Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаным толған жақсылық

26 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған
мамандандырылған гимназиясы.
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Шаймарданова Назигуль Тусуповна

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық

Тақырып бойынша түсіндірме:
Жақсылық, махаббат құндылықтары туралы түсініктер. Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасай білу іскерліктері жайында.

Сабақтың мақсаты: Балалардың “Сүйіспеншілік” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу;

Әдістер: әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: үнтаспа, тапсырмалары бар конверттер, ағаштың макеті.
Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері.
Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздерді “Шаттық шеңберіне” шақырамын. Сіздерге ашық, жарық, шуақты күн тілеймін.

2. Тыныштық сәті. (балалар диванға жайғасады, жайлы әуеннің үні естіліп тұрады)
Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 3 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар. Қолдарыңызды жан - жаққа созыңыздар. Терең дем алыңыздар. Жарайсыздар.

3. Әңгімелесейік
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасы сұралады:
- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде “Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансыңдар. Қанеки, кім бастап айтып береді?
Балалардың жауаптары тыңдалады:
Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

4. Мәтінмен жұмыс.
В. А. Сухомлинскийдің “Балалардың көз қуанышы” әңгімесімен танысайық.
Көктемнің жайма - шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.
Ал, биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып елестеді.
Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлде нелерді сұрады. Бала жылап тұрып, қартқа әлде нелерді айтқан болды.
Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. “Міне, қазір көктем екен”,- деп ойлады бала.
Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай бақыт!

Мұғалім: Шынында да жүрегі жұмсақ адам - ол адамгершілігі мол, адал, таза, әділ болып келеді. Егер адамның ішкі дүниесі таза болса, ол міндетті түрде айналасына шуағын шашады.
- Жылап тұрған балаға қарт адам не жайында айтты деп ойлайсыңдар?
- Баланың көңіл - күйі неліктен өзгерді?
- Басқа адамдарға жақсылық жасау саған бақыт сезімін сыйлайды деген пікірге қандай ой қосар едіңдер?

Мұғалім: Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың “Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе” деп айтқан.
1. Сергіту сәті.

2. Шығармашылық тапсырма.
Тақтаға мына сөйлемді жазып қояды, бұл шығармашылық тапсырмаға нұсқау ретінде көрсетіледі:

Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Балалар үш топқа бөлінеді, әрбір топқа бір конверттен беріледі. Конверттің ішінде тапсырма жазылған.
1 - ТАПСЫРМА: Әлемдегі бейбітшіліктің эмблемасын жасаңдар. (Суретін салуға болады, түрлі - түсті қағазды пайдаланыңдар) (Яғни жер бетінде жақсылық жасайтын адамдар неғұрлым көп болса, жер шарындағы өмір қандай болады.)
2 - ТАПСЫРМА: “Жақсылықтың бейнесін қалай көрсетер едіңдер”. (Сурет салуға болады, түрлі - түсті қағазды пайдалануға болады, сызба түрінде көрсетуге болады)
3 - ТАПСЫРМА: Отбасындағы бейбітшілік деген қандай болады? (бейнелеңдер, түрлі - түсті қағазды қолдануға болады, кесте, сызба түрінде көрсетуге болады).
(Балалар қағаздарға орындаған тапсырмаларын қорғайды)

3. Үй тапсырмасын беру.
 Оқулықтан М. Байділдаұлының “Ақ көгершін” әңгімесін оқыңыздар. Оның қандай өнегелік мәні бар деп ойлайсыз? әңгіме мәтінінен осы сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.

Балаларға жапырақтар таратылады, осы жапырақтарға балалар бүкіл әлемге деген тілектерін жазады.
4. “Жүректен – жүрекке” шеңбері.
 Жарайсыздар, балалар! Сіздер “Өзін - өзі тану” сабағында жақсы еңбек еттіңіздер. Ал қазір мен сіздерді “Жүректен - жүрекке” шеңберіне шақырамын. Ортада ағаш.
– Балалар, бұл ағаш бүкіл әлемдегі бейбітшіліктің символы деп білейік. Жаңа өздерің жазған тілектеріңді оқып, осы ағашқа іліңдер.
- Енді балалар, барлығымыз бір тілек айтайық:

Барша адамға күннің нұрын тілеймін,
Барша адамға сәби үнін тілеймін.
Бейбіт күн – жайқалған шөптерге,
Бейбіт күн – бар жанға, көктемге.

5. Сабаққа қатысып отырған қонақтарға естелік сыйлықтар тарату.
(Жүрекшелер)
9 068
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Дәйексөз. Ы. Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіремін. Яғни біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығыңды бұлдап, міндет етпеу керектігін айтамын. Адамға жақсылық жасаған соң
Отбасыңа жақсылық тілеймін
Отбасыңа жақсылық тілеймін
Мақсаты: Оқушылардың санасындағы «Отбасы», «Үй» ұғымдарын кеңейту, балалар бойында жанұядағы өзара жақсы қарым - қатынас пен татулыққа ұмтылуды қалыптастыру.
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы,Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Жансая Қонысбайқызы Қызметова
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×