Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мінез - адам көрсеткіші

12 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
«Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Байбекова Қарғаш Тельманқызы

Сабақ тақырыбы: Мінез - адам көрсеткіші
Мақсаты: оқушылардың мінез – құлық туралы түсініктерін кеңейту, мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, слайд, суреттер, нақыл сөздер.

Үй тапсырмасын сұрау.
Тыныштық сәті.
Оқушыларды тыныштандыру, өздерін еркін ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайлы отырады және көздерін жұмады. Баяу музыка әуені қосылады. Оқушыларға В. А. Сухомлинскийдің өсиет сөздері оқылады.
- Балалар, көзімізді жұмайық. Өмірімізге азық ретінде өсиет сөздерді Абай атамыз айтқандай естіген нәрсені ұмытпау үшін бар ынтамен ұғып, есте сақтап, ғибрат алып, ойланып, көңілге бекіту қажет екенін естен шығармайық!

Кішкентайыңнан - ақ уәдеге, антқа берік болуды үйрен. Уәдеге берік болу - сенің жеке басыңның абыройы екенін ұмытпа. Өзіңе - өзің ие бол. Өзіңе - өзің әмір етуді кішкентайыңнан үйрен. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге керек нәрсені атқаруға өзіңді - өзің үйрете біл. Адамдарға залымдық ойлама, оларды ренжітпе, жанын ауыртпа, мазасын алма, тыныштығын кетірме. Кінәңді сезіну - тәрбиелі адамның инабатты сезімі. Ол сенің арыңның ұяты, тазалықтың белгісі. Адамның адамшылығын қорлау, өзін ғана құрметтеуге тұрарлық адамға санап, басқаны шыбын құрлы көрмеушілік - жамандықтың зоры осы. Адамдардың жалқаулығы, салақтығы, ауырдың үстімен жүруге ұмтылуы - бұл да жамандықтың зоры. Пайдакүнемдік - зор бәле, бұл қасиетпен адам шыншыл, адал бола алмайды. Жасыңнан қанағат қылуды, үнемшіл болуды үйрен. Өзіңнің ғана емес, өзгенің, бүкіл қоғамның, барлық адамдардың қуанышы мен бақытына тән байлық сен үшін де қымбат болуы тиіс. Зор бәленің бірі - қызғаншақтық, жолдасыңның жеткен табыстарын қызғанба, қайта қуан. Бірақ қуана отырып, одан озуға тырыс!

Әңгімелесу
«Ойланайық, пікірлесейік «айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады.
Адам бойында қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады.
Өз мінезің туралы не айтар едің?

Мәтінмен жұмыс
А. Құнанбаевтың өлеңін оқып, талдау, оқушы пікірін тыңдау.
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.

Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
Өз бойыңдағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?
«Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,- деп таусылыпты Абай. Сіздер ше, келісесіңдер ме?

Сахналау
«Қазіргі заман кеселі» көрініс.
Сахналық қойылымнан қандай ой түйдіңіз, ойыңызды ортаға салыңыз.

Назар аударыңыз
Бальтаср Грасианның нақыл сөзін оқып, талдау.
Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі - істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі - жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.

Дәптермен жұмыс. Оқушылар дәптердегі кестені толтырады.
Мінезімнің жақсы жақтары
Мінезімнің міндері

Тапсырма
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндіріп, ойыңызды ортаға салыңыз.
Адамның адамшылығы ақыл мен ғылымда, жақсы ата – анадан, жақсы құрбы, ұстаздан. (Абай)
Адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. (Абай)
Мінез - құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айнасы. (И. Гете)
Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады. (Демокрит)

Шығармашылық жұмыс
Мінез түрлерін ата. Досыңа, парталасыңа, жалпы сыныпқа мінездеме беріңіз.
Жүректен жүрекке
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өркеніңді өшірерсің, - деп Қазыбек би бабамыз айтқандай, жүрегімізді тыңдап, ақылға салып, жүректен шыққан жылы сөзді жүрекпен қабылдайтын, қоғамның зиялы азаматтары болыңдар!
4 529
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қайыңды ауылы, «Қайыңды орта мектебі» КММ Жансая Нұрсанова
Жақсы мінез-жан сұлулығы
Жақсы мінез-жан сұлулығы
Мақсаты: а) оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту. б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
ШҚО,"Зырян қаласы, №9 орта мектеп"КММ өзін - өзі тану пәні мұғалімі Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Мінез-көңіл айнасы
Мінез-көңіл айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×