Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаным толған жақсылық

22 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Қызылорда облысы, Арал қаласы,
№64 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Абишова Жанар Жұматайқызы

Өзін - өзі тану пәні 3 сынып
Тақырып: Жаным толған жақсылық
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Сабақ мақсаты:
Балалардың жақсылық, махаббат адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,
Дамытушылық: Жақсылық жасай білу іскерліктерін түсіндіру,
Тәрбиелік: Қайырымдылыққа ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар:, суреттер.
Пәнаралық байланыс: музыка.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.

2. Тыныштық сәті. Мен Нұрмын (релаксация)

3. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта біз адамгершілік қасиеттерінің бірі «мейірімділік» туралы әңгімелескен болатынбыз.
Айтыңдаршы балалар, мейірімді адам ол қандай адам?

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар, бойында мейірімділігі бар адамдар жан - жағына шуағын шашып тұрады. Мейірімділік жақсылық жасауға жетелейді.
Бүгін міне, жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
Мәтінмен жұмыс
Сұрақтар:
1. Жан - ана туралы не ойлайсыңдар?
2. Ауыл тұрғындары туралы пікірлерің қандай?
3. Ауыл тұрғындарының орнында болсаң не істер едің?
4. Бұл әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

4. Дәйексөз.
Ы. Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіремін. Яғни біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығыңды бұлдап, міндет етпеу керектігін айтамын. Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек. Шын көңілмен, жанашырлықпен адал ниетпен жасаған іс. Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Істеген ісіңе ақы сұрама деген.
Бекіту
Балаларға тамшы салынған суреттерді таратып, әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып, жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып, әр бала жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.
адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік болып, адамдар бақытты өмір сүреді. Ал ол үшін біз жақсы адамның ісі мен жаман істерді айыра білуіміз керек. Жақсылықты тек адамдарға емес қоршаған орта, табиғат, жан - жануарларға, құстарғада жасаймыз.

5. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы
Мультфильмнен үзінді «Арман мен Сауран»
Қай кейіпкер ұнады?
Арман мен Сауранның қандай айырмашылықтары бар?
Адамның бойынан басқа қандай қасиеттерді байқауға болады?

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І топ: Жақсылық кемесін құрастырамыз.
ІІ топ: Жақсылық нұрын саламыз
ІІІ топ: Сурет бойынша. Кейіпкерлерге қандай жақсылық жасауға болады.
(Постер қорғау)

7. Топпен ән айту. « Біз бақытты балдырғандар» Сөзі: М. Әлімбаев
Әні: Ө Байділдаев
8. Үй тапсырмасы.
Дәптердегі «Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға сұрақтың жауабын жазып келіңдер.
9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Балалар көзімізді жұмып, жасаған жақсылықтарымызды есімізге түсірейік және жадымызда сақтап жүрейік.
4 743
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру; достық қарым - қатынаста болып үлкенді сыйлау, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту; бір - бірімен шынайы достықта қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Жақсылық, махаббат құндылықтары туралы түсініктер. Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасай білу іскерліктері жайында.
Жақсылықпен жаным дос
Жақсылықпен жаным дос
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы,Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Жансая Қонысбайқызы Қызметова
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×