Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасылық құндылықтар

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
№ 19 сабақ Тақырып: Отбасылық құндылықтар
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық, жауапкершілік
7 сынып
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
- отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде түсіндіру;
- қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;
- оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: үнтаспа, суреттер, нақыл сөздер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын"
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру. №19 сабақ 74 бет
«Атасы мен әжесі» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау,
Сұрақтар:
Мұрат қандай құндылықтарды бойына сіңіріп өсті?
Сендердің отбасыларыңда ұрпақтар сабақтастығы сақталғанба? Әңгімелеп бер
Отбасыңның тарихынан не білесің? Ата - бабаларыңнан қандай асыл мұра (рухани) қалды? Сенің оған көзқарасың қандай? Сабақ барысын талқылау: 5 Т ережесін еске салу.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық

Атасы мен әжесі
Жәмила Аязбекова
Атасы мен апасы Мұраттың әпіл - тәпіл кезінде өз бауырларына салған. Өздері тұратын Үшаралына алып кеткен. Сол күндерден бастап Мұраттың апасы жасарып, күннен күнге ширап, бетіне қан жүгірді. Әке - шешесі қалада қалды. Шал - кемпір балалары аяқтарына тұрғанша деген көмегі ғой, бір жағынан, тұңғышын ата - анасының бауырына салатын ескіден келе жатқан дәстүр - салт еш сөкеттікке жатпайды, қайта жарасымды үйдің сәнін келтіретін әдет. «Немере баласынан да тәтті» деген ұғымның жаны бар. Немере сүйген ата - ананың жасы ұзарады, жаны жадырайды, ал бала ешқашан тасбауыр, өзімшіл болмайды. Бала күлкісін естіген, оның алғашқы басқан қадамын көрген, асты - үстіне түсіп әбігер болғандар жасармай қайтеді. Ата - бабаларымыз соны қалай білген: біз де сондай болып жетілсек арман бар ма?
Осынау бір түп - тамыры дана дәстүр, ата - бала - немере секілді ұрпақтың үш тармағын берік етіп бекітіп тастағандай. Ұрпақтың тармақтары қалай өсіп жетсе де, қандай жолдар қиясына жетелесе де, бұл байланыс, текті ағаштың тамырларындай оның тармақтарын діңнен бөліп жібермей, мықты тұғыр болып қалатыны анық. Ұрпақтар осылай үзілмей жалғасып, әр тармағы өз алдына мәуелеп шексіздікке ұмтылар, ал қазағымыз, Қорқыт ата айтқандай, өлмей өмір сүрері анық. Міне, Мұрат та ата - әжесінің қолында сөйтіп өскен. Өз жеріне, туған топырағына тамыр жіберіп жетілген. Кең дүниеге бала шақтан ойын арқылы, жайлау кештерінде бар ынтасымен еститін ертек - аңыздардан өз бойына елінің, ұлтының құнарлы нәрін сіңіріп келді. Ұрпақтан - ұрпаққа үзілмей айтылатын дала даналығы бала санасында жатталып қалған. Сондықтан да туған жерді қорғау, батырлар даңқы, көрші - көлемге қамқор болу, үлкенді сыйлау, досқа сенімділік деген атаулар ол үшін қанымен қоса қозғалған табиғи ұғымдар еді.

● Бала тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі қандай?
● «Осынау бір түп - тамыры дана дәстүр, ата - бала - немере секілді ұрпақтың үш тармағын берік етіп бекітіп тастағандай» деген тұжырыммен келісесіңдер ме? Неліктен?
● Сендердің отбасыларыңда ұрпақтар сабақтастығы сақталған ба? Әңгімелеп бер.
● Мұрат қандай құндылықтарды бойына сіңіріп өсті?
● Отбасыңның тарихынан не білесің? Ата - бабаларыңнан қандай асыл мұра (рухани) қалды? Сенің оған көзқарасың қандай?

№21 Жамбыл атындағы орта мектебі
Мұғалiм: Нұржанова Т.
6 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Жaқcылық жан - жaдыpaтaды
Жaқcылық жан - жaдыpaтaды
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×