Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Іздеген жетер мұратқа

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Іздеген жетер мұратқа

Мақсаты: оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету.
Міндеттері:
- оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
- Оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету;
- Еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктері: үнтаспа, Абайдың қарасөздері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: ой - пікір, сахналау, жауап беру.
Сабақтың барысы:
I. Шаттық шеңбері:
Оқушыларды шаттық шеңберіне ұйымдастыра отырып мына сөйлемді қайталау.
- Мен жайдары, ақкөңіл және белсендімін.
- Менің қолымнан барлығы келеді.
- Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
- Мен бақыттымын.

II. Ойланайық, пікірлесейік
Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
Ізденіс болмаған жағыдайда не болады деп ойлайсыңдар?
Ізденіс болмаған жағыдайда не болады деп ойлайсыңдар?
Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?
III. Мәтінмен жұмыс
Балалар өзара пікір алмасып, ой тұжырымдарын жасаған соң оқулықта оқып үйренейік айдарында берілген А. Мырзабаев, Д. Манатаровтың «Әйгілі химиктер» кітабынан алынған үзіндіні оқуға беру.
1. Ғалымды қандай қасиеттер алға ұмтылдырды?
2. Ғалымның табысқа жетудегі сыры неде?

IV. Оқу ақпараты
Оқушылар қарастырылған мәселені алынған жауаптармен байланыстыра, салыстыра қарау.

Адамның өз ынтасымен талап - мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныс, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтіреді,
Ұдайы іздеген адам өз бетімен білімнен жетілдіріп, өздігінен дами алады.
V. Назар аударайық
Абайдың «отыз бірінші сөзін» мұқият қарап шығып, балаларға жадында сақтап алу тапсырылады.
Абайдың ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күлі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер

VI. Сахналау
Берілген оқу материалдарының мазмұнына эмоциялық сезімділік күймен тиімді қабылдау үшін оқулықта Қ. Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлге бөліп, сахналап көрсету тапсырылады.

VII. Жаттығу
Қарасөзді оқып, түйінді ойларды іріктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп беріңдер.

. Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Түйінді ойлар Маңыздылығы
Адам өмірге есті болып келмейді. Ол үшін естіп, көріп, оларды ойға тоқу керек. Еңбектенуде,
Табандылықта

Білгені, көргені көп және оларды ойына тоқыған адамды білімді, ақылды десе болады. Талаптануда;
Қызығуда.

Берілген білімді, айтылған ақылды зейінімен, көңіл қойып тыңдап, ұғып алуға болады. Талаптануда;
Қызығуда.

VIII. Дәйексөз
Омар Һайямның нақыл сөзін талдап, сұрақтарға жауап іздеу.
Жүректің түртіп құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың?

- Сен кімсің?
- Сен өмірде нені бағалайсың?
- Не үшін өмір сүресің?

X. Үй тапсырмасы
“Талаптыға нұр жауар” шығарма

XI. Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Е. Өтетілеуовтің «Жас дәуірдің түлегіміз» өлеңін айтады.
31 392
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Абай туралы шығарма эссе
Абай туралы шығарма эссе
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын
Құдіретті Жер - Ана
Құдіретті Жер - Ана
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Жаман әдеттен сақтан!
Жаман әдеттен сақтан!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің мұғалімі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×