Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мінез - адам көрсеткіші

28 маусым 2014, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің құндылықтарын түсіндіру, мінез адамның ең негізгі көрсеткіші екенін дәлелдеу.
Міндеттері:
- Жақсылық пен жамандықты саралай білуге үйрету;
- Жақсы мінез туралы айта отырып, жақсылықты жасау, оны қолдау, жаман мінезді тізгіндеу адамдық міндет екенін түсіндіру;
- Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің қоғамға кері әсер ететінін, адамның өзін - өзі дамытып тәрбиелеудегі алатын орнын түсіндіру;
- Өзіне - өзі сыни көзқараспен қарау дағдыларын дамыту;
- Өзінің мінез - құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқаруға, жақсы әдеттерін көрсете алуға, жақсы қасиеттерге ұмтылуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: тыныштық сәті, релаксация, АРТ - терапия, шығармашылық жұмыс, топтастыру.
Пән аралық байланыс: әдебиет, музыка, сурет
Көрнекіліктер: үнтаспа, нақыл сөздер, жұлдызша - карточкалар, алма ағашының суреті салынған плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тыныштық сәті
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІҮ. Әңгіме /мұғалімнің сыйы/
Ү. Дәйексөз
ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Ү. Топтастыру
ҮІ. Ән айту
ҮІІ. Арт - терапия
ҮІІІ. Қорытындылау
ІХ. Үйге тапсырма І. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Тыныштық сәті /релаксация әдісі/
- Балалар, тыныштық сәтінен алған әсерлерің қандай?
- Ендеше, осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қ. Нақысбековтың «Жақсы мінез, жылы сөз» өлеңін және Абайдың «Ойға түстім, толғандым» өлеңін жатқа айту.
- Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші болады» деп ойлайсыңдар?
- Адамның жақсы мінезіне не жатады?
- Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
- Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыңдар?
- Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністер қандай?
- Өз бойыңдағы мініңіз туралы ойланып көрдің бе?

ІҮ. Мұғалімнің сыйы. «Әке мен бала» әңгімесін айтып беру.
Бір адамның мінезі шорқақ, кім - көрінгенге ұрынып жүретін сотқар ұлы болыпты. Оның мінезін қайтсем түзеймін деп басы қатқан әкесі бір күні ұлына айтады: бүгін күні бойы неше адамды ренжітсең, мына есікке сонша шегені қағып отыр». Сөйтіп бір апта өтеді. Ұлы әкесіне: «Әке, айтқаныңызды орындадым. Есікке шеге қағатын орын қалмады» дейді. Әкесі: «Балам, енді сол ренжіткен адамдарыңнан кешірім сұра, әлгі адамның кешірімін алған сайын шегені суырып отыр» дейді. Бір апта өтеді, бір ай, екі ай, уақыт өте береді. Бір жыл өткенде баласы әкесіне шегелердің бәрін алып тастағанын қуана хабарлайды. Сонда әкесі баласына: «Енді мына есікке қарашы, нені көріп тұрсың?...
- Осы әңгімеден не ой түйдіңдер?
Ү. Дәйексөз
Оқушылар тақтада ілінген дәйексөзді хормен оқиды:
Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе – ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. Ж. Баласағұни

- Нақыл сөзді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға фишкаларды таңдау ұсынылады (жапырақ, гүл, жұлдыз).
Тапсырма: Жақсылық – жан жадыратады тақырыбын қорғау. Жапырақ таңдағандар - Суретшілер тобы / сурет салу/, Гүл таңдағандар – Ақындар тобы /өлең шығару/, Жұлдыз таңдағандар – Актерлар тобы/Көрініс қою/ - ойлануға 5мин. беріледі.
Топтастыру әдісі: Мұғалім партасында жатқан карточкаларда адам мінезіне қатысты сөздер жазылған. Тақтада ілініп тұрған «Жақсылық» ағашы мен «Жамандық» ағашына осы карточкаларды ілу керек.
ҮІІ. Ән айту.
М. Мақатаевтың «Бақыт деген» әнін оқушылар орындайды./музыкамен бірге/
ҮІІ. Арт - терапия /рефлексия әдісі/
А4 қағаз бетіне әрқайсысы өздері жақсы көретін түстерді кисть қолданып шашыратады. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, қайтадан ашады. Арнайы салынғандай сурет шығады. Оқушылар өз суреттерін көргендегі ойларын айтады. Салынған объектілірге түсіндірме беру және туындаған ассоциацияларды талқылау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
Оқушыларға алманың суреттері салынған карточкалар таратылады. Олардың артына әркім өзінің атын жазады да, көршісіне ұсынады. Ол досының мінезінің жағымды жақтарын жазады. Осылайша айналып келіп әркім өзі туралы жазылған пікірді оқиды. Осы алмаларды тақтадағы «Жамандық» ағашына іледі. Ойларын қорытады.
ІХ. Үйге тапсырма
75 беттегі «Өзін - өзі бақылау» тапсырмасын орындап келу.
13 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектебінің Өзін өзі тану пәні мұғалімі Есбосынова Айнаш
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
ШҚО,"Зырян қаласы, №9 орта мектеп"КММ өзін - өзі тану пәні мұғалімі Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Мінез-көңіл айнасы
Мінез-көңіл айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×