Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақтану - мақтаншақтық емес

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін – өзі тану пәнінен сабақ әзірлемесі
Сабақ тақырыбы: Мақтану – мақтаншақтық емес
Сабақ мақсаты:
Білімдік: оқушылардың кішіпейіл, қайырымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық: жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ағаш суреті, гүлдер, үнтаспа.
1) Шаттық шеңбері
Оқушылармен шаттық шеңберін құрып, амандасады.
Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің бір шумағын бірге айтады. (1 флипчарт)
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
2) Әңгімелесу
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, сұрақтарға жауап беру.
- «Мақтану» дегенді қалай түсінесің?
- «Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсың?
- Сендер қандай іспен мақтана аласыңдар?
Түйіндеу (мұғалім сөзі)
– Адам өз еңбегімен келген жетістіктерін дос, жақын, туыстарына айтып, өзінің қуанышын бөліссе, оның айыбы жоқ. Оны мақтану деп айтады. Бет алды істемеген істі, жасадым деп айту, кішкентай еңбегін үлкейтіп айту, қолынан келмейтін іске масаттану, өзін өзгелерден жоғары санау – мақтаншақтыққа жатады. Бұл адамды ұятқа қалдырады.

3) Мәтінмен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп, тізбектеп оқып, мақтану мен мақтаншақтықты ажырата білуге үйренеді. Мазмұныны айтады.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Алтын мүйіздің іс - әрекеті мақтану ма, мақтаншақтық па? Неліктен?
- Ол мақтаншақтығынан қандай қиындықтарға тап болды?
4) Дәйексөз (2 флипчарт)
«Мақтаншақ кісі - менмен кісі, менмендік - адамның міні»
Жүсіпбек Аймауытов
Мұғалім сөзі
Мақтаншақтық ұятқа қалдырып, ыңғайсыз жағдайларға душар етеді, өтірік айтып, өзін басқалардан ақылды санайды. Ол адамға ешкім жақындағысы келмейді. Сондықтан да үлгі боларіспен мақтануға болады, ал мақтаншақ болмау керек.
Ойын «Кішіпейілділікке адымдар»
Егер «Иә» деген жауап болса балалар алақан соғады.
a) мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдау;
б) әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге араласу;
в) қызға орын беру және үлкенге;
г) біреудің затын тартып алу;
д) үлкенге көмектесу;
е) жолдастарыңмен дөрекі сөйлесу;
ж) далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеру;
з) өтінішпен сұрау, талап етпеу;

5) Тыныштық сәті
Музыка тыңдау. Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуларына болады. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.

6) Топтық жұмыс
Әр топ өзіне берілген мәтінді сахналап көрсетеді.
1 - топ тапсырмасы
Үш оқушы бірігіп журналды қаптайды, бірақ Аян: Мен қаптадым,- дейді. Оған Адлет пен Тамерлан оған үндемейді. Мұғалім естуінше, үшеуі істегенін айтқанда Аян: Иә, үшеуіміз жасағанбыз, - дейді.

2 - топ тапсырмасы
Зубиля қалалық баскетбол жарысынан 2 орынды жеңіп алды. Сыныпқа келіп, «Мен екінші орын алдым»- деп айқайлады. Сынып оқушылары Зубилянің жеңісіне шаттана қуанды.
3 - топ тапсырмасы
Шаңғы тебумен айналысқанына үш күн болған Алихан достарына: «Мен ертең таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйренсем де, жаттықтырушым рұқсат етті»,- деді. Балалар оған күмәнданып, қарады.
7) Тапсырма
«Жарнама» ойыны
1-топ
2-топ
3-топ
Достарын жарнамалайды. Оқулықты жарнамалайды Өз сыныптарының жетістігін жарнамалайды
8) Жаңа ақпарат
Мақтаныш, мақтаншақ сөздерінің мағынасы ашып, түсіндіріп, неге жеткізетінін сызбаға түсір
мақтаныш мақтаншақ
Мақтаныш сезім өзімшілдік
менмендік

9) Дәптермен жұмыс Менің ойымша... айдарымен берілген бос жолдарға мақтану мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазады.
10) Жүректен – жүрекке
Сендер кімді мақтан тұтасыңдар? Жүрекшеге жазып, ағашқа жапсырады.
18 954
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша алған білімдерін бекіту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
Адам болу — арманым
Адам болу — арманым
Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. - Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
Ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау, қазіргі өмірмен байланыс жасау. Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Өлең мазмұнын меңгерту, идеясын ашу. Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып, оқушы бойына дарыту.
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Бауман ауылы. Өзін-өзі тану және ағылшын тілі пәні мұғалімі Карабаева Назгул Есимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×