Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақиқат өзін - өзі тану мақсаты ретінде

16 ақпан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Ақиқат өзін - өзі тану мақсаты ретінде
Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл - ойы мен іс - әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Адам пайда болып, ойланып, «Мен кіммін? Адам үшін не жақсы? Адамның бақыты неде? Адамның маңыздылығы неде?», - деген сұрақтар қоя бастағанда, өзін - өзі тану да басталады.
Аристотель

Адамның белсенділігі мен шығармашылығы артып, оның атқарар қызметін еселетуде. Адамның өнері мен өніміне орай беделі мен берері анағұрлым тез артуда, талпынысы тың өрнек салуда. Өсіп өнген ел - жұрт – кең өрістегі өркениеттің жарасты отағасы, шаруашылықты жүргізудің тұтас әлеуметтік күші екеніне көзімізді жеткізуде. Ынтымағы жарасқандардың жүйелі ұмтылыстан ұтары мол. Бұл қажеттіліктен туындайтын құндылықтар. Өмір сүрудің жаңа мүмкіндігі адамның белсенділігінен туындайды. Адам атам заманнан бері өзін - өзі бақылап, бағалап, түйіндеп келеді, өзіндік шешімнен нәр алуда. Бірақ, адам белсенділігін әркім өз деңгейінде қозғап, әрқалай түсінді және түсіндіруде. Не демелік, адамдық өмірдің мәнісін, тұлғалық болмыстың негізін, кісілік қасиеттердің құндылығын, азаматтық сапаның сабақтастығын ұқпай жаңа мүмкіндіктің не екенін ұғыну, толықтыру екіталай. Адам құндылығы, оның қосымша құнынан айқын және әрдайым білінеді. Кез - келген адам жоғарыда қойылған сұрақтарға іштей жауап іздері анық. Мен де осы курсқа келіп дәл осы «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздеп көрдім. Мен бұл сұраққа жауап ретінде «Мен жеке тұлғамын, Мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімімін», - деген жауапты іштей қайталадым. Әрбір адам өз бойына рухани азық жинаса, өмірін ізгілік мұраттарға бағыттаса өмір даналығын түсінер еді. Кез - келген адамның мекен еткен елі, туып өскен жері болатыны сөзсіз. Дала перзенттері туып - өскен еліне деген сезіміне берік болады. Тамаша табиғаты, қонақжай халқы, салт - дәстүрі, өнері мен өрелі мәдениеті бар елдің ұрпағы екеніме мақтан етемін. Өз еліңді сүйе білу, елің мен жеріңнің тарихын, бабалар шежіресін білуге ұмтылу, бұл - менің ғұмыр тарихым, бағым мен барым, ұлт ұланы ретінде ұлағатты ұстанымым!

Мен Сарыағаш ауданы Абай ауылында 1983 жылы дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым сонда өтті. Мектепті бітіріп, Шырайлы Шымқалаға оқуға түстім. Студенттік шақ... Неткен қызығы мен шыжығы мол күндер еді. Сол қызығы мол шақтың аяқ асты өмірімді астаң-кестең етерін кім білген. Осы кезде Сырым Датұлының мына бір өлеңі есіме түсіп отыр:
Ағаңнан айырылсаң - қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң - асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң - жапырағыңның қурағаны,
Анаңнан айырылсаң - ағып жатқан бұлағыңның суалғаны,- деген екен.

Өзін-өзі тану мұғалімі Бакирова Аягоз Берикбаевна

Толық нұсқасын жүктеу
14 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Сүйіспеншілік - өзін-өзі тану қағидаты
Сүйіспеншілік - өзін-өзі тану қағидаты
«Өзін - өзі тану» білім беру бағдарламасы – жас өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесіне нәр беруші, ол – адамның өзін - өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі
Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі
Құндылықтардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру; Өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×