Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамырын жайып тереңге

11 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге

Сабақтың мақсаты: - отбасы құндылықтары, ата - баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы білімдерің кеңейту.
Көрнекіліктер: мақал - мәтелдермен карточкалар, слайд

Шаттық шеңберіңде оқушыларға сөзі: Б. Тәжібаевтың, әні: Е. Хасанғалиевтің
"Ауылым - әнім" атты әні орындауын ұсынылады.
Әңгімелесу оқулық бойынша жүргізіледі.
1. Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдіресіңдер?
2. Отбасы мүшелерінің ой - ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санаса білесіңдер ме?
3. Отбасыдағылармен пікірлерің, көзқарастарың тоғыса ма?
Ал алуан түрлі болса ше?
4. Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

Отбасынан бастау алар Отаның
Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлағын.
Бұлақ суын қанып ішсе жас өркен,
Қаулап өсер терең жайып тамырын дей отырып
оқулықта берілген П. Джон «Боз орамал» атты әңгіме бойынша Төлекова Марияның слайды көрсетіледі.

Әңгімелесу:
1. Әңгімені тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Жасөспірім ата - анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
3. Оның сағынышының сыры неде?
4. Ата - анасының ұлына деген сезімдерін сипаттап беріңдер?
5. Әңгіменің басты идеясы қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушыларға топпен мақал - мәтелдерді құрастыру тапсырма беріледі
аға Алты болмас, әке бірігіп
ана жеңге бірігіп Жеті болмас.
ата - анасы. ұстазы бас Баланың
не қылсаң, Атаңа келер. алдыңа сол
күйік. Баланың жақсысы - жаманы - қызық,

Дұрысы:
Алты аға бірігіп әке болмас
Жеті жеңге бірігіп ана болмас

Баланың бас ұстазы ата - анасы
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.

Ата - анаға деген құрмет діни әдебиеттерде де жазылған.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады
«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаң, содан соң әкеңе жақсылық жаса»; «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер»; «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың»; «Кімде - кім ата - анасының ризалығын алған болса, Алла оның өмірін ұзартады».

Біздің дініміз де Ананы бәрінен де артық ардақтауды талап етеді.
Халықтың дәстүр қағидаларында да мынадай жазылмаған заңдар бар!
● Ата - анаға қарсы сөз айтпайды.
● Өз ата - анасын жамандамайды.
● Ата - анасы алдында, ақсақал, әйел алдында қанша ашуланса да, балағат сөз айтпайды.
Әр адам мұны бұлжытпай орындауы тиіс.

Атақты адамдардың ата - ана туралы айтылған ұлағатты сөздер:
1. Ата - ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. Ғ. Мұстафин.
2. Ата - ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес. Ғ. Мұстафин.
3. Ата бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.
А. С. Пушкин
4. Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата - ананың абыройы, жаманы – қайғысы, азап соры.
В. А. Сухомлинский

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы,
Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінің
психолог - өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Ниязова Светлана Тоқтарқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 231
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Циклограмма (бір аптаға)
Циклограмма (бір аптаға)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым - қатынас және көтеріңкі көңіл - күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру; отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық. Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Отбасы
Отбасы
Отбасы мүшелерінің мінездері туралы сипаттайтын ережесімен таныстыру және себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыра алуларына үйрету
Тамырын жайып тереңге
Тамырын жайып тереңге
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің педагог - психологы Сейітова Гүлзада Пернебековна
Қазақ отбасы
Қазақ отбасы
Ақсу қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Курлеутова Г. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×