұрын, инсектицидтік шыралжын жусан, дәрі бәрпісі, желім алуда пайдалынатын Алтай шырышы, жем - шөптік еркек суоты, айрауық, крахмал алынатын май қоға, бояу мақсатында пайдаланылатын ат қымыздық, дәрі шелнасы, шайыр алуда пайдаланылатын сібір қарағайы, бал - шырынды өсімдіктерге кәдімгі топырақбас, шегіршін лабазнигі, сабын өндіруде қолданылатын дәрілік сабыншөп, тағамдық мақсатта алтай жуасы, алтай рауғашы, сәндік бұйымдар жасауда қолданылатын қара өлеңшөп, сабау тал, арамшөптік терістік тасшыгүл, Еділ қоңыраугүлі, сібір теңгежапырағы, құрылыстық сібір қарағайы, қотыр қайың, техникалық қаракөк тал, отындық сібір шыршасы, сібір самырсыны, қотыр қайың, эфир майлы кермек жусан, улы тасжапырақ күймесгүл, кәдімгі утамыр, тау бәрпісі танылған. Марқакөл көлінің гидрологиясында, су жануарлар өмірінде су және су маңы өсімдіктерінің маңызы өте зор.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 315
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту; оқушыларды табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету.
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Өсімдіктердің шипалық қасиеті
Өсімдіктердің шипалық қасиеті
Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері туралы тереңірек мағлұмат беру, дәрілік мақсатта қолдану тәсілдері жайлы білімдерін дамыту.
Қызыл мияның емдік қасиеті
Қызыл мияның емдік қасиеті
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағат ұлататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер Мақсаты: А) білімділігі: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, білімдерін кеңейту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×