Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ отбасы

26 мам 2014, Дүйсенбі
Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға қазақ отбасындағы дәстүрлер туралы мәлімет беру.
2. Дамытушылық: балалардың біліктері мен дағдыларын дамыту (сөйлеуі, әңгіме айтуы, мәнерлеп оқуы).
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қайталау, жаттықтыру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау арқылы, жаңа тақырыптың атын, мақсатын ашу.
Сұрақтар.
Ата деген кім? (әкенің әкесі)
Қазақта шаңырақ иесі деген бар. Ол кім? (ұл бала - ұрпақ жалғастырушы)
Ұл бала үлкен болса «аға», ал кіші болса кім болады? (іні)
Ұлдар үшін қыз бала кім болады? (қарындас)
Немере, шөбере дегендер кім? (немере - ұлдың баласы, шөбере - немеренің баласы)
Жиен деп кімді айтады? (қыздан туған баланы айтады)
Нағашы деген кім? (балалардың анасының төркіні)

ІІІ. Жаңа тақырыпқа көшу
а). Баланың бас ұстазы кім деп ойлайсыңдар? (ата - анасы)
Ата - анаға, балаға байланысты қандай мақал - мәтелдер жаттап келдіңдер?
Жаттап келген мақал - мәтелдерін (оқулықтың 45 бетіндегі) айтты:
1) Әке – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
2) Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
3) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. т. б.
б) - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ? (қазақ отбасы)
- Дұрыс айтасыңдар сабақтың тақырыбы «Қазақ отбасы»
в) Сабақтың мақсатын ашу үшін сұрақ қойдым.
- Бұл тақырыпты не үшін оқимыз? (қазақтың салт - дәстүрін білу үшін)

ІҮ. Оқулықтың 46 бетіндегі «Ата - ана» деген мәтінмен жұмыс жүргізу.
а) Бір оқушыға оқыту.
б) Мәтінде не туралы айтылған?
в) Мазмұнын оқушыларға орыс тілінде айтқызу.
г) Мәтіннің мазмұнын ашатын үш сұрақ құрастырту, екі топ бір - бірлерінің сұрақтарына жауап береді.

Ү. Жаттығу жұмыстары.
№1. Тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, аударады.
Үрім - бұтақ,...
Қамқорлық,...
Міндет,...
Ата - ана,...

ҮІ. 46 – шы беттегі 2 - тапсырма. Мәтінді іштей оқып, оқулықтарын жауып қояды.
Мұғалім мәтін бойынша сөйлемдерді оқиды.
Оқушылар дұрыс болса Ш, бұрыс болса Ж деп хормен жауап береді.

№2 тапсырма.
1. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. (Ш)
2. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды. (Ж)
3. Қазақ отбасында қыз баланы құрметтейді.(Ш)
4. Қыз баланың орны ерекше емес. (Ж)
5. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалары да ананы сыйлаған. (Ш)
6. Әке мен шеше үйленген ұлдарына енші бермейді. (Ж)
7. Қыз тұрмысқа шыққанда қыздарына жасау бермейді. (Ж)
(Ж – бұрысына, оқушылар дұрыс жауабын айтады).

ҮІІ. №3 тапсырма. Мақал - мәтелдерді толықтырып, туынды етістіктерді табу.
Керекті сөздер: сыйламасан, жонар, пішер, ауылдас
1. Ұлың өссе, ұлы жақсымен... бол,
Қызың өссе, қызы жақсымен... бол.
2. Ата көрген оқ...
Ана көрген тон...
3. Өзіңді - өзің..., өзгеден сый дәметпе.

ҮІІІ. Өздерің отбасы туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
ІХ. Рефлексия жасау.
- Бүгін сабақта отбасы туралы не білдіңдер?
Оқушылар жауаптарын тақтада Венн диаграммасы бойынша көрсетеді.
(Жауаптары: отбасы құқығы, қазақтың салт - дәстүрі, әдеп - ғұрыптары, қазақ отбасындағы тәрбиелер).

Х. Балалар, қазақта «текті» деген тамаша ұғым бар. Текті дегеніміз – ары таза, өз халқы - ның салт - дәстүрін, әдептерін, ата - анасын құрметтеген адам.
Бүгінгі сабағымызды мына сөйлемдерді оқып, аударып, аяқтайық.
Тәрбие түбі – тектілік.
Халқымыздың болашағы – текті ұрпақ.
Осыны қалай түсінесіңдер?

ХІ. Үйге тапсырма
ХІІ. Бағалау
7 173
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар
Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар
Қазақтың әдет – ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата - анасын, бауырларын біліп қана қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа, нағашы және қайын жұрты болатындығын ұғындыру.
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Д. Қонаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Кыдырбаева Малика
Қазақ отбасы
Қазақ отбасы
Чаукерова Айнаш Айтахметқызы
Әже
Әже
КММ «№19 орта мектеп» Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева Гульшат Алихановна
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 сынып
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 сынып
Деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 – сынып. Біздің отбасымыз үлкен. Отбасында: әжем, атам, шешем, ағам, інім және сіңлім бар. Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста. Олар зейнеткерлер. Әкесі – суретші. Шешесі дәрігер болып жұмыс істейді. Ағам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×