Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырмалдылық және кеңпейілділік

24 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік
6 сынып
Оқушылар саны: 16
Сабақтың мақсаты: оқушыларға бауырмалдылық және кеңпейілділік ұғымдарының мәнін кеңінен аша отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту.
Міндеттері:
• Оқушылардың бір - бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;
• Кішіпейілділік, кеңпейілділік қасиеттерін дамыту;
• Ізгілікке, бауырмалдыққа, кеңпейілділік аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
• Топқа бөлу:
• Бауырмал
• Кеңпейіл

• 5 «Т» ережесін еске түсіру:
• Тәртіп
• Талап
• Тазалық
• Татулық
• Тыныштық

• Ресурстар: слайд, үн таспа, стикерлер, ақ парақшалар, түрлі түсті қарындаштар,

2. Тыныштық сәті
Орманға ойша серуен.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым - жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1 - 2 минут үзіліс жасауына болады).
Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым - жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

• Балалар тыныштық сәті ұнады ма сіздерге?
• Тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

• Балалар қазір 1 - 2 - ге тізбектей санап, 2 топқа бөлінейік.
• Орындарыңа отырыңдар, сабағымызды жалғастырайық.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
43 - 46 беттер аралығындағы М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» / М. Мағауин/
повестінен үзінді оқу. 2 - 3 оқушыдан мазмұнын сұраймын.
• Әңгіменің басты мағынасы, мәні неде?
• Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?
• Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?
• Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Қорытынды: балалар байқағанымыздай, бұл әңгімеден қазақ халқының бар ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқанын көруге болады.

- Бұл оқиға қай кезде болған?
- Шығармадағы басты кейіпкер Ахмет атаның
бойынан қандай қасиет байқадыңдар?
- Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
- Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

Тақырыбы мен идеясын ашу
Ахмет сөзі: - Неміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә,- деді Ахаң. – Алдымен тиянақсыз көк аспан, содан соң тұрлаусыз қара жер жаратылды. Аспандағы ауа қойылып, бұлтқа айналды.

Мектеп: «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалiм: Мазыбаева Б. Қ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 574
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Ар – намыс керек адамға
Ар – намыс керек адамға
Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Кеңпейілділік пен жомарттық
Кеңпейілділік пен жомарттық
Оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру. Жомарттық пен кең пейілділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдептілік, ұқыптылық, адалдық. Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Ізгілікке бастар жол
Ізгілікке бастар жол
- оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру; - оқушыларды ізгі іс істерге жетелейтін адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерін дамытуға ықпал ету; - мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.
Бауырмалдық және кеңпейілділік
Бауырмалдық және кеңпейілділік
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ. Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мазыбаева Бақыт Құдайбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×