Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - анаң - алтын тұғырың

05 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін – өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары 11 сынып
Тақырып: Ата - анаң - алтын тұғырың
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, достық.
Сабақ мақсаты: - Ата - анаң - алтын тұғырың тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
Білімділік: - ата - анаға деген қамқорлық сезіміне, ата - ананы құрмет тұтуға үйрету;
Дамытушылық: - ата - ананы қадірлеу, ардақтау, ана - ананың үмітін ақтауға баулу;-
Тәрбиелік: - махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
5 Т ережесін қайталау.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
1. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы сұрау.

3. Дәйексөз. Әке - асқар тау,
Ана - ағып жатқан бұлақ,
Бала - жағадағы құрақ.
Халық нақылы

4. Әңгiмелесу (сұхбат)
Ата - ананың қайсысы болса да баласына мықты денсаулық, бақытты, шат өмір тілейді. «Балам ер жетіп, елінің ер азаматы, халқының мақтанышы, абыройы, зор адамы, қажырлы қызметкер болса екен» дейді. Бүгін бесікте жатқан нәресте ертең, ер жеткен соң, еліне қызмет етеді деп қуаныш білдіреді. «Мал бақ, адал кәсіп ет, ел - жұртыңды шапқыншы жаудан қорға» деген халықтың тілек - мүдде ананың әуенді ән - өлеңімен жыр болады.
Ол сөздер: Халқыңды сүй, халқың үшін отқа түс - күймейсің, суға түс - батпайсың, әрқашан да халықпен бірге бол, бәрінен де халық мүддесін жоғары ұста, ел қорғауда және тұрмыс - тіршілікте халықтың ер - азаматы, қамқоршы ұлы бол, халық үшін ерінбей еңбек ет!- дегенді білдіреді. Сонда ол баланың өсе келе «дүниеге кірпіш болып» қалануын, өмірде, тіршілігінде шын мәнінде қызмет атқара алатын ер - азамат болып шығуын көздейді.

5. Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс.
1 – топқа: "Ата - анаң - алтын тұғырың" тақырыбына эссе жазу.
2 – топқа: Осы тақырыпта сурет салу
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі 1 - тапсырманы орындау.

6. Топпен ән айту. Ана туралы жыр
Сөзі Ғ. Қайырбековтікі
Әні Ш. Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

7. Үй тапсырмасы. «Ана махаббаты мен бала махаббаты» атты тақырыбына эссе жазып келу.
8. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Мұғалiм: Жаукенова Г.
Ата - анаң - алтын тұғырың. жүктеу
5 112
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Ата - анаң – алтын тұғырың
Ата - анаң – алтын тұғырың
Ата - ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу; Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа, тәрбиелеу.
Денсаулық – өмір негізі
Денсаулық – өмір негізі
Құндылық: денсаулық, адам, өмір Қасиеттер: қамқорлық, қадірлеу Сабақ мақсаты: оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Өзімді өзім танумен өсіп келем...
Өзімді өзім танумен өсіп келем...
оқушылардың өмірдегі ұстанымын болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Дәйексөз. Ы. Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіремін. Яғни біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығыңды бұлдап, міндет етпеу керектігін айтамын. Адамға жақсылық жасаған соң
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×