Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кеңпейілділік пен жомарттық

10 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
5 - сынып
Тақырыбы: Кеңпейілділік пен жомарттық
Құндылық: дұрыс әрекет: Қасиеттер: жомарттық, қайырымдылық
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру.
- жомарттық пен кең пейілділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жомарттық пен кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
(тәртіп, талап, тазалық, ұқыптылық, қатынасын бақылау)
Сабақтағы жағымды күйге келу (әуенмен)

2. Әңгімелесу
- Кеңпейілділік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Қандай адамды кең пейілді деп айтамыз? Неліктен?
- Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?
- Адамның жомарттығы қандай іс - әрекетінен байқалады?
- Жомарттық жасау үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

3. Жағымды ой - пікір. (дәйексөз )
«Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білгін.»
Дәйексөзді және оқу ақпараты айдарымен берілген мәліметті оқып дәптерге көшіріп алу ұйымдастырылады.

4. Мәтінмен жұмыс
Жомарттық
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Патша өзінің уәзірлерін қалай сынады?
- Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?
- Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма?

Мұғалім сыйы Нағыз жомарттық (Аңыз әңгіме)
- Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың жомарттығын өзінің жомарттылығынан жоғары санады?
- Өздерің жомарттық танытқан кісілерді кездестірдіңдер ме?
Иә, балалар, адам бойындағы сезімталдық, қамқорлық қасиеттер - риясыз көңілмен өзінде барымен бөлісуге жетелейді. Ал зәру адамдарға қол ұшын беру – кеңпейілділіктің белгісі.

«Шамалған станциясындағы
қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ»
Мұғалім Г. А. Копбаева

Кеңпейілділік пен жомарттық. жүктеу
4 996
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ы. Алтынсарин “Атымтай жомарт” Жомарттық пен Сараңдық.
Ы. Алтынсарин “Атымтай жомарт” Жомарттық пен Сараңдық.
Әдеби шығармадағы байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық секілді ұғымдарды ажыратады, қорытынды пікірлерін дәлелдейді.
Ы. Алтынсарин "Атымтай жомарт"
Ы. Алтынсарин "Атымтай жомарт"
Салыстыра суреттеу дегеніміз - ұқсату арқылы адамның ішкі және сыртқы әрекеттерін байланыстыруға мүмкіндік беретіндіктен, заттар мен құбылыстарды салыстыра суреттеу. Қарама - қарсы суреттеу дегеніміз - антонимдес суреттеулер.
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Кеңпейілділік пен жомарттық
Кеңпейілділік пен жомарттық
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің педагог - психологы Сейітова Гүлзада Пернебековна
Бауырмалдық және кеңпейілділік
Бауырмалдық және кеңпейілділік
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ. Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мазыбаева Бақыт Құдайбергеновна
Бауырмалдық және кеңпейілділік
Бауырмалдық және кеңпейілділік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Көшербаева Гүлжан Ерболқызы Сабақтың тақырыбы: «Бауырмалдық және кеңпейілділік»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×